Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет32/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40

109
Қарағай  туысы – қарағай  тұқымдастарға  тиiстi,  Жер 
бетiнде  туыстың 100-ге  жуық  түрi  өседi.  Олар  негiзiнен 
Солтүстiк  Жартышарда  таралған.  Еуропа,  Азия  жəне
Америкада үлкен алқаптарда қарағай ормандары бар.
Өзбекстанда  қарағайлар  табиғи  жағдайда  өспейдi. 
Бiрақ  олардың 10-ға  жуық  түрi  Өзбекстанда  өте  тамаша 
сəндiк өсiмдiк жəне ағаш ретiнде өсiрiледi. Қарағайлардың 
өте көп таралғаны – кəдiмгi қарағай (92-сурет).  Кəдiмгi 
қарағай – бiр  үйлi  жарықсүйгiш  мəңгi  жасыл  ағаш. 
Ашық  жерлерде  өскен  түрлерi  өте  молбұтақты  жəне 
бөрiкбасы үлкен болады. Жапырақтары өркендерде 2-ден 
орналасқан, ұзындығы 5-7 см, ашық жасыл түстi. Кəдiмгi 
қарағай тұқымынан жақсы өседi.
Аталық  бүрлерi  көктем  айларында  жылдық  өркен -
дер iнiң төменгi бөлiгiнде масақтəрiздi тығыз «гүлшоғыр» 
түзiп  орналасады.  Бүрлердiң  ортасынан  өтетiн  бiлiкте 
оралма  пiшiнді  қабыршақтар,  қабыршақтардың  астыңғы 
бөлiгiнде тозаңдық орналасқан. Олардың iшiнде тозаңдар 
жетілiп, желдiң көмегiмен аналық бүрлерге ұшып өтедi.
Аналық  бүрлерi  бiреуден  немесе  екеуден  ұзын  өр-
кендердiң ұшында пайда болады. Бүрдiң ортасынан өткен 
бiлiкке аналық қабыршықтар бiрiгедi. Бұл қабыршықтарда 
2 тұқымбүршiк орналасады.
Кəдiмгi  қарағайдың  бүрлерi 2 жылда  же тiледi  жəне 
желдiң əсерiнен төгiле бастайды.
Қарағайлар  жоғары  сұрыпты  қағаздар  дайындауда 
жəне техникалық спирт алуға пайдаланылады.
1. Жалаңаштұқымдылардың өзіне тəн ерекшеліктері қан дай?
2. Арша діңі, бұтақтары, жапырақтары қалай түзілген?
3. Арша неліктен екіүйлі өсімдік деп аталады?
4. Кəдімгі қарағайдың белгілерін атап беріңдер.
1.  Арша мен кəдiмгi қарағайдың бүрлi бұтақтарын алып, олар-
дағы негiзгi белгiлерiн анықтап, салыстыр жəне суретiн сал.
2. Айналаға отырғызылатын жалаңаштұқымды өсiмдiктердi 
анықтап, олардан кеппешөп дайында.


110
§ 46. ЖАБЫҚТҰҚЫМДЫ   ӨСIМДIКТЕР
ТУРАЛЫ   МƏЛIМЕТТЕР
Қазiргi уақытта Жер шарындағы өсiмдiктердiң негiзгi 
бөлiгiн жабықтұқымды өсiмдiктер құрайды.
Жабықтұқымды өсiмдiктер дүниесiнiң басқа топтарына 
қарағанда жан-жақты, едəуiр күрделi түзiлген. Олар – гүлдi 
өсiмдiктер.  Ал  нағыз  гүл  жабықтұқымдылардан  басқа 
өсiмдiк  топтарының  ешқайсысында  болмайды.  Нағыз 
гүл –  гүлсерiктен, аталық пен аналықтан құралған.
Жабықтұқымды өсiмдiктерде тұқымбүршiк жалаңаш-
тұқымдыларға ұқсап бүр қабыршақтарының үстiнде ашық 
түрде емес, аналықтың түйiнi iшiнде, түйiн қабырғасымен 
оралған күйде жетiледi.
Тозаңдану  жəне  ұрықтанудан  соң  тұқымбүршiктен 
тұқым,  ал  түйiнен  жемiс  пайда  болады.  Жабық тұ қым-
дылардың тұқымы жемiс iшiнде жетiледi. Сондықтан да
бұл  өсiмдiктер  жабықтұқымдылар  деп  аталады.  Түйiн-
дердiң  iшiнде  жетiлетiн  тұқымбүршiктер  жəне  же мiс 
iшiнде  дамитын  тұқымдар  ортаның  қолайсыз  жағдайы-
нан:  суықтан  жəне  артықша  ыстықтан,  құрғақшылық 
пен артықша ылғалдылықтан, зиян кестерден жəне ауру-
лардан жақсы қорғалған.
Бұл  бөлiмге  тəн  ең  қажеттi  белгiлердің  бiрi –
қосарланып ұрықтану.
Жабықтұқымды өсiмдiктер тұқымының жақсы, ауруға 
шалдықпай  дамуы,  тез  жəне  жеңiл  таралуы,  сондай-ақ 
өсу  қабiлетiн  жоғалтпайтындығы  арқасында  өсiмдiктер 
əлемiнде бiрте-бiрте үстемдік ете бастаған.
Жабықтұқымды  өсiмдiктердiң  iшкi  құрылысы  да 
едəуiр  күрделi.  Мысалы,  олардың  тамыр,  сабақ  жəне 
жапырақтарындағы өткiзгiш ұлпалары ұзын, сүректенген 
өлi жасушалардан құралған түтiкшелерден тұрады.
Жабықтұқымды  өсiмдiктердiң  тiршiлiк  формалары 
əр  түрлi.  Олардың  iшiнде  бiр  жылдық,  екi  жылдық,  көп 
жылдық шөптер, шала бұталар, бұталар жəне ағаштар бар.


111
Қазiргi     уақытта       ғылымға       жабықтұқымдылардың 
250  000-нан артық түрi белгiлi. Бұл – басқа барлық өсiмдiк 
топтары түрлерiнiң жалпы санына тең дегенi.
Жабықтұқымды  өсiмдiктер  үлкен  екi  класқа – қос-
жарнақтылар  жəне  даражарнақтылар  класына  бөлiнедi. 
Бұл  кластардың  ортасындағы  айырмашылық  негiзiнен 
төмендегi бел гiлермен анықталады.
Даражарнақты  жəне  қосжарнақты  өсiмдiктердiң 
негiзгi айырмашылықтары.
Қосжарнақтылар:
1.  Ұрығы  қосжарнақты.  Өнiп  келе  жатқан  өсiмдiк 
топырақтан екi тұқымжарнақ жапырағымен шығады.
2.  Ұрық  тамыршасынан  пайда  болған  негiзгi  тамыр 
ұзақ мерзiмге немесе тiршiлiгiнiң соңына дейiн сақталып 
қалады.
3.  Жапырақ  алақаны  жүйкеленген  (қауырсынтəрізді
немесе алақантəрiздi).
4. Сабағы камбийлi, жуандай алады.
5.  Көбiнесе  гүлсерiгi  күрделi,  тос та-
ғанжапырақша лары  мен  күлтежапырақ-
шалары сақинада 4-5-тен орналасқан.
Даражарнақтылар:
1. Ұрығы тек даражарнақты. Өнiп келе 
жатқан  өсiмдiктегі  даражарнақты  жапы-
рақ, жердiң түбiнде қалады.
2.  Ұрық  тамыршасынан  пайда  болған 
негiзгi тамыр тез жойылады да, оның ор-
нын ұрық сабағынан өсiп шыққан бiр топ 
қосымша тамырлар иелейдi.
3. Жапырақ алақаны доға тəрiздi немесе 
параллель жүйкеленген.
4. Сабағы камбийсiз, жуандай алмайды.
5.   Гүлсерiгi  қарапайым,  күлтежапы-
рақшалары  сақинада 3-еуден  орналасқан 
(93-сурет).
93-сурет. 
Дара жəне 
қосжарнақты 
өсімдіктердің
айырмашы-
лығы


112
Сөйтiп, жабықтұқымды өсiмдiктерге гүлi, жемiсi жəне 
тұқымы бар шөп, шала бұта, бұта жəне ағаштар жатады. 
Бұл  бөлiм  қосжарнақты  жəне  даражарнақты  өсiмдiктер 
класына бөлiнедi.
1.  Жабық  тұқымды  өсiмдiктердiң  жалаңаш  тұқымды  өсiм-
дiктерден қандай айырмашылығы бар?
2. Қандай өсiм дiктер жабықтұқымды өсiмдiктер деп аталады?
3. Қосжарнақтылар  класына  жататын  өсiм дiктер  қайсы  бел-
гiлерiмен сипатталады?
4. Даражарнақтылар класына жататын өсiмдiктер қайсы белгi ле-
рiмен сипатталады?
5. Жабықтұқымды өсiмдiк тердiң адам өмiрiнде қандай маңызы бар?
1. Айналамызда  өсiп  тұрған  өсiмдiктерді  немесе  кеп пе-
шөптерді  пайдаланып,  жабықтұқымды  өсiм дiк тердi  жа-
лаңаштұқымды өсiмдiктермен салыстыр.
2. Дара жəне қосжарнақты өсiмдiктерге тəн белгiлердi анықта.
ҚОСЖАРНАҚТЫ  ӨСІМДІКТЕР  КЛАСЫ
(МАГНОЛИЯТƏРІЗДІЛЕР)
Қосжарнақтылар класына 340 тұқымдасқа тəн 175 000-
нан астам өсімдік түрлері жатады.
§ 47. РАУШАНГҮЛ   ТҰҚЫМДАСТАР
Тж

Кж
(5) 
Ат

 Ан
1-(5)-∞
Бұл тұқымдасқа Солтүстiк Жарты шардың қоңыржай 
климаттық белдеулерінде өсетiн 3000-ға жуық түр – ағаш, 
бұта жəне көп жылдық өсiмдiктер кiредi.
Раушангүл  тұқымдастардың  жапырақтары – қолтық-
жапырақшалы, жай, үшке бөлiнген, алақан тəрiздi, қауыр-
сынтəрiздi немесе күр делi сабақта кезектесiп орналасқан.
Гүлдерi – жеке-жеке, жапырақ қолтығында орналасқан 
немесе  шашақталған:  қалқан,  шатырпiшiндегi  гүл шо-
ғырға орналасқан; екi жынысты, бунақденелiлер ар қылы 
тозаңданады.
Гүлсерiгi – күрделi,  дұрыс,  көбiнесе 5 мүшелi.  Күлте-
жапырақшасы – 5-еу қосылмаған. Аталығы – көп. Аналығы 


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау