106
Қырыққұлақтардағы вегетативтiк көбею олардың та мыр-
сабақтарында пайда болатын өскiндер арқылы жүзе ге асады.
Өзбекстанда қырыққұлақтар негiзiнен таулардағы ор-
ман дарда, құздардың көлеңкесiнде, үңгiрлердiң iшiн-
дегi ылғалды топырақтарда өседi. Бұларға мысал ре тiнде
құртқашаш қырыққұлақ пен су қырыққұлағын келтiруге
болады (89-сурет).
Құртқашаш – тамырсабақты көп жылдық шөптесiн
өсiмдiк. Жапырағы (сабағы) кең қандауыр тəрізді ұзын-
дығы 10–40 см, 2-3 рет қауырсын тəрiздi бөлiнген.
Жапырақ бөлiктерi қысқа сағақты,
астыңғы жағында сорус тар орналасқан.
Қырыққұлақтардың Өзбекстанда
су да өсетiн өкiлi – су қырыққұлағы.
Су қырыққұлағы – бір жылдық тамыр-
сыз майда өсiмдiк. Жапырақтары 3-еу-
ден ор наласқан. Олардан 2-еуi жасыл,
сабағының екi жағында орналасқан,
тегiс, үшiншiсi судың iшiнде асылып
тұрады. Су астындағы жапырақтары
түбіне сорустар орналасқан. Оларда екі
түрлі споралар жетіледі (90-сурет).
90-сурет.
Су қырыққұлағы:
1 – су үстіндегі
жапырақтар;
2 – су астындағы
жапырақтар;
3 – сорустар.
1
3
2
88-сурет. Қырыққұлақтың жасау циклі:
1 – спорофит; 2 – сорустағы спорангийлер;
3 – спорангий; 4 – спораның өнуі;
5 – гаметофит; 6 – антеридий; 7 – архегоний;
8 – сперматозоидтар; 9 – зигота; 10 – муртак;
11 – жас жапырақтар; 12 – тамырсабақ.
89-сурет. Құртқа-
шаш қырыққұлағы.
11
12
1
2
3
4
5
6
7
9
10
8
107
1. Қырыққұлақтардың құрылысы қандай?
2. Қырыққұлақтар қалай көбейедi?
3. Қырыққұлақтар мен қырықбуындардың бiр-бiрiнен қан-
дай айырмашылығы бар?
4. Құртқашаш қырыққұлақтың өзiне тəн белгiлерi қандай?
5. Су қырыққұлағының құрылысы қандай?
§ 45. ЖАЛАҢАШТҰҚЫМДЫ ӨСIМДIКТЕР
БӨЛIМI. АРША
Жер бетiнде жалаңаштұқымды өсiмдiктердiң 700-ге
жуық түрi бар екендiгi анықталған.
Жалаңаштұқымды өсiмдiктер бөлiмi ағаштар мен
бұ талардан құралған. Олар тұқымдарынан көбейедi.
Жалаңаш тұқымды өсiмдiктердiң тұқымдары гүлдi өсiм-
дiктер дiкiне ұқсас – жемiс iшiнде жабық күйде емес, сон-
дай-ақ айрықша бүрлерде ашық күйде жетiледi. Сон-
дықтан олар жалаңаштұқымды өсiмдiктер деп аталады.
Жалаңаштұқымды өсiмдiктерге мысал ретінде арша,
қарағай, секвоядендрон жəне қара қарағай сияқты өсiм-
дiктердi айтуға болады.
Арша – бойы 20 м-ге дейiн жететiн iрi, мəңгi жасыл
түстi ағаш (91-сурет). Таулардың 3500–4500 м биiктiктегi
беткейлерiнде, суықтың жəне тұрақты желдiң əсерiнен
жер бауырлап өсуге бейiмделген арша
түрлерi де кездеседi.
Аршаның жапырақтары өте ұсақ, жасыл
түстi, теңге тəрізді яки ине тəрізді.
Зарафшан аршасы – екi үйлi өсiм дiк.
Көк тем соңында кейбiр арша түпте рiнiң
жас өркендерiнде масақшаларға ұқсас ұсақ
бүр лер пайда болады, оларда өте көп мөл-
шер де тозаң жетiледi. Бұл бүрлер аталық
бүрлер деп аталады. Сол уақытта аршаның
басқа түп терiнде ұзындығы 0,5–1 см
келетiн шар тəрiздi бүрлер пайда болады.
Бұл бүршiктер аналық бүршiктер деп ата-
91-сурет.
Арша
108
лады. Тұқым бүршiктегi архегонийдiң iшiнде жұмыртқа
жасуша жетi ледi. Онда болса тұқым бүршiк орналасады.
Аталық бүрлерде жетiлген тозаң желдiң көмегiмен ұшып,
басқа түпте жетiлген аналық бүр лердегi тұқым бүр-
шiктердiң ұшына келiп түседi. Осылайша тозаңдану
үдерісi жүредi.
Тозаңның вегетативтік жасушасы өседі де, тозаң
түтігін құрайды. Генеративтік жасушадан пайда болатын
спермийлердің бірі архедонийдегі жұмыртқа жасуша-
ны ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушадан
өскін, тұқымбүршіктен тұқым жетіледі.
Ұрықтанғаннан соң аналық бүрлердi түзген қабыршақ-
тар жылдам өседi, жуандап, өздерiнен бөлiнiп шыққан ша-
йыр (смола) арқылы бiр-бiрiмен қосылып, бүрлердi орап
тұратын етжендi, жұмсақ қабыққа айналады.
Аршаның аналық бүрлерi ұрықтанғаннан кейiн екiншi
немесе үшiншi жылда пiседi.
Орта Азияда аршаның 7 жабайы түрi бар, 3-еуi
Өзбекстан тауларында өседi (За-
рафшан аршасы, Түркiстан ар-
шасы жəне Боз аршасы). Бұдан
тыс қала көшелерiнде, алаңдарда,
саябақтарда жəне тынымбақтарда
сəн дiк ағаш ретiнде Виргин ар-
шасы егiледi. Виргин аршасының
ота ны – Солтүстiк Америка. Сəн дiк
өсiмдiктер қатарында арша тұқым-
дасына жататын ағаштар дың тағы
бiрi – Шығыс боз арша сы егiледi.
Ол денесiнiң жəне жапы рағының
құ рылысы жағынан аршаға ұқ-
сайды, бiрақ жас өркендерiнiң
өзi не тəн бұ тақтануы мен пiскен
бүрлерiнiң кедiр-бұдыр бүрмеленiп
ашылуы жағынан аршалардан
айыр машылығы бар.
92-сурет. Қарағай:
1 – өркені; 2 – жапырағы;
3–аталық бүрлері;
4 – тұқымбүршікті
жас бүрлер; 5 – жетіліп
келе жатқан тұқым-
бүр шікті бүрлер;
6 – жетілген тұқымбүр-
шікті бүрлер; 7 – тұқымы.
4
5
3
5
4
7
2
6
1
Достарыңызбен бөлісу: |