133
Шашыратқы, нарғызгүл жəне хризантема сияқты күрде-
лiгүлдiлер тұқымдасына жататын өсiмдiктердi алып, олар-
ды анықтап қара.
ДАРАЖАРНАҚТЫ ӨСIМДIКТЕР КЛАСЫ
(ЛАЛАГҮЛ ТҰҚЫМДАСТАР)
Даражарнақты өсiмдiктер класына 67 тұқымдасқа жа-
татын 58000-ға жуық түр кiредi.
§ 56. ЛАЛАГҮЛ ТҰҚЫМДАСТАР
Жг
3+3
Ат
3+3
Ан
(3)
Бұрын лалагүл тұқымдастарға жататын пияз бен
шы рыш туыстары өз алдына пияздар мен шырыштылар
тұқымдас тарына бөлiндi.
Лалагүл тұқымдастар дүние жүзiнiң барлық бөлiгiндегi
шөлдер мен адырларда жəне тауларда өсетiн 400-ге
жуық түрге жататын өсiмдiктердi қамтиды. Оларға
тамырсабақты, пияз немесе түйнектi көп жылдық шөптер
мен жартылай бұта тəрiздi өсiмдiктер жатады.
Бұл тұқымдас өкiлдерiнiң жапырақтары жай, бүтiн,
тегiс жиектi, қатар немесе доға жүйкелi, көпшiлiгiнiң
пiшiнi таспатəрiздi немесе эллипстəрiздi болады, сабақта
ке зектесiп орналасады. Гүлдерi – түзу, екi жынысты, же-
ке-жеке немесе гүлшоғырда орналасқан. Қарапайым
гүлсерiктi, көбiнесе күлте тəрiздi болып, 6 еркiн немесе
бiр-бiрiне қосылған гүлсерiк жапырақшалардан құралған.
Аталықтары да 6-ау, 3-еуi сырт қы, ал 1-еуi iшкi сақинада
орналас қан. Аналығы 1-еу, 3 аналық қосылуынан пайда
болған. Жемiсi көсек немесе жидектi (134–135-суреттер).
Бұл тұқымдас өкiлдерiнiң тағы бiреуi – лалагүл ту-
ысына жататын қызыл жауқазын. Ол – сəуiрдiң соңы,
мамырдың бас тарында адырлар мен таулардың төменгi
баурайларында ашылатын iрi гүлдi өсiмдiк. Бойы 20–45
см. Жапырақтары 3–4 дана, үстiнде қою күлгiн түстi
дақтары болады. Гүлi бiреу, iрi, сарғыш-қызыл, астын-
134
да қара дағы бар. Аталық жiпшелерi қара, тозаңдықтары
сары түстi. Оның жемiсi – үш қауашаққа бөлiнiп ашыла-
тын көсекшелер.
Қызыл жауқазын тұқымынан немесе пиязшығынан
көбейедi (136-сурет). Кейiнгi кездерде оны адамдардың
рақымсыз жұ луы жəне пиязшықтарын қазып алуы салдары-
нан саны өте азайып кеткен. Қазiргi уақытта ол қорғалады
жəне Өзбекстанның «Қызыл кiтабына» енгiзiлген.
Өзбекстанда лалагүлдердiң 23 түрi кездеседi. Бұлардың
барлығы Өзбек стан Республикасының «Қызыл кiтабына»
енгiзiлген (137-сурет).
Көктемнiң бiрiншi хабаршылары ретiнде наурыз
айы ның бастарында-ақ бəйшешектер өнiп шығады.
Бəйшешек – бойы 10–15 см келетiн, жiңiшке сабағы мен
жапырағы жiңiшке, түбiнде пиязшығы бар көп жылдық
шөп. Гүлдерi сары немесе ақшыл сары болады. Гүлi мен
Жауқазынның_жемісі_–_көсек__138-сурет.__Секпілгүл_139-сурет'>134-сурет.
Лалагүлдің түзілуі
135-сурет.
Жауқазынның жемісі – көсек
138-сурет. Секпілгүл 139-сурет. Бəйшешек 140-сурет. Нарқыз
гүлсерік
аталық
аналық
137-сурет.
Грейг лаласы
136-сурет.
Жауқазынның
дамуы
135
жемiсiнiң құрылысы лалагүл дiкiне ұқсайды. Өзбекстанда
бəйшешек туысының 30-ға жуық түрi өседi.
Сонымен бiрге лалагүл тұқымдастарға жабайы түрде
өсетiн алғи мен секпiлгүл де жатады (138–140-суреттер).
1. Лалагүл тұқымдастары неге даражарнақты өсiм дiктер
кла сына жатады?
2. Лалагүлдердiң гүл серiктерi қандай болады?
3. Лалагүл неге Өзбекстанның «Қы зыл кiтабына» енгiзiлген?
4. Лалагүл тұқымдаста рына жататын қандай мəдени жəне
жабайы өсiм дiктердi бiлесiң?
5. Лалагүлдердi қорғау үшiн не iстеу керек?
1. Сирек түрлер табиғатта қандай жағдайларда өседi?
2. Сирек түрлер нелiктен азайып бара жатқанын анықта.
3. Өзiң тұратын жерде «Қызыл кi тапқа» енген қандай өсiмдiк
бар екенiн анықта.
4. Сирек түрлердi қорғау үшiн қандай ұсыныстар айтасың?
§ 57. ПИЯЗ (ЖУА) ТҰҚЫМДАСТАР
ЖГ
3+3
АТ
3+3
АН
1
(Пияз тұқымдастар лалагүл
тұқымдастардан бөлiнген)
Бұл тұқымдастар өкiлдерi Жер бетiнде өте кең таралған,
тек Аустралияда кездеспейдi. Тұқымдастар 750 түрдi
қамтиды. Олар көп жылдық пияз (жуа) өсiмдiктерiнен
тұрады. Жапырақтары жуан немесе тегiс қандауыр тəрiздi,
жiп тəрiздес, ала шұбар, эллипс тəрiздес, жапырағы бүтiн
немесе қырқылған, сағақсыз, төменгi бөлiгi науа сияқты.
Гүлшоғыры жас кезiнде қабықпен қапталған. Гүлшоғыры
(шатыр тəрiздi), негiзiнен шар тəрiздi жəне жарты-
шартəрiздес, көп гүлдi. Гүлдерi қос жынысты. Гүлсерiгi
қарапайым, түзу күлтетəрiздi. Күлтежапырақшалары
6-ау, қосылмаған, екi шеңберде орналасқан. Аталығы 6-ау,
аналығы 1-еу. Жемісі – көсек.
Төменде Өзбекстанда көп таралған пиязбен (кəдiмгi
пияз) танысамыз (141-сурет). Пияз – тамыржемiстi көп
жылдық шөп. Пияз негiзiнен жұмыртқа тəрiздi жəне
136
домалақ пiшiндерде болады. Гүл-
сабағы 100 см-ге дейiн жетедi, қа-
лың, жартысынан төменгi бөлiгi
мен жапырағы жуан. Гүлшоғыры
(шатыры) шартəрiздi, гүлдерi тығыз
орналасқан. Гүлсағағы гүл серiгiнен
бiрнеше есе ұзын. Гүлсерiгi жұлдыз
сияқты ақшыл-жасыл түстi. Аталығы
6-еу. Пияз мамыр-маусымда гүлдеп,
жемiсi шiлдеде пiседi.
Пияздың ауыл шаруашылы ғын-
дағы маңызы орасан зор. Ол тiкелей
қолданылуынан басқа түрлi азық-
түлiк өнiмдерiн дайындауға да пайдаланылады. Пияз фи-
тонцидтерге өте бай. Сондықтан ол дəрiлiк өсiмдiк ретiнде
қолданылады. Пайдалы, əсiресе дəрiлiк қасиеттерiне
қарай сарымсақпен қатар тұрады.
Табиғи жағдайда өсетiн түрлер арасында тұтынуға
қол данылатындары да көп. Бұларға Піскем пиязы, Оша-
нин пиязы, құмдақ пиязы, анзур пиязы сияқтылар жатады.
Бұлардан тыс табиғатта жапырақтары мен гүлшоғыры
өте əдемi түрлерiн көп кездестiруге болады. Гүл
пияз, шошқақұлақ пияз, суворов пиязы, нарпияз жəне
қосжапырақты пияз дар сəндiк түрлер болып саналады.
Пияздың 10 түрі Өзбекстан Республикасының «Қызыл
кiтабына» енгiзiлген.
1. Пияз тұқымдастарға тəн белгiлер неден тұрады?
2. Пияздың гүлшоғыры мен гүлi қалай құрылған?
3. Пияз туысына жататын қандай табиғи жəне сəндiк
өсiмдiктердi бiлесiң?
4. Пияз тұқымдастарына жататын өсiмдiктердiң ауыл шаруа-
шылығындағы маңызы қандай?
Гүлтүбекке пияз бен сарымсақты егiп, олардың өсу
құбылыстарын бақыла жəне салыстыр. Нəтижелерiн дəп-
терiңе жазып, олардан қорытынды шығар.
141-сурет. Баспияз:
1 – жалпы көрінісі;
2 –пиязбасы;
3 – гүлі; 4 – жемісі.
1
2
3
4
Достарыңызбен бөлісу: |