Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет24/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40

82
Аналықтың  аузына  түскен  тозаң  түрлi  қондырғылардың 
көмегiмен  ұс талып  қалады.  Олардың  бетiндегi  түрлi 
өсiндiлер,  аналықтың  аузының  тегiс  емес  бетi  жəне 
аналық  аузының  бетiне  бөлiнiп  тұратын  жабыс қақ  шы-
рын – осындай  қондырғы.  Ұсталып  қалған  тозаң  бiрте-
бiрте  өсе  бастайды.  Оның  вегетативтiк  жасушасы  өсiп, 
ұзын,  жiңiшке  түтiкше  пайда  болады.  Екiншiсi  бөлiнiп, 
екi сперма түзедi . Тозаң түтiк шелерi тез өсiп, аналықтың 
аузына,  кейiн  мойынның  iшiне  кiредi  де  түйiн  жаққа 
қарай  қозғалады.  Тозаң  түтiкшелерi  түрлi  жылдамдықта 
өседi.  Бiрақ  осылардың  тек  бiреуi  ғана  қалғандарынан 
бұрын, түйiн iшiндегi тұқымбүршiкке жетiп барады. Пай-
да болған екi сперма тозаң жолы арқылы тұқымбүршiкке 
барып, iшiне кiредi. Осы кезеңнiң өзiнде тұқымбүршiктiң 
iшiнде жұмыртқа жасуша жəне орталық жасуша пайда бо-
лады. Сперманың бiреуi жұмыртқа жасушамен, екiншiсi 
орталық  жасушамен  қосылады.  Бұл  қосылу  ұрықтану 
(қосарлана ұрықтану) деп аталады (74-сурет).
Тұқымбүршiктiң  ұрықтанған  жасушалары  бiрнеше  рет 
бөлiне бастайды. Ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ұрық, 
ал  ұрықтанған  орталық  жасушадан  эндосперма  дамиды. 
ұрық  пен  эндосперма  қосылып  тұ қымды  түзедi.  Сөйтiп, 
қосарлы ұрықтанудан соң тұқымбүр шiк тұқымға айналады. 
Оның қабығынан осы тұқымды орап тұратын қабық, ал тү-
йiннен жəне гүлдiң бас қа бөлiк те рiнен жемiс пайда болады.
74-сурет. Гүлді өсімдіктердегі қосарлана ұрықтану үдерісі
тозаң түйіршігі
ауыз
баған
түйнек
орталық жасуша
бұршаққын
спермийлер
тозаң 
түтікшесі
спермийдің 
орталық 
жасушамен 
қосылуы
спермийдің
жұмыртқа
жасушамен
қосылуы
ұрықтық
жұмыртқа 
жасуша


83
Егер  түйiнде  тек  қана  бiр  тұқым бүршiк  болса,  ол 
ұрықтанғаннан кейiн бiр тұқымды жемiс дамиды (мысалы, 
өрiк,  алма,  шие,  шабдалы).  Егер  түйiнде  көп  тұқымбүр-
шiк болса, онда тозаң түтiктерi оларға көптеп өсiп кiредi. 
Бұның  нəтижесiнде   бiрнеше   тұқымды   жемiс   пайда   бо-
лады (мысалы, қызғалдақ, қоза).
1. Гүлдiң тозаңы қандай жасушалардан құралған?
2. Тозаң неге аналықтың аузында ұсталып қалады?
3. Тозаңдану түтiкшесi қалай пайда болады?
4. Ұрықтану жəне қос ұрықтану деген не?
Ең  iрi  гүл. 1818 жылы  Суматра 
ара  лына  барған  зерттеу шiлер  доктор 
Джозеф  Арнольд  жəне  Томас  Стаф-
форд  Раффлез  алғаш  рет  дүниедегi  ең  iрi  гүлдi 
кездестiрдi.  Оның 1 м  келетiн  диаметрi, 5 см  қа-
лыңдықтағы  күлтежапырақшалары,  түсi,  саба ғы
жəне  жапырағының  жоқтығы,  жағымсыз  иiсi 
бақылаушыларда  үлкен  қызығушылық  туғызады.  Зерттеушiлер  бұл
гүлдi  басқа  өсiмдiктiң  ұзын  қабығы  арасына  кiрiп  алып,  оның  шы-
рынының есебiнен тiршiлiк ететiнiн көрсеткен. Бұл гүл өсiмдiктi тапқан 
ғалымның атымен –Раффлезия Арнольди деп аталады (75-сурет).
Ең  кiшкене  гүл.  Жер  бетiндегi  өте  кiшкене  гүл – Вольфия  гүлi. 
Оның үлкендiгi иненiң ұшындай келедi.
§ 34. ЖЕМIСТЕР  МЕН 
ТҰҚЫМДАРДЫҢ   ТАРАЛУЫ
Өсiмдiктердiң  түрi  қанша  көп  болса,  олардың  же-
мiсi  мен  тұқымы  да  соншалықты  алуан  түрлi  бола-
ды.  Соған  қарағанда,  табиғатта  жəне  мəдени  жағдайда 
əр  түрлi  жолдармен  таралады.  Табиғатта  өсiмдiктер 
миллиондаған  жылдардың  iшiнде  жел,  жануарлар, 
құстар,  бунақденелiлер,  судың  көмегiмен  жəне  басқа 
əдiстермен таралып, көбеюге бейiм делген.
Жемiстер  мен  тұқымдардың  таралуы  көп  жағы нан 
олардың  құрылысына  (морфологиясына)  байланысты. 
Жемiсi  мен  тұқымдары  өздiгiнен  таралатын  өсiм дiктер 
автохор  өсiмдiктер  деп  аталады.  Бұған  қына,  көптеген 
75-сурет. Раф фле-
зия Арнольди


84
бұршақты  өсiмдiктер,  асбұршақ,  атбұршақ,  қазтамақ 
сияқтылар   мы сал  болады.  Бұлардың  тұқымы,  жемiсi, 
iшкi  қысым,  тұқымжарнақтардың  шатынауы  немесе 
бұралуының  есебiмен  сырт қа  атылып  шығады.  Желдiң 
көмегiмен  таралатын  өсiм дiктердiң  жемiстерi  өте  жеңiл 
болады. Кейбiр өсiмдiк түрлерiнiң жемiстерi бiрнеше, тiптi 
50 километрден де алыс қа ұшып барады. Мысалы, терек, 
тал, бақбақ, қоза секiлдi же мiстердiң ұшында орналасқан 
бiр шоқ ұлпалардың (түк тердiң) есебiнен ұшады. Қарағаш, 
үйеңкi,  сексеуiл,  шеркез,  баялыш,  балықкөз,  рауаш 
сияқтыларда  жемiстi  қоршап  алған  қанатшалар  арқылы 
желде бiр жерден екiншi жерге таралады. Сондықтан олар 
ұшпа жемiстер деп аталады.
Жемiстер  мен  тұқымдардың  таралуында  су  үлкен 
рөл ойнайды. Кейбiр өсiмдiктер жемiстер су өткiзбейтiн 
қабығы  бар  болғандықтан  олар  (теңiз,  өзен,  көл  жəне 
арықтарда)  алыс  қашық тыққа,  тiптi  бiрнеше  күн  бойы 
қалқып бару жолымен таралады. Бұларға тұңғиық, құмай, 
күрмек,  сарбасқұрай,  арамсояу,  шырмауық,  жолжелкен, 
бəйшешек сияқтылар жатады.
Көптеген  өсiмдiктердiң  жемiсi  мен  тұқымдары  же-
мiстер дегi  бейiмдiлiк  (тiкенегi,  шырыны, iлмегi  мен 
иiсi,  қолданылуына  қарай)  ар қылы  жануарлар,  құстар, 
бунақденелiлер  көмегiмен  таралады.  Жануарлар  пайда-
ланатын  өсiмдiктердiң  саны  қанша  көп  болса,  олардың 
жемiстер  мен  тұқымдары  соншалықты  көп  тарала-
ды.  Жануарлар  жемiс  пен  тұқымдарды  пайдаланып, 
шығындыларын  алыс  жерлерге  əкелiп  тастайды.  Құстар 
да етжендi шырындарды жұтып, қорытылмайтын сүйектi 
жемiстердi  ұзақ  қашықтыққа  таратады.  Жемiстер  мен 
тұқымдарды  жер  бетi  бойынша  таратуда  адамға  тең 
келетiн себепшарт жоқ десек артық айтқандық болмайды. 
Себебi адамдар кез келген жемiсті немесе тұқымды ұзақ 
өлкеге, елдер мен материктерге əр түрлi жолдармен əкелуi 
мүмкiн.  Мысалы:  ертеде  Хорезмнен  Америкаға  жаңғақ 
тұқымы беденiң тұқымына қосылып барып қалған.


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау