Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет21/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40

72
Өсімдіктер өмірінде орасан зор маңызы бар су буландыру 
үдерісі жапырақтардағы лептесіктер арқылы жүзеге асады.
Өсімдіктердің  экологиялық  топтары.  Құрлық 
өсімдіктері  түрлі  жағдайларда  өседі.  Олар  қоршаған 
ортаның  сан  түрлі  себепшарттарына  (факторларына) 
бейімделеді.  Қоршаған  ортаның  белгілі  бір  себепшар-
тына  бейімделген  өсімдіктер  экологиялық  топтар  деп 
аталады. Су – аса маңызды экологиялық себепшарт. Суға 
сұранысына қарай өсімдіктер бірнеше топтарға жіктеледі. 
Суда тіршілік ететін өсімдіктердің денесі (элодея, су ли-
лиясы т. б.) толығымен яки жарым-жартылай суға батқан 
күйде  өседі  (қоға,  қамыс,  құрақ  т.  б.).  Орамжапырақ, 
жүгері, бидай, алма тəрізді өсімдіктер ылғалы жеткілікті 
ортада  өседі.  Су  тапшылығына  төзімді  өсімдіктердің 
жапырақтары  өте  ұсақ,  тікен  секілді  (сексеуіл),  жапы-
рақтары өте майда бөліктерге бөлінген (жусан), етженді 
(балықкөз, сарсазан, кактус, агава) болып келеді.
1.  Жапырақтардың  суды  буландыруының  қандай  маңызы 
бар?
2. Неліктен бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын жуып жəне 
сүртіп тұрады?
3. Өсімдіктердің барлығы да суды бірдей буландыра ма?
4. Қандай жағдайда жапырақтар суды көп буландырады?
5. Көшеттер неліктен салқын мезгілде егіледі?
Судың булануы. Лептесіктер.
Өздеріңе  ұнаған  өсімдіктің  жа-
пырақты  бұ тақшасынан  кесіп  алың-
дар  да,  оны  үстіне  аздап  май  құйыл-
ған суы бар ыдысқа салыңдар, сөйтіп 
ондағы  судың  деңгейін  белгілеп  қо-
йыңдар. Бір тəулікте шыны ыдыс та ғы 
судың  деңгейі  қанша  төмен дейтінін 
бақылаңдар.  Содан  соң  бұ  тақ шаның 
бір  тəулікте  қанша  суды  булан дыр-
ғанын  анықтаңдар (65-сурет).
65-сурет. Шыны 
ыдыстағы су дең-
гейінің бір тəулікте 
төмендеу дəрежесі
май


73
§ 30. КҮЗГЕ  ҚАРАЙ  ӨСІМДІКТЕР  ӨМІРІНДЕ
ПАЙДА  БОЛАТЫН  ӨЗГЕРІСТЕР
Күздігүні,  анығырағы,  қоңыр  күзде  өсімдіктерде  пай-
да  болатын  аса  маңызды  биологиялық  өзгерістердің 
бірі   – жапырақтардың төгілуі болып табылады. Кей бір 
өсімдіктерде жапырақтар күн суымай жатып-ақ төгіле бас-
тайды.  Көптеген  ағаштар  мен  бұталардың  жа пырақтары 
күз келісімен-ақ, ал кейбіреулерінікі алғашқы суықтардан 
кейін төгіледі. Мəселен, жиде, үйеңкі, бадам, терек, тікенді 
ағаш сияқтылардың жапырақтары едəуір ерте төгіледі.
Халық  арасында  бұл  маусымды  «алтын  күз»  деп 
дəріп тейді.  Бұның  мəнісі  сол,  біріншіден,  бұл  маусымда 
көптеген жемістер жаппай піседі; екіншіден, ағаштар мен 
бұталардың  басым  көпшілігінің  жапырақтары  қызғылт, 
сары жəне қоңыр түске еніп, табиғатты аса əсем көрініс-
пен құлпыртады. Бірқатар өсімдіктердің, мəселен, наста-
рин,  раушангүл,  лигус трум  сияқтылардың  жапырақтары 
көп уақытқа дейін жасыл түсінен арыла қоймайды. Тіпті 
қыста да төгілмей тұра береді.
Күз келісімен-ақ күн қысқарып, жер бетіне түсетін күн 
нұры  мен  жылуы  төмендейді.  Жарық  пен  жылудың  же-
тіспеуіне  байланысты  өсімдік  жасушаларында  ма ңызды 
физиологиялық үдерістер туындайды. Соның нəти жесінде 
жапырақтарға жасыл түс бе ретін хлоропластар жойылып, 
хромо пластарға  айналады,  реңктік  заттар  жасушаларға 
жинақталады да, жасыл жапырақтар бірте-бірте сарғайып, 
сар ғыш-қызыл түске, сосын қоңырқай-қызғылт түске енеді.
Жапырақтар неліктен төгіледі деген сұрақ туылатыны 
заңды (66-сурет). Біріншіден, төгілген жапырақтар арқылы 
жыл  бойы  өсімдік  бойына  жинақталып  қалған  қажетсіз 
заттар  сыртқа  шығарылады.  Екіншіден,  қыстыгүні  жа-
пырақтар  арқылы  өсімдіктер  бойындағы  судың  булануы 
тоқтайды. Осының арқасында өсімдік қысқы ұйқыға, яғни 
демалыс  кезеңіне  өтеді.  Қоңыр  күзде  төгілген  өсімдік 
жапырақтарын  орынды  пайдалану  керек.  Кей  жерлерде 


74
төгілген  жапырақтарды  орынды-орын-
сыз  өртеп  жатады.  Соның  салдарынан 
қор шаған  ортаны  түтін  мен  ыс  басып, 
ауаның құрамын бұзады. Жапырақтарды 
ұқыпты  пайдаланудың  ең  оңай  жолы – 
мал  шаруашылығына  қажетті  құнарлы 
азық  ретінде  басқа  жем шөптермен  ара-
ластырып  беру  немесе  жерге  көміп, 
шірінді тыңайтқыш дайындау.
Қыста  өсімдіктер  үшін  дамылдау, 
яғни демалу ке зеңі басталады. Қоректік 
заттардың  пайда  болуы,  сөл  қоз ғалысы 
дерлік тоқтайды, тыныс алу баяулайды. 
Жыл  бойы  өсіп,  жапырақтары  қыс-
тыгүні  де  түспейтін  шамшат,  арша, 
қарағай, қара қарағай сынды мəңгі жасыл 
өсімдіктер де көп кездеседі. Шамшат пен 
арша  жыл  барысында  ине  жапырақта-
рын  ақырындап  ауыстырып  тұрады. 
Сондықтан да оның жасыл түсі ешқашан өзгермейді.
1.  Күздігүні өсімдіктер неліктен жапырақтарын тө геді?
2. Жапырақтардың төгілуі деген не?
3.  Жапырақ төгілуінің өсімдіктер үшін қандай ма ңызы бар?
4.  Күздігүні өсімдіктерде қандай өзгерістер бай қалады?
5. Күзде өніп шығып, қыстайтын өсімдіктер бар ма?
6.  Қара  күзде,  тіпті  қыста  да  жапырақтары  төгіл мейтін 
өсімдіктерді білесіңдер ме?
1.  Өздерің  тұратын  жерде  жапырақтардың  төгілуі  қалай 
басталатынын  бақылаңдар  жəне  түрлі  өсімдіктердің 
жапырақтарынан кеппе (гербарий) дайындаңдар.
2.  Күздігүні  қайсы  өсімдіктердің  жапырақтары  бірінші  бо-
лып төгілетінін анықтаңдар. 
3. Алғашқы суық қашан түсетінін жəне бұдан соң өсімдіктер 
бойында қандай өзгерістер болатынын бақылаңдар. 
4.  Қыста  да  жапырақтары  түспейтін  өсімдіктердің  тізімін 
жасаңдар. Бақылау нəтижелерін дəптерге жазып алыңдар. 
66
-сурет. Жапы-
рақ түскенде 
айыру қабаты-
ның пайда
болуы.
66
Ж
Жаз
Жаз соңы
Күз
айыру
қабаты
тін


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау