Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен


 Жемiс пен тұқым қандай жолдармен таралады? 2



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет25/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40

85
1. Жемiс пен тұқым қандай жолдармен таралады?
2. Жемiс пен тұқым желдiң көмегiмен қалай таралады? 
3. Жануарлар қандай жолдармен жемiс пен тұқымды басқа 
жерлерге таратады?
4. Өсiмдiктердiң жемiстерi қандай жолдармен басқа мемле-
кеттер мен континенттерге өтедi?
§ 35. ТҰҚЫМНЫҢ   ӨНУI
Тұқымдар  биологиялық  қа-
си етiне  қарай  түрлi  мерзiмде 
жетiлiп,  түрлi  жағдайда  өнiп 
шығады. Тұқымның өнiп шығу 
қабiлетi кейбiр өсiмдiктерде бiр 
жыл сақталса, басқаларында 10–
100 жыл сақталуы да мүмкiн.
Əрбiр тұқымның өнiп шығуы 
үшiн  белгiлi  жағдай  қа жет. 
Əйтпесе  ол  өнбей  жата  бередi. 
Бiрiншi  кезекте,  олар  белгiлi 
мерзiмдi  тыныштық  кезеңiнен 
өтуi қажет. Тұқымдар суды өзiне 
сiңiрiп  алып,  бөрте  бастайды 
жəне өте үлкен қысым күшiмен 
өседi.  Осындай  қысымның  кү-
шiмен тұқымдар қабығын жарып жiбередi.
Су  тек  қана  тұқымдардың  бөртуi  үшiн  ғана  емес, 
сондай-ақ  дамып  жатқан  өскiндердiң  қоректенуi  үшiн 
де қажет, өйткенi онда тұқымдағы қоректiк заттар еридi, 
яғни крахмал қантқа айналады. Бидай өскiндерiнен даяр-
ланатын сумалактың тəтті болу себебi де осы.
Тұқымдардың өнуi үшiн ауа да қажет. Тұқымдар жұм-
сатылмаған  қатты  жерге  егiлсе,  ауаның  аздығынан  баяу 
көгередi, ал кейбiреулерi көгермейдi. Тұқымдар тез жəне 
бiркелкi өнiп шығуы үшiн жер жұмсақ, ылғалдылығы ор-
таша болуы керек.
76-сурет. Тұқымның өнуіне 
қажетті температура
қауын +15°
+12°
+10°
+8°
+5°
+3°
+2°
+1°
қоза
қызанақ
бидай
ноқат
шалқан
жоңышқа
жавдар
жүгері
орамжапырақ
шалғам
сəбіз


86
Тұқымдар мөлшерiне қа рап əр түрлi тереңдiкке егi ледi. 
Олар дың өну температурасы  əр  түрлi болады.
Тұқымның  өнiп  шығуы  үшiн  қажеттi  жағдайлардың 
тағы бiрi – температура. Түрлi өсiмдiктердiң тұқымы өнiп 
шығуы үшiн əр түрлi температураны талап етедi (76-су-
рет).  Өрiк,  шабдалы,  бадам  секiлдi  өсiм дiктер  сүйектi 
жемiс  болғандықтан  баяу  өнедi.  Сондық тан  олардың 
дəнегi күзде егiледi.
Өскiн – тұқымнан ендi ғана өсiп шыққан қысқа жəне 
нəзiк өсінді. Өскiн өсуі үшiн қоректiк заттар қажет. Бұл 
заттар  өскiн ге  тұқымжарнақтағы  жинаушы  жасушалар-
дан өтедi. Қорек тiк заттар жасушаның цитоплазмасына 
тек  суда  ерiгеннен  кейiн  ғана  өте  алады.  Крахмал  суда 
ерiп,  қантқа  айналады.  Түрлi  құбылыстар  нəтижесiнде 
өзгерген  органикалық  заттар  суда  ерiп,  ұрыққа  өтедi. 
Нəтижеде ұрық бөлiктерiнiң жасушалары қоректенедi. 
Тұқымда қоректiк заттар қанша көп болса, өскiн сон-
ша жақсы дамиды. Демек, қоректiк заттары көп болған 
iрi  тұқымдардан  қуатты,  мол  өнiм  беретiн  өсiмдiктер 
жетiледi. Тұқымдарды iрiктеп егудiң мəнi де осында.
Өсу  кезiнде  өскiнде  өсiмдiктердiң  мүшелерi  қа-
лыптаса  бас тайды.  Оның  жас  тамыршасы  топырақтың 
iшiне  енедi.  Ал  бүршiктi  сабақшасы  топырақ  бетiне 
өсiп шығады.
Қосжарнақты  өсiмдiктердiң  тұқымжарнақ  жапы-
рақшалары  қалыптасады (77-сурет).  Бидай,  арпа,  жүгері 
секілді  дара  жарнақтылардың  тұқымынан  өскін  өніп 
шыққан соң эндоспермаға жиналған қоректік заттар тау-
сылады  да,  бос  қалташыққа  ұқсап  топырақ  арасында 
қалып кетеді (78-сурет).
77-сурет. Қоза тұқымының өнуі
78-сурет. Бидай
тұқымының өнуі 
тұқымжарнақтар
1
2


87
1. Тұқымның өнуi үшiн судың қандай маңызы бар?
2. Не ге барлық тұқымдар бiрдей өнiп шықпайды?
3. Барлық  мəдени  өсiмдiктердiң  тұқымы  бiрдей  тереңдiкте 
егiле ме?
4. Өскiн жəне тұқым өсуi үшiн оларға қандай жағдай керек?
5.  Қай сы  өсiмдiктер  тұқымының  тұқымжарнақ  жапырақтары  то-
пырақ арасында қалады?
6-зертханалық жаттығу
Тұқымның құрылысы мен өнуін зерттеу
1.  Қосжарнақты  өсімдіктерге  жататын  лобия  тұқымының  құры-
лысын зерттеңдер.
2. Даражарнақты өсімдіктерге жататын бидай дəнінің құрылысын 
зерттеңдер.
3. Лобия тұқымы мен бидай дəнінің құрылысын салыстырыңдар.
4.  Лобия  тұқымын  яки  бидай  дəнін  сумен  ылғалдандырылған 
қа бық  салынған  шыны  ыдысқа  орналастыр  жəне  оны  оқтын-оқтын 
ылғалдандырып тұрыңдар.
5.  Өне  бастаған  тұқымнан  күн  сайын  біреуін  ажыратып  алып, 
кептіріп қойыңдар.
6. 10–12 күн өткен соң тəжірибені қорытындылап, тұқымның өну 
барысын, одан шыққан өскіннің дамуын көрсететін коллекция жаса.
1. Сумалак  пiсiру  үшiн  бидай  дəнi  қалай  өсiрiлетiнiн  ата-
анаңнан сұрастырып, бiлiп ал.
2. Қатты  жəне  қалың  қабықты  тұқымдардың  бiр  бөлiгiн 
өңдеп, екiншi бөлiгiн өңдеместен ек жəне өнуiн бақыла.
3. Лобия  жəне  бидай  тұқымдарын  жібітіп,  олардың  өсуін  күн
сайын бақылаңдар жəне оларда пайда болатын мүшелерді анықтаңдар. 
Бақылауды бір жұп нағыз жапырақ өсіп шыққанша жалғастырыңдар. 
Əрбір мүшенің пішіні мен өлшемін дəптерге жазып жүр.
4.  Қосжарнақты  өсiмдiктердiң  тұқымжарнақты  жапыра ғындағы 
өзгерiстерді бақылап, нəтижелердi жазып ал.
§ 36. ӨСIМДIК  – БІРТҰТАС  АҒЗА
Жер бетiндегi жасыл өсiмдiктер қаншалықты көп жəне 
алуан  түрлi  болғанымен,  олардың  арасында  ортақтық 
жəне ұқсас тық бар. Бұл ортақтық, бiрiншi кезекте – өсiмдiк 
мүшелерiнiң жасушалардан құралғандығы.


88
Өсiмдiктерде  құрылысы  ұқсас  жəне  атқаратын 
қыз метi  бiрдей  жасушалар  жиналып  ұлпа  түзедi. 
Ал  өсiмдiктер  мүшелерден  құралған.  Тамыр,  сабақ, 
жапырақ, гүл жəне жемiс –оның негiзгi мүшелерi.
Өсiмдiктердiң  мүшелерi  бiр-бiрiмен  тығыз  байла ныс-
қан.  Егер  бiр  мүше  бұзылса,  қалғандарының  да  қызметi 
бұзылады.
Өсiмдiк – тiрi ағза, ол қоректенедi, тыныс алады, өсе дi, 
гүлдеп жемiс бередi, көбейедi. Бiр мүшеде пайда бол ған 
заттар бас қа мүшелерге  өтiп, олардың өсуi мен да муына 
жұмсалады.  Мысалы,  жапырақта  фотосинтез  құ бы лы-
сында  пайда  болған  қоректiк  заттардан  өсiмдiктiң  бар-
лық басқа мүшелерi пайдаланады. Немесе тамыр ар қылы 
топырақтан алынатын су мен онда ерiген минералды зат-
тар өсiмдiктiң əрбiр жасушасына дейiн жетiп барады.
Мүшелердегi ортақтықты дəлелдеу үшiн қозаны мы салға 
алып, кейбiр мүшелердiң жұмысымен танысып шығамыз.
Қоза – кiндiк  тамырлы  өсiмдiк.  Ол  тамыр  жүйесi 
арқылы  су  мен  онда  ерiген  минералды  тұздарды  сiңiрiп 
алып, сабаққа өткiзедi. Ал сабақ оны түтiкшелерi арқылы 
жапырақтарға  өткiзедi.  Жапырақтарда  (фотосинтез  құ-
былысында)  өсiмдiктiң  өсуi  мен  дамуы  үшiн  қажеттi 
органикалық заттар пайда болады.
Мүшелер  ортасындағы  байланыстылық  бүршiк  пен 
түйiннiң жəне жемiстiң мысалында көзге одан да айқын 
кө рiнедi.  Олардың  бiр  күйден  екiншi  күйге  өтуi  кезiнде 
тамыр  мен  жапырақ  өте  үлкен  қызмет  атқарады.  Қоза 
шырпылғаннан  кейiн,  төменгi  бөлiгiнен  жоғарыға  қа
 
рай 
гүлдей бастайды. Бұрын ашылған гүлдерде пайда болған 
көсектер  бас қаларына  қарағанда  ерте  жетiледi.  Қалған 
көсектердi  де  өсiм дiк  өз  кезегiнде  қоректiк  заттармен 
қамтамасыз етiп тұрады.
Күз келiп, өсiмдiктiң жапырақтары түсiп немесе суық 
ұрып кеткенге дейiн оның барлық мүшелерi өзара байла-
нысты түрде өседi жəне дамиды.


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау