Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет28/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40

96
Хлорелла      негiзiнен     жыныс-
сыз – жасушаның  бөлiну  жолымен 
көбейедi.  Бұнда  ана  жасуша  iшiн-
дегi  тiрi  бөлiктер 4 немесе 8 тең 
бөлiктерге бөлiнiп, бұл бөлiктердiң 
əрқайсысы жеке қабықпен оралып, 
ұсақ  жасушаларға  айналады.  Олар 
суға  шығып,  өзi  өсiп,  тəуелсiз  жа-
сайтын хлореллаға айналады.
Хлорелла  өте  тез  көбейедi.  Бiр 
тəулiк  жасаған  əрбiр  жас  жасуша-
ның  өзi де  бөлiне  бастайды.  Бiр  хлорелланың  ұрпағы  бiр 
айдың iшiнде көбейiп, бiрнеше миллионға жетуi мүмкiн.
Күз келiсiмен хлорелла қалың, тығыз қабыққа оралып, 
спораға  айналады,  сөйтiп  осы  күйде  қыстайды.  Көктем 
келiп, жақсы жағдай туылған соң, спора күйiнде қыстаған 
жасушаның жай бөлiнуi нəтижесiнде бiр неше жас хлорел-
ла пайда болады. Олар жасуша қабығын жарып шығып, 
тəуелсiз тiршiлiк ете бастайды.
Хламидомонадаластар  туысына  жататын  бiр  жа-
сушалы  тағы  бiр  су  өсiм дiгi – хламидомонада (81-су-
рет).  Ол  көбiнесе  лас  жəне  азотты  қо сылыс тарға  бай  су 
қоймаларында  кездеседi,  кейде  аквариум  қабырғала-
рында да өседi.
1. Хлорелланың құрылысы қандай жəне қай жерлерде өседi?
2. Хлорелла қалай көбейедi?
3. Хлорелланың халық шаруашылығындағы маңызы қандай?
1. Бiржасушалы балдырларды микроскоп арқылы кө ру үшiн 
аквариумның қабырғасы мен гүлтү бек тер дiң сырт қы қа-
бырғасындағы жасыл тозаңды қы рып ал.
2.  Iшiнде балдыры бiр стақандағы судан бiр тамшы алып, препа-
раттар даярла.
3. Препараттарды мик  рос коп арқылы қарап, хлорелла мен хлами-
домонаданың құрылысын көр.
4. Өсiм дiктердi өзара салыстырып, олардағы ұқсастық пен айыр-
машылықтарды анықта.
81-сурет. 
Хламидомонада:
1 – қабығы; 2 – ядро;
3 – көзше; 4 – талшығы;
5 – қысқаратын вакуоль.
1
2
3
4
5
6


97
§ 40. КӨПЖАСУШАЛЫ  ЖАСЫЛ   БАЛДЫРЛАР
Тұщы  суларда  өсетiн  көпжасушалы  балдырлардың 
көпшiлiгi жай немесе бұтақтанып кеткен жiп тəрiздi бола-
ды. Оларға тəн белгiлердiң бiрi – өсу кезеңiнде жасушала-
ры  тоқтаусыз  бөлiнiп  тұратындықтан  талломдары  үнемi 
өсiп, үлкейiп отырады. Оларға улотрикс, спирогира, кла-
дофора жəне хара сияқ ты су өсiмдiктерi мысал болады.
Өзендер  арықтарда  көп  кездесетiн  белбеулі  улотрикс 
су  бетiне  жақын  орналасқан  су  астындағы  тастар  мен 
ағаштарға жəне басқа нəрселерге жабысып өседi (82-сурет).
Улотрикс  жiпшесi  қатар  тiзiлген  бiр  түрлi  жасуша-
лардан құралған. Ол бұтақтанбайды. Оның су астындағы 
нəрселерге бiрiккен жасушасы ризоид деп аталады. Басқа 
жасушалары жасыл, қысқа цилиндр пiшiндес болады, олар 
бiр қатарға орналасқан. Əрбiр жасушаның қабығы, цито-
плазмасы,  ядросы  жəне  ортасында  белбеу  көрiнiсiндегi 
хроматофорасы бар.
Улотрикс жыныссыз жəне жыныстық жолмен көбейедi. 
Жыныссыз  көбеюде  уло трикс  жасушасы 16, 32 жасушаға 
A. 1 – улотрикс жасушалары;
Ə. Улотрикстің жыныссыз 
көбеюі: 1 – зооспоралар;
2 – жас улотрикс. 
Б. Улотрикстің жыныстық көбеюі
1 – изогаметалар; 
2 – изогаметалардың қосылуы; 
3 – зигота; 4 – жас улотрикстер.
82-сурет. Улотрикс
1
4
4
3
2
1
Б
1
3
2
Ə
A
7 – Биология, 6-сынып


98
дейiн бөлiнедi. Жас жасушалар ана жасушаның қабығын жа-
рып, суға шығады. Олар 4 дана талшығының  көмегiмен суда 
жүзе бастайды. Бұл жасушалар зооспоралар деп аталады.
Арадан бiраз уақыт өткен соң зооспоралар қозғалысын 
тоқтатып су астындағы əлде бiр заттарға жабысады жəне 
көлденеңiнен  екiге  бөлiнедi.  Төменгi  бөлiгiнде  ри зоид 
пайда  болады;  ал  үстiндегi  бөлiгi  хроматофорлы  бола-
ды,  олар  балдырдың  вегетативтiк  жасушасын  түзедi. 
Вегетативтiк жасушаның өсiп, бiрнеше рет көлденеңiнен 
бөлiнуi нəтижесiнде улотрикстiң жiбi пайда болады.
Улотрикстiң  жыныстық  көбеюiнде  тең  үлкендiктегi 
екi талшықты гаметалар пайда болады. Олар суда жүзiп 
жүредi,  бiр-бiрлерiмен  жұп-жұп  болып  қосылып,  зиго-
та  түзедi.  Зигота  қалың  қабықшамен  қапталады  жəне 
тыныштық  кезеңi  бiткен  соң  бөлiнiп,  төрт  жасушаның  
барлығы өсiп, улотрикстiң жаңа жiбiне айналады.
Əуiздерде  жəне  баяу  ағатын  суларда  көп  кездесетiн 
балдырлардың бiрi – спирогира (83-сурет).
Спирогира  жiптерi  бұтақталмаған  жəне  iрi  цилиндр 
тəрiздi жасушалардан түзiлген, ешқандай нəрсеге жабыс-
пай, суда еркiн түрде қалқып тұрады.
Өзбекстанның  өзендерi  мен  көлдерiнен  жəне  су 
қоймаларынан  жасыл  балдыр – кладофораны  көп  кез-
дестiруге болады. Ол – iрi балдыр, оның бойы кейде 1 м-ге 
дейiн жетедi.
Арық,  əуiз,  көл  бойларында  жəне  салыпаяларда  кең 
та ралған  арам  шөп – хара  да  көпжасушалы  балдырлар 
қа тарына  жатады.  Ол – 30–60 см  келетін  мол  бұтақты 
өсiмдiк. 
Өзбекстандағы балдырлар-
ды  зерттеуде  Өзбекстан  Ғы-
лым  академиясының  то лық 
мүшесi А.М. Музаф фа ров тың 
қыз метi үлкен. Ол Орта Азия, 
соның  iшiнде  Өзбекстан  су 
қойма ларын дағы балдырлар-
83-сурет. Спирогира: 
1 – ядро; 2 – цитоплазма; 
3 – хроматофор; 4 – вакуоль.
1
2
3
4


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау