5
теумен айналысады. Өсімдіктер систематикасы өсімдік-
тердің келіп шығуы мен белгілері негізінде оларды же-
ке-жеке топтарға жіктейді, яғни классификация жасап,
топтастырады. Өсімдіктер эмбриологиясы өсімдіктердің
көбею мүшелерінің түзілісі мен көбеюіне байланысты
үдеріс терді зерттеумен шұғылданады. Өсімдіктердің
Жер жүзіне таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлім гео-
ботаника деп аталады. Өсімдіктердің сыртқы ортамен
қарым-қатынасындағы заңдылықтарды жəне сыртқы орта
себепшарттарының (факторларының) өсімдікке ықпалын
өсімдіктер экологиясы зерттейді. Палеоботаника – қазба
өсімдіктер жайындағы ғылым болып табылады. Бұдан тыс
өсімдіктердің дербес топтарын зерттеумен айналысатын
бөлімдер де бар. Алгология – су балдырларының, бриоло-
гия – мүктердің, ихенология – қыналардың құрылысын,
тіршілігін жəне таралу заңдылықтарын зерттейді.
Өсімдіктер – тірі ағзалар. Олар да барлық тірі ағзалар
сияқты жасушалардан құралады. Өсімдіктер қоректенеді,
тыныс алады, өседі, дамиды, көбейеді.
Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы. Жанды таби-
ғатты өсімдіктерсіз елестетуге болмайды. Жасыл өсім-
діктер фотосинтез үдерісінде органикалық заттарды
түзеді. Ал органикалық заттар тірі ағзалар үшін қорек көзі
болып табылады. Фотосинтез үдерісінде тірі ағзалардың
тыныс алуына қажетті оттегі бөлініп шығады. Өсімдіктер
ауаны оттегімен байытып, ауаның құрамындағы көмір
қышқыл газын өзіне сіңіріп алады. Өсімдіктер топырақтың
құнарлылығын арттырады жəне оны эрозиядан қорғайды,
сөйтіп топырақтың түзілуіне қатысады. Өсімдіктердің
көптеген түрлері: жусан, жантақ, жоңышқа, изен, кеурек,
сексеуіл, селеу, бетеге сияқтылар мал үшін таптырмас
құнарлы азық болып саналады.
Өсімдіктердің адам өмірінде иелейтін орны өлшеусіз.
Адам баласы олардан азық-түлік өнімдерін, киім-кешек,
құрылыс материалдарын, күнделікті тұрмысқа қажетті
6
заттарды, қағаз, дəрі-дəрмек жəне басқа да көптеген
өнімдер дайындайды.
Өсімдіктер – өміріміздің көркі жəне табиғаттың қай-
таланбас сұлулығы да. Аулаға, мектептің тəжірибе даласы-
на жəне демалыс бақтарына егілген алуан түрлі гүлдерді,
жемісті жəне саялы ағаштарды көргенде, көңілің таудай
көтеріліп, жан сарайың жадырап сала беретіні ақиқат.
Бүгінгі таңда біздің елімізде өсетін өсімдіктерді ұқыпты
пайдалануға жəне оларды қорғауға елеулі назар аудары-
лып келеді. Өзбекстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған
өсімдік түрлері Өзбекстан Республикасының «Қызыл
кітабына» енгізілген (1-сурет). Республикада Табиғатты
қорғау Мемлекеттік комитеті құрылған. Табиғатты қор-
ғау, оны ұқыпты пайдалану мен сақтау, байлықтарын
көбейту əрбір адамның борышы болып табылады. Мек-
теп оқушылары да осынау игілікті іске өздерінің лайықты
үлестерін қосатынына еш шүбə жоқ.
Өсімдіктерді зерттеу тарихы. Өсімдіктерді зерттеу-
дің басталуы ежелгі Тұран ғалымы Теофрастың атымен
тығыз байланысты. Ол өсімдіктердің ауыл шаруашылығы
мен медицинадағы практикалық маңызы жөніндегі
білімдер мен өсімдіктер дүниесі туралы мəліметтерді
жинақтап, бір жүйеге топтастырған.
Орта Азия аумағындағы өсімдіктерді зерттеу өте ер-
те замандардан басталған. Орта Азия, соның ішінде
Өзбек стан өсімдіктеріне қатысты мəліметтерді осыдан
жүздеген мың жыл бұрын өмір сүрген əйгілі ғұламалардың
шығармаларынан да кездестіре аламыз.
1-сурет. Өзбекстан
Республикасының
«Қызыл кiтабына»
енген өсiмдiктер:
1– жұмагүл;
2– шырыш;
3– сəлдегүл (пион)
1
2
3
7
Əбу Райхан Беруни (973 – 1048) өзінің табиғатқа арнал-
ған «Китоб Ас-Сайдана фит-тибб» атты шығармасында,
ал Əбу Əли ибн Сина (980 – 1037) «Китоб ал-қонун фит-
тибб» жəне «Китоб уш-шифо» дейтін шығармаларында
көптеген дəрілік өсімдіктерді сипаттап, олардың шипа-
лық қасиеттерін атап көрсеткен.
Өзбекстанда ботаника ғылымының дамуына Қодир
Зокирович Зокиров (1908–1992), Ахрор Музаффарович
Музаффаров (1909–1987), Евгений Петрович Коровин,
Алексей Иванович Введенский, Фёдор Николаевич Русанов
(1895–1979) тақылеттес ғалымдар елеулі үлестерін қосқан.
§ 2. ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРМЕН
ЖАЛПЫ ТАНЫСУ
Жер бетінде гүлді өсімдіктердің 250 мыңнан астам
түрі анық талған. Бұл өсімдіктердің əрқайсысы өзіне
тəн бел гілерімен бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Гүлді
өсімдіктердің барлығы да өз өмірі ба-
рысында гүлдеп, жеміс түйеді. Олар
тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс пен
тұқым сияқтылардан құралады. Бұлар
өсімдіктердің өзіне тəн белгілері бо-
лып саналады (2-сурет). Əрбір өсім дік
түрінің өзіне ғана тəн ғажайып қасиет-
тері бар. Өсімдіктердің алуан түрлілігін
көрсететін мысалдар өте көп. Бұларға
Сейшель аралындағы ондаған жыл-
дар барысында пісіп-же тілетін, жаң-
ғақтарының салмағы 25 кг-ға жететін
сейшель
пальмасын,
денесінде
200 л-ге дейін су сақтайтын Мексика
кактустарын, Канар арал дарындағы
6000 жылға дейін өмір сүретін айдаһар
ағаштарын, Суматра аралындағы
диаметрі 1 м-ге же тетін рафлезия алып
гүлін мысал етіп көрсетуге болады.
2-сурет. Гүлді
өсімдіктің жалпы
көрінісі. Құртдене
гүл
жеміс
сабақ
жапырақ
тамыр
тамыр жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |