Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет29/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40

99
ды  зерттеп,  оларды  халық  шаруашы лығында  пайдалану 
жолдарын көрсетiп бердi.
1. Улотрикстiң хлорелладан қай жағынан айырмашылығы бар?
2.  Көпжасушалы  жасыл  балдырлардың  жыныстық  көбеюi 
қа лай жүредi?
3. Кладофора мен харалардың құрылысы қандай?
4. Балдырлардың қандай маңызы бар?
5.  Академик  А.М. Музаффаров  балдырларды  зерттеуге  қандай 
үлес қосқан?
§41.  ҚОҢЫР  ЖƏНЕ  ҚЫЗЫЛ  БАЛДЫРЛАР 
БӨЛІМДЕРІ
Теңiз  балдырларының  денесi  өте  iрi,  бойы  бiрнеше 
сантиметрден  тiптi 60–70 метрге  дейiн  болатындары  да 
бар. Олар су астындағы лай, құм, тас т. б. заттарға жабы-
сып өседi. Теңiз балдырларының тұщы су балдырларынан 
айырмашылығы, олардың хроматофорында хлорофилден 
тыс  каротин,  ксантофил  (қызылша),  сондай-ақ  қоңыр 
жəне қызыл түс беретiн пигменттер бар.
Теңiз  балдырларына  жататын  өсiм дiктерден  Лами-
нария  туысына  жататын  жапон  ла-
минариясын  мысалға  алуға  болады 
(84-сурет).
Жапон  ламинариясы  теңіз  құрлы-
ғынан бастап 20–35 м тереңдікке дейінгі 
жəне  судың  тұрақты  қозғалып  тұратын 
жерлерінде  өседі.  Ол  əсіресе  Жапон 
теңізінің солтүстік бөлігінде кең тараған. 
Жапон  ламинариясы – iрi  өсiм  дiк
де несiнiң  жоғарғы  бөлiгi  ұзын  таспа-
тəрiздi, бойы 6–12 м, енi 10–75 см келедi. 
Ал төменгi бөлiгi қысқа, цилиндр тə рiздi 
немесе өркен тəрiздi болып келедi. 
Жапон ламинариясы жыныссыз (зо-
оспоралар  арқылы)  жəне  жыныстық 
жолдармен көбейедi.
84-сурет.
– Қоңыр су 
бал дыры: жапон 
ламинариясы; 
– Қызыл су 
балдыры: порфира; 
3 – Жасыл су 
балдыры: ульва.


100
Өсiмдiк денесiнде көп мөлшерде дə румендер мен қант 
жəне басқа қоректiк заттар жиналады. Сондықтан да адам-
дар оған «Теңiз орамжапырағы» деп ат қойған.
Ламинариядан  тыс  қызыл  балдыр – немалион  жəне 
жасыл балдыр – ульва сияқты теңiз балдырлары тамаққа 
көп қолданылады. 
Норвегия, Исландия, Шотландия, Ирландия жəне Ан-
глия сияқты мемлекеттердiң теңiз жағалауларында үй жа-
нуарлары балдырлармен бағылады, өйткенi олар өздерiнiң 
химиялық құрамы жағынан сапалы шөптен қалыспайды.
Өнеркəсiпте теңiз балдырларынан йод, бром алынады.
Қызыл  балдырлардан  агар-агар  алынады.  Агар-
агар  азық-түлiк  өнеркəсiбiнде  мармелад  пен  балмұздақ 
даярлау да көп қолданылады. Бұдан тыс агар-агар зертха-
наларда бактериялар, саңырауқұлақтар сияқты ағзаларды 
өсiру үшiн қорек ретiнде де қолданылады.
1.  Теңiз  балдырларының  тұщы  су  балдырларынан  қандай 
айырмашылығы бар?
2. Теңiз балдырлары қалай кө бейедi?
3. Теңiз балдыры – ламинария қалай тү зiлген?
4.  Теңiз  балдырларын  халық  шаруашылығында  қалай  пайдала-
нады? 
§ 42. МҮКТЕР   БӨЛIМI
Мүктердiң  Жер  жүзiнде 20 мыңнан  артық  түрi  кез-
де седi.  Олар  негiзiнен  ылғалды  топырақтарда  өсуге 
бейiмделген.  Мүктер –жапырақты  жəне  сабақты  өсiм-
дiктер, оларда тамыр болмайды. Ал тамырдың қызметiн 
ризоидтар  атқарады.  Көбеюi  жыныстық  жəне  жыныс-
сыз  буындардың  кезектесуiмен  жүзеге  асады.  Бiрақ 
бұлардың тiршiлiгiнде жыныстық көбею үстемдiк етедi.
Мүктер – жоғары сатылы өсiмдiктердiң ең ежелгi жəне 
өте қарапайым түзiлген өкiлдерi, олардың бойы 4–5 мм-
ден 40 см-ге дейін жетедi. Кейбiреулерiнiң денесi жапырақ 
тəрiздi  талломнан  тұрады.  Көпшiлiк  мүктердiң  денесi 
сабақ  жəне  жапырақ  болып  бөлiнген,  бiрақ  олардың  та-


101
мыры  болмайды,  олар  топыраққа  арнайы  өсiндiлер  (ри-
зоидтар)  арқылы  бiрiгiп  тұрады.  Мүктер  тамыры  мен 
өткiзушi  жүйелерi  жоқтығы  жағынан  басқа  жоғары  са-
тылы өсiмдiктерден айырмашылығы бар жəне дамуы бо-
йынша олардан кейiн тұрады.
Мүктер  споралар  арқылы  көбейедi.  Олардың  жыныс 
мүше лерi көп жасушалы болады, аталық жыныс мүшесi –
антеридий, ал аналық жыныстық мүшесi архегоний деп 
аталады. Мүктердiң ұрықтануы суда, қозғалғыш сперма-
тозоидтар арқылы жүзеге асады.
Сабақжапырақты мүктер табиғатта кең таралған, кей-
де тундрада, батпақтар мен ылғалды жерлерде жер бетiн 
тү гелдей қаптап алады. Бұған мысал ретiнде Орта Азия 
жазықтықтарында  кең  таралған  фунария  мүгiн  айтуға 
болады (85-сурет).
Фунария мүгi – бойы 1–3 см келетiн бiр үйлi өсiмдiк. 
Бұл өсiмдiктiң солғын жасыл түстi кiлемшелерге ұқсас 
жиынтықтарын – шымдарын  ерте  көктемде  ылғал  жер-
лерден, арық жағаларынан, қорғандардың ылғалданған 
қабырғаларынан,  ауланың  күн  аз  түсетiн  жерлерiнен, 
ағаш қабықтарынан көруге болады.
Фунарияның жапырақтары не гiзiнен бiр қабат жасу-
шалардан құ ралған. Фунария жапырақтарының жа суша-
ларында хлорофилл түйiр шiктерi бар. Бұл жапырақтарда 
жарықта көмiр қышқыл газы, су жəне минералды тұздар-
дан крахмал жəне басқа органикалық заттар пайда болады.
85-сурет. 
Фунария мүгі
спорангий
споралар
спорангий
жапырақ
сабақ
ризоид


102
86-сурет. Мүктердің өмір сүру циклі:
1 – сабақжапырақты өсімдік; 2 – антеридий; 3 – архегоний; 
4–5 – спорофиттің көбеюі; 6 – спорангий жəне споралар; 7–8 – жасыл 
жіпшелер; 9 – сабақжапырақты өсімдік; 10 – ұрықтану.
1
2
3
4
5
10
6
7
8
9
Фунария мүгiнiң көбею жолы едəуiр күрделi. Саба ғының 
ұшындағы  көп  жасушалы  еркектік  жыныс  мү шелерi – ан-
теридийлерде  көп  мөлшерде  екi  талшықты  қозғалғыш 
жыныс жасушалары сперматозоидтар пайда болады.
Аналық  жыныс  мүшелерi – архегонийлер  мойны  ұзын 
колба  пiшiндес  болады.  Əрбiр  архегонийде  бiреуден 
тұқым жасуша пайда болады.
Көктемгi  жауын-шашын  кезiнде  мүктердiң  үстiн  су 
басып, антеридий жəне архегонийлардың ұшы ашылады. 
Сперматозоидтар антеридийден суға шығып, талшықтары 
арқылы  қозғалып,  архегонийлердiң  iшiне  кiредi  жəне 
олардың iшiн дегi тұқым жасушамен қосылып зигота пай-
да болады. Арадан көп өтпей архегонийдiң iшiнде пайда 
болған зигота өсiп, қысқа сағақты, iшiнде споралар пай-
да  болатын  көсекше – спорангийге  айналады.  Споралар 
жетiл геннен соң төгiледi де, таралады.
Спорадан жыныстық буын гаметофит дамиды. Ылғал 
топыраққа түскен спора өсiп, көп жасушалы, бұтақтанған, 
жiңiшке  жасыл  жiптердi  түзедi.  Жiп  бұтақтарында 
бүршiктер пайда болады. Ал əрбiр бүршiктен жаңа фуна-
рия мүгi өсiп шығады (86-сурет).
Осылайша  зиготадан  жыныссыз  буын  басталады.  Ол 
спорангий  сағағынан,  спорангийден  жəне  оның  iшiндегi 
споралардан тұрады.
Мүктер – жоғары   сатылы   өсiмдiктердiң   төменгісі  бо-
лып есептеледi.


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау