Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет1/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40


«O‘ZBEKISTON»
TOSHKENT
2017
Жалпы орта білім беретін мектептердің
6-сыныбына арналған оқулық
Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру
министрлігі бекіткен


ISBN-978-9943-01-424-4
Республика мақсатты кітап қорының
қаржылары есебінен басылды.
© «O‘ZBEKISTON» БПШҮ, 2017
© У. Пратов жəне басқ, 2017
O‘quv  nashri
O‘. PRATOV, A.S. TO‘XTAYEV , F.O‘. AZIMOVA,
M.T. UMARALIYEVA, I.Z. SAPARBOYEV
BIOLOGIYA
(BOTANIKA)
(Qozoq tilida)
Umumiy orta talim maktablarining 6-sinf oquvchilari uchun darslik
Аударған А. Ташметов     Редакторы Г. Нишанова
Көркемдеушi редакторы Х. Қутлуков    Техникалық редакторы Б. Каримов
Кіші редакторы Г. Ералиева    Корректоры Ғ. Эсанбекова
Компьютерде беттеген Г. Құлназарова
Баспа лицензиясы АІ № 158,  14.08.2009.
Басуға 2017 жылы 3 августта рұқсат етілді. Қалыбы 60х90
1
/
16
.
Қарібі «Times New Roman». Кеглі 12, 10. Офсеттік əдіспен басылды.
Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы 9,0. Есептік баспа табағы 8,72.
Таралымы 5343 дана. Тапсырыс № 17-263.
Өзбекстан Баспасөз жəне ақпарат агенттiгiнiң
«O‘zbekiston» баспа-полиграфия шығармашылық үйiнде басылды.
100011, Ташкент, Науаи көшесi, 30.
Телефон: (371) 244-87-55, 244-87-20  Факс: (371) 244-37-81, 244-38-10
e-mail: uzbekistan@iptd-uzbekistan.uz    www.iptd-uzbekistan.uz
УЎК: 85(075)+811.512.122
КБК  28.5я72
         П 64
У.  Пратов  жəне  басқ.  Биология  (Ботаника) /6-сыныпқа  арналған  оқулық/  
«O‘zbekiston». T.: 2017.  – 144 бет.
ISBN-978-9943-01-424-4
УЎК: 85(075)+811.512.122
КБК 28.5я72
П і к і р   ж а з ғ а н д а р :
Т. Рахимова – ӨзР  ҒА  Өсімдіктер  мен  жануарлар  əлемі  генофонды 
институтының профессоры, биология ғылымдарының докторы;
У.Э. Рахматов – Низами атындағы ТМПУ Табиғи ғылымдар факультеті 
Биологияны оқыту əдістемесі кафедрасының оқы тушысы;
М. Пулатова – Ташкент  қаласы  Яшнабад  ауданындағы 69-жалпы  білім 
беретін орта мектептің биология оқытушысы;
М. Хақназаров – Ташкент облысы Алмалық қаласындағы 18-жалпы білім 
беретін орта мектептің биология оқытушысы.
Шартты белгілер
Практикалық
жұмыс
Қосымша 
мəлімет
Сұрақтар
П 64


3
СӨЗ  БАСЫ
Қадірлі  оқушылар!  Сендер  бұл  оқулықтан  табиғатта 
өлшеусіз  орын  иелейтін  өсімдіктер  дүниесімен  таныса-
сыңдар.  Сен  өсімдіктер  жайындағы  алғашқы  білімдерді 
бас тауыш  сыныптарда  өтілген  «Айналамыздағы  əлем», 
«Табиғаттану» сабақтарынан біліп алғансың. Осы сабақ-
тарда алған білімдерің сен үшін жаңа пəн – биологияның 
(тіршіліктанудың) бір бөлімі болып табылатын ботаника-
ны (өсімдіктануды) бұрынғыдан да тереңірек біліп алуыңа 
үлкен септігін тигізеді.
Оқулықтың  бірінші  тарауында  ботаниканың  негізгі 
бөлімдері, ботаниканың даму тарихы, өсімдіктердің ті рі ағза 
ретінде  табиғаттағы  жəне  адам  өміріндегі  маңызы,  олар-
ды  ұқыпты  пайдалану  жəне  қорғау  əдістері,  өсімдіктердің 
тіршілік  пішіндері  жөнінде  сөз  қозғалады.  Екінші  тарау-
да  өсімдік  жасушасының  құрылысымен,  жасушалардың 
тіршілік  қызметімен  жəне  өсімдік  ұлпаларымен  таныса-
сыңдар. Оқулықтың үшінші тарауынан гүлді өсімдіктердің 
вегетативтік  жəне  генеративтік  мүшелерін,  олардың  құ-
рылысы  мен  міндеттерін  үйре несіңдер.  Төртінші  тарауда 
гүлді өсімдіктердің тір шілік қызметі – олардың қоректенуі, 
тыныс алуы, өсуі, дамуы, көбеюі туралы əңгіме болады.
Жер  бетінде  өсімдіктер  қаншалықты  көп  болғанымен, 
олардың  əрқайсысының  ғылыми  атауы  бар,  оларды  бір-
бірінен  айыра  білудің  өзіне  тəн  əдіс-амалдары  бар.  Əрбір 
мемлекеттің  белгілі  бір  аумағында  өсетін  өсімдіктері, 
ғы лыми  тілмен  айтқанда  флорасы  бар.  Өсімдіктер  келіп 
шығуына, өзара ұқсастық деңгейі мен тарихи дамуына орай  
белгілі бір тəртіпке – жүйеге келтіріледі. Бұл жөніндегі білім-
дерді сендер оқулықтың бесінші тарауынан біліп аласыңдар.
Əрбір  тақырыптан  кейін  иелеген  білімдеріңді  тек-
серіп  көру  үшін  біліктілік  сұрақтары,  тапсырмалар  бе-
рілген.  Оқулықтан  орын  алған  практикалық  жұмыстар, 
зертханалық  жаттығулар  мен  қосымша  мəліметтер  өсім-
діктер жөніндегі білімдеріңді ұлғайта түседі.


4
І  ТАРАУ.  ӨСІМДІКТЕР  ДҮНИЕСІМЕН
ЖАЛПЫ  ТАНЫСУ
§ 1. БОТАНИКА – ӨСІМДІКТЕР
ЖАЙЫНДАҒЫ  ҒЫЛЫМ
Табиғатты алуан түрлі өсімдіктер əлемінсіз елестетудің 
өзі қиын. Жер бетінде өсімдіктердің түрлері өте кең та раған. 
Бұл өсімдіктерді қапырығы бет күйдіретін шөлдер ден бас-
тап, сонау шыңдары аспанмен таласқан асқаралы тауларға 
дейінгі сан алуан топырақтар мен климат жағдайларынан 
кездестіруге  болады.  Табиғатта  теңіз,  өзен,  көл  жəне 
канал-арық бойларында, сонымен қатар батпақты жерлер-
де өсетін өсімдіктер де аз емес. Олар сан жылдар бары-
сында əр түрлі жағдайларда өсуге бейімделген.
Бүгінгі  таңда  Жер  жүзінде  өсімдіктердің 500 000-нан 
астам  түрі  барлығы  анықталып  отыр.  Ал  Өзбекстанда 
табиғи күйде өсетін жоғары дамыған өсімдіктердің 4500 
түрі белгілі.
Өсімдіктердің сыртқы жəне ішкі құрылысын, олар дың 
сыртқы  ортамен  өзара  қарым-қатынасын,  өсімдік тер дің
өсуі  мен  дамуында  байқалатын  тіршілік  үде рістері: 
қо ректену,  суды  буландыру,  фотосинтез  үде ріс те-
рін,  өсімдіктердің  келіп  шығуын,  жер  бетіне  таралу 
заңдылықтарын,  сонымен  қатар  өсімдіктер  дүниесін 
олардың белгілерін негізге ала отырып, белгілі бір жүйеге 
салуды, оларды ұқыпты пайдалану жəне қорғау əдістерін 
биологияның бір бөлімі болып саналатын «Ботаника» пəні 
зерттейді. Ботаника – грекше «botane» сөзінен алынып, 
шөп, көк, өсімдік деген мағыналарды білдіреді.
«Ботаника» пəнінің негізгі бөлімдері. «Ботаника» пə ні 
бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше бөлімдерді қамтиды.
Өсімдіктер морфологиясы өсімдік мүшелерінің сыртқы 
құрылысын зерттейді. Өсімдіктер анатомиясы өсімдіктің 
ішкі  құрылысын,  өсімдіктер  физиологиясы  өсімдіктегі 
тіршілік үдерістерін: тыныс алу, фотосинтез, минералды 
заттарды  қабылдау,  суды  буландыру  сияқтыларды  зерт-


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау