Flash-жады өзінде еркін таңдауы бар жады (RAM) жəне тұрақты
жадтау құрылғысы (ROM) қасиеттерін үйлестіреді, яғни RAM
сияқты ақпаратты өзгерте алады жəне ROM сияқты қоректен
ажыратылғанда ақпаратты жоғалтпайды. Flash-жадыға жазылған
ақпарат 100 жылға дейін сақталады жəне 1 млн циклға дейін қайта
жазуға жол береді.
Flash-жадының екі негізгі типі шығарылады:
■
NOR (Not OR — логикалық ЖОҚ—НЕМЕСЕ) — 1988 ж. Intel
компаниясымен жасалып шығарылған;
■
NAND (Not AND — логикалық ЖОҚ—ЖӘНЕ) — 1989 ж Toshiba
компаниясымен жасалып шығарылған.
NOR-жады деректердің еркін оқу-жазылу мүмкіндігін (жеке
байттарға дейін) жəне тез оқылуы қамтамасыз етеді, бірақ жазу мен
өшіруге қатысты баяу схемалары. Сонымен қатар мұндай жадының
ірі ұяшықтары (əрбіреуіне байланыс орнату керек) болады, ол
сыйымдылықты дайындау мен арттыруда қиындық тудырады.
Кодты сақтауға есептелген.
NAND-жады блоктік қол жеткізуді, өшіру мен жазудың жылдам
процедураларын,
модульдердің
сыйымдылығын
арттыру
қарапайымдылығы мен арзандылығын қамтамасыз етеді. NAND
Flash-жадысында деректер блоктап оқылады. Бірліктік блок өлшемі
256 байт бастап 256 Кбайт дейін ауытқиды. Барлық заманауи
микросхемалар əр түрлі өлшемдегі блоктармен жұмыс істеуге
мүмкіндік
береді.
NAND
Flash-жадысының
блоктық
ұйымдастырылуының арқасында ол арзан, жалпы қосымшалар үшін
оңтайландырылған, кең таралған формасы болып табылады.
Қарапайым жағдайда Flash-жадысының бір ұяшығында бір бит
болады жəне бір немесе екі өрістік транзисторларда орындалуы
мүмкін. Бұл термин осы саланың əлеуеті тұрақты болатындықтан
пайда болды, ол оған электрон, яғни заряд шоғырландыруға
мүмкіндік береді, жəне дəл осы жерде ақпарат сақталады. Зарядтың
болуы немесе болмауы бір битті кодтайды: логикалық 1 — заряд
жоқ, логикалық 0 — бар. Жады деректерін жазу-өшіру процесінде
ажырамас бөлігі болып табылатын «қалқымалысынан» жоғары
басқарушы жапқыш болады. Бастауы мен аяғы арасында
бағдарламау кезінде оң өріс салдарынан басқарушы жапқышта
канал – электрондар ағыны құрылады. Электрондардың кейбіреуі
көп энергия болуына байланысты диэлектрик қабатынан өтеді жəне
«қалқыма» жапқышқа түседі, онда бірнеше жылдар бойы
сақталады.
113
3.16
-сурет
. Өрістік транзистор негізіндегі Flash-жады ұяшығы. Күйлер сəйкес келеді:
а
— логикалық 0 (ағып кету жерінен бастауға қарай ток жоқ);
б
— логикалық 1;
в
— құрылым
Ақпаратты өшіру үшін басқарушы жапқышқа жоғары теріс кернеу
беріледі, жəне электрондар «қалқыма» жапқыштан бастауына өтеді
(туннельдейді).
114
Flash-жады ақпаратты басқа тасымалдағыш түрлерін пайдалану
мүмкін емес күрделі қолдану жағдайларында басқару жүйелерінде
кең қолданыс тапты. Мысалы өндірісте, транспортта, авиация мен
ғарыш саласында. Сонымен қатар Flash-жады тұрмыстық қолдануда
да тиімді. Ол кез келген компьютер құрамына, сондай-ақ əр түрлі
құрылғыларға (CD-ROM, видеоадаптер, дыбыстық карта, модем)
жүйелік тақтаның BIOS микросхемасы ретінде кіреді. Ұялы
телефондардың SIM-картасында Flash-жады болады.
Портативті техника құрылғыларында мынадай Flash-жады
негізгі типтері қолданылады:
■
CompactFlash Card — ауыспалы жады картасы сандық
фотокмераларда;
■
SmartMedia
Card
жинақты
Flash-плеерлер,
сандық
фотокамералар үшін;
■
Multi Media Card мобильдік құрылғылар үшін;
■
SecureDigital Card аудио- жəне бейнетехника, мобильдік
құрылғылар, сандық фотокамералар үшін;
■
MemoryStick Card — Sony сандық техникасы.
Сонымен қоса Flash-жады сақтауды, лезде жаңғырту мен
алынған ақпаратты буферлеуді талап ететін автожауап бергіштерде,
факстарда жəне басқа құрылғыларда қолданылатын дəстүрлі
модульдер – жедел жады тақталары түрінде шығарылады.
Сыртқы түрінен бөлек осы ауыспалы жады карталарының жазу-
оқу жылдамдығында, ең үлкен жылдамдықта, энегрия пайдалануда
принципалды ерекшеліктері бар.
ДК пайдаланушылары арасында USB-Flash кең таралған. Flash-
жинақтауыштарының осы типі 2001 ж. пайда болды жəне иілгіш
магнит дисктердегі жинақтауыштарды белсенді түрде ығыстыра
отырып жеткілікті түрде танымал бола бастады, өйткені кішкентай
өлшемде үлкен жады көлемі болады, деректерді жылдам
тасымалдауға қабілетті болады, жоғары беріктілікпен ерекшеленеді.
Жинақтауышты пайдалану үшін оны компьютердің Windows ОЖ-
мен USB-портқа жалғау жеткілікті.
Құрылғыларды принципиалды тұрғызу схемасы 1995 ж. бері
өзгеріссіз қалады, ол кезде «флэшкалар» алғаш рет өнеркəсіптік
масшатбтарда өндіріле бастады. Негізінен USB Flash-карта үш
негізгі элементтерден тұрады:
■
USB жалғағышы — флэшка мен дербес компьютер жүйесі
болсын, мультимедиялық орталық немесе автомагнитола жүйесі
болсын компьютерлік жүйе арасындағы интерфейс;
115
■
жады контроллері — құрылғы жадысы мен USB жалғағышының
байланысын орнатады жəне екі жаққа да деректер тасымалдауды
жүргізеді;
■
жады микросхемасы — USB Flash-картасының ең маңызды
бөлігі. Картада сақталатын ақпараттың көлемін, деректерді оқу-
жазу шапшаңдылығын анықтайды.
USB Flash-карталардың негізгі сипаттамалары жылдамдық пен
жады көлемі табылады. 2016 ж. нарықта көрсетілген флешкалар 256
Гбайт дейін жады көлеміне ие болды жəне 28,5 Мбайт/с ең көп жазу
жылдамдығымен (Kingston HyperX Savage), ал ең көп оқу
жылдамдығы 132 Мбайт/с (Kingston DataTraveler 150) қамтамасыз
етті. Қосылу интерфейстері — USB 2.0 жəне USB 3.0, сондай-ақ
micro USB.
Флешкалар үшін USB-жалғағыштың төрт негізгі типі
қолданылады:
■
ашық жалғағыш ультра кіші флешкаларда кездеседі. Оның
артықшылықтары — флешка өлшемінің кішіреюі, ақпаратқа қол
жеткізудің жылдамдауы. Кемшілігі болып жалғағыштың
контактілі пластинасының қорғанысының болмауы табылады,
ол флешканың мықтылығын біршама төмендетеді;
■
классикалық қақпақша — USB жалғағышы үшін сенімді
қорғаныс. Заманауи қақпақшалар пластиктан ғана емес,
резеңкеден де дайындалады. Резеңке қақпақша жалғағышты
ылғалдан жəне шаңнан тиімді қорғауға мүмкіндік береді,
сонымен қатар мұндай қақпақша корпуста жақсы ұсталады жəне
бекіткішті талап етпейді. Осындай конструкцияның кемшілігі
қақпақшаны жоғалту мүмкіндігімен байланысты. Бірақ
сарапшылар осындай конструкциялы флешканы бірталай мықты
деп есептейді;
■
слайдер — USB жалғағышы флешка корпусында тығылады жəне
арнайы сырғымамен одан алынады. Осындай шешімнің басты
кемшілігі — бекіткіштің мүмкін сынуы. Сынған жағдайда
флешканы қолдану күрделі болады, USB жалғағышын
компьютер портына орнату мүмкін емес болады. Басқа
кемшілігі USB жалғағышының шаң мен ылғалдан нашар
қорғанысы болатынында, тек физикалық əсерлерден ғана қорғай
алатынында;
■
жақша — шығып тұратын USB жалғағышы бар флешка
корпусы
тұтқамен
жабылады,
оның
корпус
ұшында
жалғағыштан қарсы бағытта айналу нүктесі болады. Осындай
конструкцияның кемшілігі USB жалғағышты жабатын тұтқа
жұмсақ бекіткішпен қамтамасыз етіледі, сондықтан оған
флешканы орналастырған кезде жылжыту керек болады. Шаң
116
мен ылғалдан қорғау көп жағдайда болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |