Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет38/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107

Адам 
үшін  монитордың  қауіпсіздігі  ТСО  стандарттарымен 
регламенттеледі: ТСО-92, ТСО-95, ТСО-99, TCO-03, ТСО-04, ТСО-06. ХХІ 
ғасырдың 
екінші  онжылдығында  ЭСТ-мониторлар  басқа  типті 
мониторлармен толықтай дерлік ығыстырылып шығарылған. Алайда ЭСТ- 
мониторлардың  бірнеше  пайдалану  облысы  қалып  тұр,  оның  ішінде 
цифрлық  фотосуреттерді  өңдеу,  үшөлшемді  үлгілеу  бағдарламаларымен 
жұмыс  жəне  басқалары.  Кəсіби  дизайнерлер  ЭСТ-мониторлармен  жұмыс 
жасағанды дұрысырақ көреді, себебі оларға экранда түрлі түсті гамманың 
сапалы  бейнелеу,  сонымен  қатар  шолудың  барынша  кең  бұрыштары  
қажет. 
 
 
4.1.2.  Сұйықкристалды мониторлар 
 
СК-мониторлар  (LCD  —  Liquid  Crystal  Display)  жалпақ  панельді 
нарығының негізгі үлесін құрайды. Сұйық кристалдар калькуляторлар мен 
кварцты сағаттарға арналған дисплейлерде ең алғашқы қолдануын тапқан, 
содан  соң  оларды  портативті  компьютерлерге  арналған  мониторларда 
қолдана бастаған. Қазіргі уақытта бұл облыста ілгерілеу нəтижесінде үстел 
үстіне  қоятын  компьютерлерге  арналған  LCD-мониторлар  кеңінен 
қолданыс тапты. 
СК-монитордың негізгі элементі СК-экран болып табылады, шыныдан 
жасалған  екі  панельден  тұрады,  олардың  арасында  сұйық  жағдайда 
болатын,  алайда  кристалл  денелерге  тəн  кейбір  қасиеттері  бар 
сұйықкристалды  зат  қабаты  орналасқан.  Нақты  айтқанда  бұл 
молекулалардың  бейімделуінің  тəртіптілігімен  байланысты,  қасиеттің 
анизотропиясына  ие  (оның  ішінде,  оптикалық)  сұйықтықтар.  Сұйық 
кристалдар  молекулалары  электрдің  əсер  етуімен  өзінің  бағытын  өзгерте 
алады  жəне  осының  салдарында  олар  арқылы  өтетін  жарық  сəулесінің 
қасиеттерін  өзгерте  алады.  Олай  болса,  СК-мониторларда  кескіннің 
қалыптасуы сұйықкристалды затқа қойылған электр кернеуінің өзгеруі мен 
оның молекулаларының бағытының өзгеруі арасындағы өзара байланысқа 
негізделген. 
СК-монитордың  экраны  бөлек  ұяшықтардың  (пиксель  деп  аталады) 
ауқымын  береді,  олардың  оптикалық  қасиеттері  ақпаратты  бейнелеу 
кезінде  өзгере  алады.  4.5-сурет  СК-монитордың  ұяшығының  əрекет  ету 
принципін  мысалға  келтіреді.  СК-монитордың  панельдерінің  бірнеше 
қабаты  болады,  олардың  ішінен  натрийден  бос  жəне  өте  таза  шыны 
материалдан  жасалған  екі  панель  маңызды  рөл  атқарады,  олардың 
арасында  сұйық  кристалдардың  жұқа  қабаты  орналасқан.  Панельдерге 
параллель қарықтар жағылған, олардың бойымен кристалдар қалыптасады. 
 
 
124 


 
 
4.5 
-сурет. СК-монитордың ұяшығының əрекет ету принципі:
 
а 
—сыртқы электр өрісі болмаған кезде; 
б 
— төсемдер арасындағы кернеу 
 
 
Панельдер төсемдердегі қарықтар өзара перпендикуляр болатындай 
қылып  орналастырылған.  Қарықтар  алу  технологиясы  жұқа 
пленкалардың  шыны  бетіне  мөлдір  пластикті  жағуда  болады. 
Қарықтармен жанасып, сұйық кристалдардағы молекулалар барлық 
ұяшықтарда бірдей бейімделеді. 
Сұйық кристалды панель жарық көзімен жарықтандырылады (ол 
қайда  орналасқанына  байланысты,  сұйық  кристалды  панельдер 
шағылуға немесе жарық өтуіне жұмыс жасайды. Жарық көзі ретінде 
төменгі  энергия  тұтынумен  сипатталатын  салқын  катодты  арнайы 
электр  люминесценттік  шамдар  қолданылады.  Сұйық  кристалдың 
(нематиктер) түрлерінің бірінің молекулалары ұяшық арқылы өтетін 
төсемдердегі кернеу болмаған кезде электромагнитті өрістің электр 
кернеулігінің  векторын  жарық  толқынында  бұрады,  шоғырдың 
таралу  осьіне  перпендикуляр  жазықтықтағы  кейбір  бұрышқа 
бұрады.  Қарықтарды  жағу  барлық  ұяшықтар  үшін  бірдей  бұрылу 
бұрышын  қамтамасыз  етеді.  Іс  жүзінде  əр  СК-ұяшық  электронды 
басқарылатын  жарық  сүзгісін  береді,  оның  əрекет  принципі  жарық 
толқынының поляризация əсеріне негізделген. 
 
 
 
125 


Жарық  сəулесінің  поляризация  жазықтығының  бұруы  көзге  байқалуы 
үшін, шыны панельдерге поляризациялы сүзгіштерді беретін қосымша екі 
қабатты  жағады.  Бұл  сүзгіштер  поляризатор  мен  талдағыш  қызметін 
атқарады. 
СК-монитордың  ұяшығының әрекет  принципі  (4.5-суретті  қараңыз) 
келесіде  болады.  Төсемдер  арасында  кернеу  болмаған  кезде  СК- 
монитордың  ұяшығы  мөлдір  болады,  себебі  төсемдердегі  қарықтардың 
перпендикуляр  орналасуы  жəне  сұйық  кристалдардың  оптикалық  осьінің 
сəйкес  бұрауы  салдарынан  жарық  поляризация  векторы  бұрылады  жəне 
поляризатор-талдағыш  жүйесі  арқылы  өзгеріссіз  өтеді  (4.5,  а-сурет). 
Сұйық  кристалды  заттың  молекуласының  сəйкес  бұрылуын  қамтамасыз 
ететін  ұяшықтардың  бағдарлаушы  жырашықтары  90°  бұрышы  астында 
орналасқан,  ол  твистирленген  нематикалық  деп  аталады.  Төсемдер 
арасында  3...10В  кернеуін  түзген  кезде  сұйық  кристалды  заттың 
молекулалары  өрістің  күш  сызықтарына  параллель  орналасады  (4.5,  б- 
сурет).  Сұйық  кристалды  заттың  твистирленген  құрылымы  бұзылады, 
жəне  ол  арқылы  өтетін  жарықтың  поляризация  жазықтығының  бұруы 
болмайды.  Нəтижесінде  жарықтың  поляризация  жазықтығы  талдағыш 
поляризация  жазықтығымен  үйлеспейді,  жəне  СК-ұяшық  мөлдір  емес 
болып шығады. Әр СК-ұяшыққа қойылған кернеу ДК қалыптасады. 
Түрлі түсті кескінді экранға шығару үшін жарық СК-дисплейдің артқы 
бөлігінде 
пайда 
болатындай 
етіп 
монитордың 
арт 
жағынан 
жарықтандыруы  жүргізіледі.  Түс  СК-ұяшықтарының  триадаға  бірігуі 
нəтижесінде  қалыптасады,  олардың  əрқайсысы  үш  негізгі  түстің  біреуін 
өткізетін жарық сүзгішімен жабдықталған. 
СК-мониторлардың 
ажыратымдылығын 
көбеюі 
арнайы 
технологиялардың көмегімен қол жеткізіледі. 
Молекулалардың  бұрауы  90°  тең  болатын  технология  твистирленген 
нематикалық деп аталады (TN — Twisted Nematic). Бұл технологияны іске 
асыратын  СК-мониторларының  кемшіліктері  төменгі  тез  əрекеттікпен; 
кескін сапасының (ашықтық, кереғарлық) сыртқы жарық бергішке тəуелді 
болуымен; ұяшықтардың барынша өзара əсерімен; кескін жақсы көрінетін 
көрудің шектеулі бұрышымен, сонымен  қатар кескіннің төмен ашықтығы 
мен қанықтығына байланысты болады. 
СК-мониторлардың  жетілдіру  жолындағы  келесі  кезең  СК-заттың 
молекулаларының  бұру  бұрышын  TN-технологиясының  көмегімен  90    - 
нан 270° дейін көбейту болды (Super-Twisted Nematic). Жиі STN-ұяшықтар 
жұбымен  қолданылады.  Мұндай  құрылым  DSTN  (Double  Super  Twisted 
Nematic)  деп  аталады,  мұндағы  бір  екі  қабатты  DSTN-ұяшық  екі  STN- 
ұяшықтан  тұрады,  жұмыс  жасау  кезінде  олардың  молекулалары  қарама 
қарсы жаққа бұрылады. 
 
 
126 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау