Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет34/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107

Лазерді пайдалану арқасында қалпақшаларды өте дəл позициялауға 
болады жəне соған сəйкес таспада жолды өте жақын орналастыруға 
болады.  Еще  одной  инновацией  Super  DLT  тағы  бір  инновациясы 
POS (Pivoting Optical Servo) синхрондау жүйесі табылады, таспаның 
қайта  форматталуын  қажет  етпейтін  өндіріс  процесінде  таспаға 
жүргізілген кіріктірілген сервожолмен жұмыс жасайды. 
Мысалы,  DLT-S4  жинақтауыштары  көп  ресурстарды  талап 
ететін  қосымшалармен  жұмыс  істеу,  көп  деңгейлі  орталар,  IT 
саланың  ең  маңызды  учаскелерінде  жұмыс  істеу  үшін  арнайы 
жобаланды. 
DLT-S4  сыйымдылығы  1,6  Tбайт,  ол  алыстатылған  кеңселер 
немесе  жұмыс  топтарын  жалғыз  таспалы  картриджде  қолдаумен 
қамтамасыз  етеді.  DLT-S4  басқару  мен  қорғаудың  кеңейтілген 
кіріктірілген  функциялары  болады.  Деректерді  тасымалдау 
жылдамдығы  60  Мб/с  (компрессиясыз)  жəне  120  Мб/с  компрессия 
болғанда. 
1998  ж.  LTO  технологиясын  (Linear  Tape-Open)  магнит  таспада 
жинақтауыштардың  үш  ірі  өндірушілері  —  IBM,  Hewlett-Packard 
жəне  Seagate  Technology  бірлесіп  жасап  шығарды.  Осы  стандартта 
деректерді  жазудың  қолданылатын  форматы  Ultrium  болып 
табылады. Заманауи құрылғыларда алтыншы буындағы Ultrium LTO 
технологиясы қолданылады (LTO-6). 
LTO  картриджінің  ішінде  картридж  орнатылған  кезде  беруші 
болып  табылатын  таспа  бір  катушкаға  оралады. Таспаның  ұшында 
арнайы концевик бекітіледі, ол таспаны берік ұстап тұру үшін жəне 
қабылдағыштың  ішінде  болатын  қабылдағыш  катушкада  бекітілуі 
үшін жинақтауышпен қолданылады. 
Әрбір      LTO        картридждің        арнайы        кіріктірілген        LTO-    
CM  (Cartridge  Memory)  чипі  болады.  Таспалық  кітапханалар 
құрамында  қолдануға  арналған  сыртқы  оқығыштар,  сондай-ақ 
автономдық  оқығыштар  болады.  Олардың  кейбіреулері  LTO-CM 
құралдарымен  картридждегі  деректерге  қолжетімділікке  рұқсат 
беретін  кілтті  енгізгенге  дейін  уақытша  бұғаттауға  мүмкіндік 
береді,  ол  мысалы,  бір  территориядан  екіншісіне  құпия  ақпараты 
бар картридждерді тасымалдау кезінде қолданылуы мүмкін. 
Мысалы, магнит таспадағы ішкі жинақтауыш HP StoreEver LTO- 
6  Ultrium  6650  (EH963A)  SAS  интерфейсімен  үйлесімді  таспалық 
библиотекаға жəне автожүктегіштерге орнатуға арналған жəне LTO 
жинақтауыштардың  алтыншы  буыны  болып  табылады.  Оның 
сыйымдылығы  6,25  Тбайт,  ал  2,5:  1  қысу  кеінде  тасымалдау 
жылдамдығы — 1,45 Тбайт/сағ жетеді. 
 
 
110 


Осындай  жетек  негізінде  резервтік  көшіру  жүйесі  картриджді 
5000 кем емес жүктеу/түсіруді 15 бастап 30 жылға дейін сақталуын 
қамтамасыз ететін заманауи жəне сенімді шешім болып табылады. 
IBM компаниясы, LTO жабдықтан басқа, жеке жабық IBM 3592 
(Jaguar) 
стандартындағы  стримерлерді  жеткізеді,  сондай-ақ 
үйлесімді  таспалық  кітапханаларды.  Бұл  жабдық  серверлер  мен 
мейнфреймдерде  қолданылады.  LTO  стандартына  қарағанда,  IBM 
3592  мұрағаттау  мен  резервтік  көшіруге  ғана  емес,  сонымен  қоса 
деректерге  еркін  қол  жеткізуге  бағдарланған;  IBM  3592  жазбаның 
сызықтық  əдісін  жəне  таспаның  көп  жылдамдықты  қозғалысын  (6 
немесе 7 жылдамдық, стример моделіне қарай) қолданады. Мысалы, 
таспалы  жинақтауыш  IBM  System  Storage  TS1140  Tape  Drive  бір 
картриджде  сығусыз  4  Тбайт  дейін  деректер  сақтай  алады. 
Компрессия осы көлемді үш есеге арттыра алады. 
Кітапхана көп тасымалдағыштары бар сақтау орнын бейнелейді. 
Олар  орталықтандырылған  ортақ  сақтау  жүйесінде  үлкен 
сыйымдылықты  серверлердің  резервтік  көшіру  үшін  өте  қолайлы. 
Осы  жағдайда  негізгі  артықшылықтары  –  ақпаратты  көшіру  мен 
қайта  қалпына  келтірудің  жоғары  жылдамдығы  (бір  сағатта 
жүздеген  гигабайтқа  дейін),  үлкен  сыйымдылық  (бірнеше 
терабайтқа  дейін),  сақтаудың  беріктілігі  жəне  сақтау  ең  кіші 
салыстырмалы бағасы (бір мегабайт деректерді есептегенде). 
Тəуелсіз  жинақтауыштардың  массиві  бір  корпуста  бірнеше 
таспалар  жетектерінен  тұрады,  сонымен  қоса,  олардың  əрқайсысы 
тек  жалғыз  тасымалдағышқа  қызмет  көрсетеді.  RAIT  жұмысының 
схемасы RAID дисктік массивіне ұқсас. RAIТ резервтік көшіру мен 
мұрағатау  операцияларының  өнімділігін  біршама  арттырады, 
өйткені жинақтауыштар параллель жұмыс істейді. 
IBM  System  Storage  TS3500  Tape  Library  автоматтандырылған 
таспалы  кітапханамэйнфреймдер  жəне  ірі  компаниялар  мен  орта 
өлшемдегі  ұйымдардың  ашық  жүйелері  негізіндегі  орталарда 
резервтік  көшіру  жəне  мұрағаттау  тапсырмаларын  орындауға 
жоғары масштабталу дəрежесіне ие. 
HPE  StoreEver  ESL  G3  таспалы  кітапхана  масштабталудың 
жоғары  иілгіштігімен  қамтамасыз  етеді,  ол  көп  мөлшердегі 
деректердің  артуын  орындауға  мүмкіндік  береді.  Бірқатар  базалық 
конфигурациялар  ішінен  таңдауға  жəне  100  слотқа  қадамы  бар 
таспалы 12 006 картридждердің масштабталуына мүмкіндік береді. 
Сонымен  ол  шешім  180  Пбайтқа
1
 
дейін  (2,5:1  сығу 
коэффициентімен)  резервтік  көшіру  деректерін  немесе  мұрағаттық 
ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. 
 
 

1 Петабайт (Пбайт) = 1 024 Тбайт = 2
50
 байт. 
 
111 


көптеген  таспалы  кітапханаларды  басқару  жəне  олардың  жұмысын 
бақылау  интеллектуалды  графикалық  пайдаланушылық  интерфейсі 
көмегімен  жүзеге  асырылады.  HPE  StoreEver  ESL  G3  таспалы 
кітапханасы  үшін  LTO-7  Ultrium  жинақтауыштарының  қолдауы 
жүзеге асырылған. Кітапханаға 192 дейін жинақтауыштар сияды. 
StoreEver 
ESL 
G3 
1-ден 
193-ке 
дейін 
таспалы 
жинақтауыштардың  LTO-7,  LTO-6  немесе  LTO-5  Ultrium  жəне  1- 
ден  16-ға  дейін  кітапхана  фреймдерінің  масштабталуын 
сүйемелдейді. 
Таспалы  кітапханалар  таспалы  тасымалдағыштарды  оперативті 
басқару үшін арналған, оның арқасында операторға сол немесе өзге 
таспалы  тасымалдағышты  уақытында  жүктеудің  қажеті  болмайды. 
Таспалы  кітапхананы  таңдаған  кезде  алғашқы  критерий  ретінде 
сақталатын деректердің ең көп көлемі табылады. Бірақ кітапханада 
қандай таспалы құрылғылар орнатылғанын ескеру керек. 
Кішкентай кəсіпорындарда, алыс кеңселерде, сондай-ақ 50 Гбайт 
дейін  деректер  көлемінде  FlexiPackAutoloader  ұқсас  жиі  таспалы 
кітапханалар  қолданылады.  Бұл  кітапхана  72  Гбайт  ең  көп 
сыйымдылықтағы  DDS-3  типті  алты  таспаны  басқаруға  жəне  1 
Мбайт/c  дейін  деректер  тасымалдау  жылдамдығымен  қамтамасыз 
етуді мүмкіндік жасайды. 
Резервтелетін  деректердің  50-ден  350-ге  Гбайт  дейін  көлемінде 
кітапханаға  негізгі  талаптар  болып  көшірілетін  деректердің 
жылдамдығы  мен  көлемдері  табылады.  Мұнда  DLT  таспалы 
жинақтауыштар  негізіндегі  құрылғылар  кең  сұранысқа  ие.  Ұқсас 
кітапхана  мысалы  ретінде  Sun  StorEdge  L9  Autoloader  негізіндегі 
шешімі  қызмет  етеді.  Кітапхана  тоғыз  таспамен  жұмысты 
ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді,  олардың  əрқайсысы  40  Гбайтқа 
дейін  деректер  сыйғыза  алады,  ол  360  Гбайт  жиынтық 
сыйымдылықты  береді.  Таспалы  жинақтауыш  ретінде  кітапханада 
DLT-8000 қолданылады. 
 
3.8.  
FLASH-ЖАДЫ 
 
 
 
Flash-жады  (ағылшын  тілінен  жарқ  ету,  кадр)  —  энергияға 
тəуелді қайта жазылатын жартылай өткізгіш жадының ерекше түрі. 
Первые  образцы  Flash-жадының  алғашқы  нұсқалары  1984  ж. 
Toshiba компаниясының инженерлерімен жасалып шығарылды. 
Жадының  осы  түрінің  механикалық  элементтері  болмайды, 
орналастырылатын ақпараттың көпреттік өзгеруіне жол береді жəне 
сақтау үшін қосымша энергияны талап етпейді. 
 
112 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау