Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет31/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107

 
 
 
3.12 
-сурет
. Голографикалық дисктер:
 
а 
— голографикалық дискке жазу схемасы; 
б 
— голографикалық дисктен 
ақпаратты оқу схемасы 
 
100 


Голографикалық дисктің тасымалдағышының диаметрі 130 мм, 
стандартты  компакт-дисктен  немесе  DVD-ден  сəл  үлкендеу. 
Жарық  осы  материалға  түскен  кезде  фотондар  түзетін,  деректерді 
жазатын  химиялық  реакция  жүреді.  Осы  процесс  қайтарымсыз, 
сондықтан  процесс  кезінде  де  сақтау  кезінде  де  жазбаның 
тұтастығына кепіл болатын қосымша қорғаныш құралдарын жасау 
қажет болды. 
Деректерді  рұқсат  етілмеген  қолжеткізуден  қорғау  үшін 
физикалық, логикалық бірнеше əдістер қолданылады. 
Әрбір  дисктің  деректер  картасын  сақтауға  арналған,  FAT  – 
қатқыл  диск  жүйесіне  ұқсас  кіріктірілген  чипі  болады.  Осы 
кітапханада  деректердің  партиялары,  форматы  мен  қалыптары 
туралы  деректер  сақталады.  Дискті  құрылғыға  орнатқан  кезде  ең 
алдымен осы чиптен ақпаратты оқу жүргізіледі. Егер осы деректер 
жоғалған  болса,  ақпаратты  оқу  қиынға  түседі,  мүмкін  болмайды. 
Осы  деректер  картасы  криптеу  əдісімен  шифрленуі  мүмкін, 
сондықтан оларға қол жеткізуге тек ақпарат иесі ғана құқылы. 
Тиімді  қорғаныш  құралы  —  лазер  толқынының  ұзындығын 
өзгерту.  Лазер  толқынының  ұзындығын  шамалы  өзгерту  лазер 
толқынынң  басқа  ұзындығына  бағдарланған  басқа  жетектермен 
деректерді  оқудан  қорғауға  мүмкіндік  береді.  Лазер  толқыны 
ұзындығы 403 ...407 нм аралықта болуы мүмкін. 
Ең  тиімді  қорғаныш  құралы  —  фазалық  маска.  Әдістің  мəні 
мынада,  жетек  деректерді  алып  жүретін  лазер  сəулесі  жолында 
белгілі  бір  масканы  сала  алуында.  Осы  маска  жазба  кезінде  де, 
деректерді  оқыған  кезде  де  қажет  болады.  Фазалық  масканы 
пайдаланып болған соң стандарт жетектерде деректерді оқу мүмкін 
болмайды,  өйткені  əрбір  маска  бірегей:  ол  кездейсоқ  сандар 
генераторын  пайдаланумен  қалыптасады.  Осы  функция  арнайы 
тапсырыс  бойынша  кейбір  жетектерде  орнатылады.  Сонымен 
голографикалық  дисктерде  деректерді  сақтау  рұқсатсыз  қол 
жеткізуден қорғауға кепіл береді. 
InPhase  американдық  компаниясы  Tapestry  HDS-  300R  —  300- 
гигабайттық  голографикалық  дисктер  негізіндегі  винчестерді 
анонстады.  Қалындығы  1,5  мм  голографикалық  дисктердің  оқу 
жылдамдығы 20 Мбайт/с. Голографикалық дисктің сыйымдылығы 
2010  ж.  500  Гбайт  болуы  керек  еді.  InPhase  Technologies 
компаниясы  жазба  тығыздығының  жаңа  деңгейіне  –  шаршы 
дюймге  515  Гбит  қол  жеткізілгендігі  туралы  мəлімдеді. 
Стандартты  120-мм  дискке  қатысты  ол  көлемі  500  Гбайт  екенін 
білдіреді. 
 
 
101 


Сонымен  голографикалық  дискке  106  бірқабатты  DVD-ге 
эквивалентті  болатын  ақпарат  жазыла  алатыны  белгілі  болды. 
Бірақ  голографикалық  тасымалдағыш  сериялық  өндіріске 
түсірілмеді. 
3.5.2.  Үшөлшемді флуоресцентті технология 
 
Ақпаратты  жазу  технологиясындағы  C3D  фирмасымен  үшөлшемді 
флуоресцентті  диск  тасымалдағышын  жасап  шығару  нағыз  ілгерілеу 
болып  табылады.  C3D  фирмасының  үшөлшемді  дискі  флуоресцентті 
материалдарды сəулелендіру қасиеттеріне негізделген ақпаратты жазудың 
принципиалды  басқа  түрін  қолданады  жəне  көп  мөлшердегі  қабаттар 
санының болуын мүмкін етеді. 
FM-диск  абсолютті  түрде  түссіз  болады  жəне  шағылыстырушы 
қабаты  болмайды.  Флуоресцентті  дисктердің  жұмысы  негізінде 
фотохроматизм  құбылысы  жатыр,  ол  лазер  əсерінен  кейбір  химиялық 
заттардың  флуоресцентті  жарқырауының  пайда  болуы  көрінетін, 
физикалық 
қасиеттерінің 
өзгеруімен 
тұжырымдалады. 
FM-диск 
көпқабатты  құрылым,  оның  əрбір  қабаты  түссіз  жəне  флуоресцентті 
материалмен  толтырылған  спираль  жырашықтары  болады.  FM-диск 
қимасы 3.13 суретте көрсетілген. 
3.13 суретінен көрініп тұрғандай диск бір-біріне біріктірілген бірнеше 
пластик  (поликарбонатты)  қабаттардан  тұрады.  Әрбір  қабатта  беттік 
құрылымдар – флуоресцентті материалмен толтырылатын питтер болады. 
Оқу  кезінде  лазер  белгілі  қабатқа  фокустеледі  жəне  оған  түсетін  жарық 
спектрін  белгілі  өлшемдегі  (30  ...  50  нм  аясында)  қызыл  түс  жаққа 
ығыстыра  отырып  оның  жарық  шығаратын  флуоресцентті  элементтерін 
қоздырады, ол лазер сəулеленуі мен диск материалымен түсетін жарықты 
оңай ажыратуға мүмкіндік береді. 
 
 
3.13 
-сурет
. Қимадағы FM-диск 
102 
 
 


Нəтижесінде  сигнал  сипатталарының  нашарлауын  болдырмауға 
болады  жəне  оның  қабаттар  саны  артқан  кезде  сапасы  шамалы 
төмендейді.  Теориялық  түрде  жүздеген  қабаттар  саны  кезінде 
сигналдың қатты бұрмалануы болмайды. Оқу кезінде лазер белгілі 
бір  қабатқа  фокустеледі  жəне  оның  флуоресценттік  элементтерін 
қоздырады, 
содан 
соң 
ол 
жарқырау 
фотодетекторымен 
қабылданады. Көк лазерді қолданған кезде (толқын ұзындығы 480 
нм)  ақпарат  жазбасының  тығыздығының  бір  FM-дисктегі 
ақпаратың  бірнеше  гигабайттарға  артуы  байқалады.  FMD 
форматының  маңызды  ерекшелігі  ол  оның  көпқабатты  дисктен 
бірнеше  қабаттарынан  бірдей  параллель  оқу  мүмкіндігінде 
тұжырымдалады.  Сонымен  қатар  биттердің  тізбектелуін  жолдың 
бойлай емес, тереңдігінде жазу кезінде қабаттар бойынша біршама 
деректерді  таңдау  жылдамдығы  артады.  Осы  FM  дисктердің 
үшөлшемділігін анықтайды. 
FM дисктердің шебер-көшірмелерін дайындау процесі CD/DVD 
үшін ұқсас болып табылады. Алайда FMD технологиясында питтің 
нақты  формасын  алу  өте  маңызды,  себебі  артынша  оның 
флуоресцентті материалмен толтырылуы жүргізіледі. 
Жазатын  FM  дисктердің  белсенді  жасалуы  жүруде.  C3D 
фирмасының  мамандары  өз  дисктерінің  жазудың  екі  нұсқасын 
ұсынады: термиялық жəне химиялық. 
Термиялық  принцип  бастапқыда  флуоресцентті  қасиетке  ие 
болатын  материалды  қолдануға  негізделген.  Жазба  процесінде 
лазердің  термиялық  əсер  етуіне  түсетін  учаскелер  осы  қасиетін 
жоғалтады. 
Химиялық  принцип  флуоресцентті  қасиетке  ие  болмайтын 
материалды  қолдануға  негізделген.  Жазатын  лазердің  əсері 
фотохимиялық  реакцияға  əкеліп  соқтырады,  нəтижесінде  белгілі 
учаскелер  флуоресцентті  қасиетке  ие  болады.  Мұндай  реакцияны 
қоздыру  үшін  аз  қуатты  лазер  немесе  қарапайым  жарықдиод 
жеткілікті.  Жарықдиодты  матрицаны  қолдану  тұтас  массивті 
ақпаратты  біруақытта  жазуға  мүмкіндік  береді,  ол  процесті 
жылдамдатады. 
Constellation  3D  компаниясының  диск  өнімдерінің  алғашқы 
буыны  болып  120-миллиметрлік  көп  қабатты  FM-дисктер 
туыстығы  табылады,  сыйымдылығы  140  Гбайт  дейін  жəне  оқу 
жылдамдығы  секундына  1  Гбит  дейін.  Жаңа  дисктер  мысалы 
HDTV  форматтағы  20  сағатқа  дейін  сығымдалған  фильмдерді 
сыйғыза алады. 
 
 
 
103 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау