4.11
-сурет. LEP-мониторының экранының құрылғысы
LEP-мониторы өндірістің жоғары сенімділігі жəне төмен шығын
кезінде стандартты литографиялық үдерістер негізінде жұқақабыршықты
технологияны пайдаланудың салыстырмалы
қарапайымдылығымен
ерекшеленеді, сонымен қатар осының салдарынан LEP-мониторларының
барлығы 5 В қорек көзінің кернеуі кезінде жұмыс жасайды жəне салмағы
аз болады. Бұл оларды аккумуляторлар мен батареялардан қоректенетін
шағын тасымалды құрылғыларда (ұялы телефондар, ноутбуктардың
дисплейлері, калькуляторлар, бейнекамералар, цифрлық фотоаппараттар)
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, монитор құрылғысы барынша
қарапайым – полимер қабаттарын тікелей ТҒТ-матрицаға жəне мөлдір
төсемге жағады. Полимердің жақсы оқшаулағыш қасиетімен шартталған
көрші электрондардың болмашы əсері ең кіші элементтерден кескін
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, іс жүзінде кез келген
ажыратымдылықты алуға болады жəне пиксельге, сонымен қатар экранға
жалпы еркін нысан беруге болады. Ақырында, LEP- мониторының
маңызды артықшылығы — олар өте жұқа. Бұл кескіннің жоғары
кереғарлығын қамтамасыз ететін полярланған түрлі жабындарды жағуға
мүмкіндік береді. Бұдан басқа, СК-дисплейлерден айырмашылығы бұл
құрылғылардың шолу бұрышы пластик өзі шағылыстырып жəне көмескі
жарықты қажет етпейтін болғандықтан, 180° жетуі мүмкін.
LEP-технологиясының басты мəселелерінің бірі жарық сəулеленуінің
төмен тиімділігі, яғни оның қарқындылығының өтетін тоқ тығыздығына
қатынасы болып табылады. Елеулі кемшілігі пластиктар сəуле шығарған
толқын ұзындықтарының барынша тар диапазоны да болды. Оның
шекараларын кеңейту сəтті болды, жəне қазіргі уақытта ол көк түстен
жақын инфрақызылға дейін созылып жатады. LEP-монитордың ажыратып
қосуының уақыты өте аз (1 мксек аз), 180-градустық шолу бұрышын
қамтамасыз етеді, жеткізудің төмен кернеуі кезінде жұмыс жасайды (3 В
кем) жəне кішкене салмақты болады, оны шағын құрылғыларда
139
бейнеақпаратты жаңғырту үшін қолдануға болады. LEP-мониторларының
қызмет ету мерзімі 10 000 сағаттан аса құрайды.
4.1.7. Сенсорлық мониторлар
Сенсорлық монитор ДК деректерді енгізуді жүзеге асыруға жəне
экранға тию арқылы бағдарламалық қамтамасыз етуді басқаруға
мүмкіндік береді. Мұндай өзара əрекет мониторға орнатылған
сенсорлы экран арқасында мүмкін болады (Touch Screen), ол
монитордың өзінің экранының бетіне орнатылады жəне тиіп кетуге
сезімтал болады.
Сыртынан қарағанда сенсорлық монитор əдеттегіден іс жүзінде
ешнəрсемен ерекшеленбейді, себебі сенсорлық экран монитор
корпусының ішінде болады. Сенсорлық экранның түріне
байланысты тию саусақпен, қолғаптағы қолмен, арнайы енгізу
құралымен немесе бұған үйлесімді кез келген затпен жүзеге
асырылады. Сенсорлық экран арнайы бақылаушымен жалғанған, ол
экранға жанасу нүктесінің координаттарын шығарады жəне оны
компьютерге жібереді.
Сенсорлық
мониторлар
смартфондарда,
төлем
терминалдарында, немесе POS-терминалдарда (Point Of Sell),
ақпараттық киоскілерде, сауданы автоматтандыруға арналған
құрылғыларда, қалта компьютерлерінде, өндірістегі операторлық
панельдерде қолданылады. Олар белсенді ТҒТ-матрицасы бар СК-
дисплейлер негізінде орындалады.
Шын мəнінде сенсорлық монитор бейнелеу құрылғысы мен
ақпарат енгізу қызметтерін біріктіреді. Осыған байланысты,
сенсорлық экрандар құрылымында жүзеге асырылатын сенсорлық
технологиялар 6-тарауда қарастырылған.
4.1.8. Монитор таңдау
Мониторды таңдау кезінде келесі сипаттамаларға назар аудару керек.
Экран диагоналі — бұл бір мониторды басқасынан ажырататын ең
басты сипаттамасы жəне бағасына едəуір əсер етеді. Өлшемдері бойынша
шартты түрде мониторлардың төрт тобын бөліп көрсетуге болады:
■
18,5 ... 20" — бюджеттік жəне кеңселік сегмент;
■
21,5 ... 24" — көпшілікке арналған сегмент. Контенттің көптеген
жасаушылары (ойындар, сайттар, бейне жəне т.б.) басынан бірінші ретте
осындай өлшемді диагоналға есептейді ;
140
ке
■
27" — перспективтік сегмент. Мұндай диагоналды қымбат емес
мониторды стандартты қашықтықта (көзден 50 ... 80 см) орнатқан
кезде кескін кішкене дөрекілеу болып көрінуі мүмкін, себебі
кескіннің бөлек пикселдері байқалуы мүмкін;
■
30 ... 32" — эксклюзивтік сегмент. Жоғары баға жəне өте үлкен
жалпақтығының себебінен (қарама қарсы шеттері басты қозғалтусыз
көру шегінен тысқары болады) диагоналы 27" асатын мониторлар
көпшілік пайдаланатын болмады. Диагоналы 24" жəне одан асатын
мониторларды бірнеше себеп бойынша алу ұсынылады: үлкен экранда
скроллингсіз көп ақпаратқа қол жетімді (тінтуірмен белсенді жұмыс
жасаудың қажеті жоқ); кейбір үлкен объекттермен кішкене экрандарда
жұмыс жасау ыңғайсыз (карталар, схемалар, сызбалар, күрделі
кестелер); ойындарда үлкен экран іс жүзінде барлық көру кеңістігін
алады, ол реалистікті қосады.
Монитордың дизайны мен эргономикасы. Монитордың биіктігі
бойынша реттеу, жұмыс кезінде басты ию қажеттігімен байланысты
жоғары шаршаудан құтылуға мүмкіндік береді, бірақ ол əр модельде
болмайды.
Монитор түйіршігінің ажыратымдылығы, пропорциясы мен
өлшемі. Дербес компьютерлер үшін бұқаралық ақпарат құралдарының
көпшілігі (бейне, ойындар, көптеген бағдарламалар мен сайттар) 16:9
пропорциясымен жəне HD (1 366 х 768 пиксель), FullHD (1 920 х 1 080
пиксель), WQHD (2 560 х 1 440 пиксель) жəне UltraHD (4K, 3 840 х 2
160 пиксель) стандартты ажыратымдылықпен жобаланады. Осыған
байланысты осындай ажыратымдылықты мониторларды таңдау
ұсынылады — HD (шағын мониторлар), FullHD (орта жəне үлкен
мониторлар), WQHD (орасан зор мониторлар) жəне UltraHD (үлкен
жəне орасан зор мониторлар).
Түйіршік өлшемі (экрандағы кескіннің ең кіші нүктесі) ақпаратты
бейнелеу сапасына əсер етеді. Түйіршік өлшемі ірі болған сайын
(түйіршіктілігі жоғары) — ұсақ қаріптер сонша жақсы оқылады, бірақ
қалғанының бəрі дөрекілеу бейнеленеді – фото, бірқалыпты сызықтар
жəне т.б. Түйіршік өлшемі кіші болған сайын (түйіршіктілік төмен) –
фотосуреттер мен басқа күрделі объекттер соншалықты реалистік
болып көрінеді, бірақ ұсақ қаріптер іс жүзінде оқылмайтын болуы
мүмкін.
Үдеріс
мынадай
болады,
бағдарламалардың
көбі
масштабтауды дұрыс пайдаланады жəне сондықтан болашақта барлық
жаңа мониторлар өте ұсақ түйіршіктермен шығарылатын болатын, бұл
кезде кескін өте айқын жəне шындыққа негізделген болады, ал ұсақ
қаріптер – жарамды деңгейге дейін дұрыс үлкейтілген. Көптеген
жағдайда мониторлардың түйіршіктерінің өлшемі:
141
Достарыңызбен бөлісу: |