Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет32/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107

3.6. 
МАГНИТТІ ОПТИКАЛЫҚ ДИСКТЕРДЕГІ 
ЖИНАҚТАУЫШТАР 
 
Магнитті  оптикалық  (МО)  жетек  ол  негізіне  оптикалық 
(лазерлік)  басқаруы  бар  магнит  тасымалдағыш  салынған  ақпарат 
жинақтауыш. 
Магитті  оптикалық  технология  1970-ші  жылдардың  басында 
IBM  фирмасымен  жасалып  шығарылды.  Магнитті  оптикалық 
жинақтауыштардың  алғашқы  сынақ  нұсқаларын  1980  ж.  басында 
Sony фирмасы ұсынды. Магнитті оптикалық дисктер біржақты жəне 
екіжақты  шығарылады,  негізгі  форматтары  —  3,5"  и  5,25".  2,5" 
форматтағы  MD  Data  дисктері  Sony  фирмасымен  жасалып 
шығарылған,  ал  12"  —  Maxell  фирмасымен.  3.14  суретінде  типтік 
магнитоптикалық  диск  құрылғысы  көрсетілген,  оның  бір  жұмыс 
беті  болады.  Біржақтық  магнитті  оптикалық  диск  қабаттардың 
тізбектесуін  білдіреді:  қорғаныш,  диэлектрлік,  магнитоптикалық, 
диэлектрлік, шағылыстырушы жəне төсемдік. 
Магнитті  оптикалық  дискті  дайындау  технологиясы  мынадай 
болады.  Шыныпластик  төсемге  лазер  сəулесін  шағылыстыратын 
алюминий  (немесе  алтын)  жабын  жүргізіледі.  Магнитті  оптикалық 
қабатты  екі  жағынан  қоршайтын  диэлектрлік  қабаттар  түссіз 
полимерден  жасалған  жəне  дискті  қызып  кетуден  қорғайды,  жазу 
кезінде  сезімталдықты  арттырады  жəне  ақпаратты  оқыған  кезде 
шағылыстырушы  қабілетін  арттырады.  Магнитті  оптикалық  қабат 
кобальт, темір мен тербий қорытпасы ұнтағы негізінде жасалады. 
 
 
3.14 
-сурет
. Магнитоптикалық диск құрылысы 
104 
 
 


Мұндай жабындардың қасиеттері температуралық əсер ету кезінде, 
сондай-ақ  магнит  өрісі  əрекеті  кезінде  өзгереді.  Белгілі 
температурадан  жоғары  дискті  қыздырса,  шамалы  магнит  өрісі 
салдарынан магнит полярлығының өзгерісі болуы мүмкін. Жоғарғы 
қорғаныш  қабаты  түссіз  полимерден,  ол  ультракүлгін  қатқылдану 
əдісімен  орындалады,  жұмыс  бетін  механикалық  зақымдаулардан 
қорғайды.  Осындай  технология  мен  арнайы  пластик  конвертке  – 
картриджге  салу  арқасында  магнитті  оптикалық  дисктер 
мықтылығы  жоғары  жəне  қоршаған  ортаның  зиянды  əсерлерінен 
қорықпайтын болады. 
МО-дискке  деректерді  жазу  лазерлік  технологияны  қолданумен 
жүзеге  асырылады.  Магнитті  оптикалық  қабаттың  бетіне  диаметрі 
1мкм  дақ  болып  фокустелген  лазер  сəулесі  магнитоптикалық 
қабатқа  бағытталады  жəне  оны  фокустеу  нүктесінде  Кюри 
температурасына дейін (шамамен 200 °С) (сур. 3.15, а) қыздырады. 
Осы  температура  кезінде  магнит  өткізгіштік  кенет  түседі,  жəне 
бөлшектердің  магнит  күйінің  өзгеруі  магнит  қалпақшаның  өлшемі 
бойынша  кішкентай  магнит  өрісімен  орындалады.  Материал 
суығаннан  соң  домендердің  магниттік  бағдары  берілген  нүктеде 
сақталады.  Магниттік  материал  учаскесінің  магнит  бағдарына 
байланысты  ол  логикалық  ноль  немесе  логикалық  бірлік  ретінде 
интерпретацияланады. Деректер 512 байт блоктармен жазылады. 
Блокта  ақпарат  бөлігін  өзгерту  үшін  оны  толықтай  қайта  жазу 
керек,  сондықтан  бірінші  рет  өткенде  тұтас  блок  иницалданады 
(қызады),  ал  сектордың  магнит  қалпақша  астына  келген  кезінде 
жаңа деректердің жазбасы жүреді. 
 
 
 
 
3.15 
-сурет
. Магнитоптикалық дисктік технология: 
а 
— жазу; 
б 
— оқу 
 
105 
 
 


Дисктен  деректерді  оқу  (сур.  3.15,  б)  жұмыс  қабатын  қыздыруға 
жеткіліксіз  төмен  қуатты  полярланған  лазер  сəулесімен  жүргізіледі: 
оқу  кезінде  лазер  қуаты  лазердің  жазу  кезінде  қуатын  25  %  құрайды. 
Сəуленің  жазба  кезінде  бағдарланған,  реттелген  дисктің  магнит 
бөлшектеріне  сəуленің  түсуі  олардың  магнит  өрісі  сəуле  полярлануын 
шамалы  өзгертуге  əкеледі,  яғни  Керр  эффектісі  байқалады.  Магнитті 
оптикалық қабаттан шағылысқан жарық шағылған соң жартылай түссіз 
айнадан анализаторға түседі, оның көмегімен оның полярлануы күйінің 
өзгеруі  анықталады  жəне  фотодетектормен  тіркеледі.  Полярлану 
жағдайының  өзгеруіне  байланысты  фотодетектор  магнитоптикалық 
дискжетектің контроллеріне бірлік немесе екілік ноль жолдайды. 
Компакт-дискпен салыстырғанда МО-дисктегі деректерді теория 
жүзінде  шексіз  жазуға  болады,  себебі  тасымалдағыш  материалында 
ешқандай қайтарымсыз процестер болмайды. Егер екі деректерді жою 
қажет болса, лазер сəулесімен тиісті жолдарды (секторларды) қыздыру 
жəне оларды сыртқы магнит өрісімен магнитсіздендіру жеткілікті. 
МО-тасымалдағыштарының  механизмдері  кішігірім  конструктивті 
жетілдірілулері  бар  қарапайым  диск  жетектерінің  механизмдері 
негізінде  құрылады.  Интерфейс  ретінде  МО-жинақтауыштар  SCSI- 
адаптерлармен  (16-  немесе  8-биттік),  драйверлармен  жəне  төмен 
деңгейді форматтау утилиталарымен жабдықталады. Көп жеткізушілер 
өз  бұйымдарын  резервтік  көшірме  үшін  арнайы  бағдарламалармен 
жабдықтайды. 
Магнитті  оптикалық  дисктерді  оқуға  арналған  құрылғылар  ішкі 
жəне  сыртқы  болады.  Құрылғылар  екі  режимде  жұмыс  жасайды: 
бірінші  режимде  деректермен  алмасу  жылдамдығы  5  Мбайт/с,  ал 
екіншісінде — 10 Мбайт/с құрайды. 
Sony  9,1  Гбайт  магнитті  оптикалық  дисктерге  арналған 
жинақтауыштар сыртқы орындалуымен жеткізіледі, идут под маркой 
Sony 
RMO-S561 
маркасымен 
жүреді 
жəне 
медицинамен, 
телекоммуникациямен,  мультимедия  қосымшаларымен,  графиктерді 
өңдеу,  аудио-,  видеоредакциялаумен  байланысты  қосымшаларға 
керемет үйлесімді. 
Sony  RMO-S561  жинақтауыштарының  айналу  жылдамдығы  3  000 
айн/мин,  S-Cache  кэштеу  алгоритмін  (кэш  сыйымдылығы  —  8  Мбайт 
болғанда)  жəне  Ultra2  SCSI  интерфейсі  (50Р)  қолданады.  Дисктер  қол 
жеткізу  25  мс  орта  уақытында  6  Mбайт/c  сыртқы  тасымалдау 
жылдамдығын  қамтамасыз  етеді  жəне  ең  көп  ішкі  тасымалдау 
жылдамдығын  25  Mбайт/c  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар 
жинақтауыштар сыйымдылығы 9,1; 5,2 жəне 2,6 Гбайт дисктерге жаза 
жəне оқи алады. 
 
 
106 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау