Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет57/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107

 
 
5.4 
-сурет. Цифрлы-аналогты түрлендірудің схемасы 
 
 
бір санауға келетін бит саны немесе кванттау деңгейі мен санақ 
санының төмендеуінде тұжырымдалады. 
Арнайы  кодтайтын  құрылғыны  пайдаланумен  дыбыстық 
деректерді кодтауының мұндай əдістері ақпарат ағынының көлемін 
бастапқының 
20 
%дейін 
қысқартуға 
мүмкіндік 
береді. 
Аудиоақпаратты  жазу  кещінде  кодтау  əдісін  таңдау  сығылу 
бағдарламаларының  жиынтығына  байланысты  болады  –  кодектер 
(кодтау-қайта  кодтау),  ол  операциялық  жүйенің  құрамына  кіретін 
немесе  дыбыстық  картаның  бағдарламалық  қамтамасыз  етуімен 
бірге жеткізіледі. 
Сигналдың 
аналогты-цифрлық 
жəне 
цифрлы-аналогты 
түрлендіру  функцияларын  орындап,  жазу  модулі  мен  цифрлық 
дыбысты  жаңғыртуға  АЦТ,  ЦАТ  жəне  басқару  блогы  кіреді,  олар 
əдетте  кодек  деп  аталатын  бір  микросхемаға  біріктірілген.  Бұл 
модульдің  негізгі  сипаттамалары  келесі:  дискреттеу  жиілігі;  АЦТ 
мен ЦАТ түрі мен разрядтылығы; аудиодеректерді кодтау əдісі; Full 
Duplex режимінде жүмыс жасау мүмкіндігі. 
Дискреттеу  жиілігі  жазылатын  немесе  жаңғыртылатын 
сигналдың  ең  көп  жиілігін  анықтайды.  Адам  дауысын  жазу  жəне 
жаңғырту үшін 6 ... 8 кГц жеткілікті; төмен сапалы музыка үшін — 
20  ...  25  кГц;  жоғары  сапалы  дыбысталуды  қамтамасыз  ету  үшін 
(аудиоықшам-диск)  дискреттеу  жиілігі  44  кГц  кем  емес  болуы 
керек. Дыбыстық карталардың дискреттеу жиілігі 96 немесе 192 кГц 
болады. 
АЦТ  пен  ЦАТ  разрядтылығы  цифрлық  сигналды  ұсыну 
разрыдтылығын  анықтайды  (8,  16  немесе  18  бит).  Көптеген 
дыбыстық карталар 24-разрядты АЦТ мен ЦАТ жабдықталған. 
 
184 


Full Duplex (толық дуплекс) — арна бойынша деректерді жіберу 
режимі,  оған  сəйкес  дыбыстық  жүйе  біруақытта  аудиодеректерді 
қабылдай (жазу) жəне жібере (жаңғырту) алады. 
 
5.3. 
СИНТЕЗДЕУІШ МОДУЛІ 
 
Дыбыстық  жүйенің  электрмузыкалық  цифрлық  синтездеуіші  іс 
жүзінде  кез  келген  дыбысты,  оның  ішінде  шынайы  музыка 
аспабының 
дыбысталуының 
түрленуіне 
мүмкіндік 
береді. 
Синтездеушінің əрекет ету қағидасын 5.5-сурет көрсетілген. 
Синтездеу  музыкалық  үн  (нота)  құрылымының  жаңғырту 
процесін  береді.  Кез  келген  музыкалық  аспаптың  дыбыстық 
сигналының  бірнеше  уақытша  фазасы  болады.  Рояльдің 
клавиштерін  басқан  кезде  пайда  болатын  дыбыстық  сигнал 
фазалары  суретте  көрсетілген  (5.5,  а-суретті  қараңыз).  Әр 
музыкалық аспап үшін сигнал түрі өзіне тəн болады, бірақ онда үш 
фазаны бөліп көрсетуге болады: шабуыл, қолдау жəне басылу. Бұл 
фазалардың  жиынтығы  амплитудалық  орайжанауышы  деп 
аталады, оның пішіні музыкалық аспаптың түріне байланысты 
 
 
5.5 
-сурет. Қазіргі заманғы синтездеуіштің əрекет ету принципі: 
а — дыбыстық сигнал фазалары; б — синтездеуіш схемасы 
 
185 
 
 


Түрлі  музыкалық  аспаптар  үшін  шабуыл  ұзақтығы  бірліктен 
бірнеше  ондыққа  дейін  немесе  тіпті  жүз  миллисекундқа  дейін 
өзгереді.  Қолдау  деп  аталатын  фазада  сигнал  амплитудасы 
өзгермейді,  ал  музыкалық  үн  биіктігі  қолдау  кезінде  қалыптасады. 
Соңғы фазада басылуға сигнал амплитудасының жеткілікті тез азаю 
учаскесі сəйкес келеді. 
Қазіргі  заманғы  синтездеуіштерде  дыбыс  келесі  түрде  түзіледі. 
Синтез əдістерінің бірін пайдаланатын цифрлық құрылғы дыбыстың 
берілген биіктігі бар қоздыру деп аталатын сигналды түрлендіреді – 
спектрлік  сипаттамасы  бар  нота,  5.5.б-суретте  көрсетілгендей 
қолдау 
фазасындағы 
ұқсатылатын 
музыкалық 
аспаптың 
сипаттамаларына  барынша  ұқсас  болады.  Ары  қарай  қоздыру 
сигналы  шынайы  музыкалық  аспаптың  амплитуда-жиіліктік 
сипаттамасын  көрсететін  сүзгішке  жіберіледі.  Сүзгіштің  басқа 
кіруіне  сол  аспаптың  амплитудалық  орайжанауышының  сигналы 
жіберіледі.  Ары  қарай  сигналдар  жиынтығы  арнайы  дыбыстық 
əсерлерді 
алу 
мақсатымен 
өңделеді, 
мысалы 
жаңғырық 
(жаңғырықтыру),  хормен  орындау  (хорус).  Содан  соң  цифрлы- 
аналогты  түрлендіру  жүргізіледі  жəне  төмен  жиілікті  сүзгі  (ТЖС) 
көмегімен  сигнал  сүзгіленеді.  Синтездеуіш  модулінің  негізгі 
сипаттамалары
■ 
Дыбыс синтезі əдісі;
 
■ 
Жады көлемі;
 
■ 
Дыбыстық əсерді жасау үшін сигналды аппараттық өңдеу 
мүмкіндігі;
 
■ 
полифония —дыбыстың біруақытта жаңғыртылатын 
элементтердің ең көп саны.
 
ДК  дыбыс  жүйесінде  қолданылатын  дыбысты  синтездеу    əдісі 
тек  қана  дыбыс  сапасын  емес,  сонымен  қатар  жүйе  құрамын 
анықтайды.  Тəжірибеде  дыбыс  карталарында  келесі  əдістерді 
қолданумен дыбысты туындататын синтездеуіштер орнатылады. 
Жиіліктік  модуляция  негізінде  синтездеу  əдісі  (Frequency 
Modulation  Synthesis  —  FM-синтез)  музыкалық  аспаптың  дауысын 
тудыру  үшін  кем  дегенде  күрделі  пішінді  сигналдардың  екі 
генераторын  пайдалануды  болжайды.  Негізгі  жиілікті  генератор 
негізгі үнді сигнал, қосымша гармоника, нақты аспатың дыбысталу 
тембрін 
анықтайтын 
обертондардың 
жиілікті-модульденген 
сигналды қалыптастырады. Орайжанауыш генераторы нəтижелеуші 
сигнал амплитудасын басқарады. FM-генератор дыбыстың қолайлы 
сапасын  қамтамасыз  етеді,  қымбат  емес  бағасымен  ерекшеленеді, 
бірақ дыбыстық əсерлерді жүзеге асырмайды. 
186 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау