Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет53/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107

Видеожадының  бұл  облысын  видеобет  деп  атайды.  Видеобет 
кадрлы  буфердың  графикалық  режиміндегі  аналогы  болып 
табылады, бірақ көлемі айтарлықтай кіші. 
Ең көп таралған мəтіндік режимде (80 х 25 символ) видеобеттің 
өлшемі  4  000  байтты  құрайды,  40  х  25  режимінде  —  2  000  байт. 
Тəжірибеде  адрестеу  ыңғайлылығы  үшін  видеобетке  сəйкесінше  4 
кбайт = 4 096 байт жəне 2 кбайт = 2 048 байт бөледі, бұл кезде 
«артық» байттар (96 мен 48) қолданылмайды. 
Мəтіндік  режимнің  басты  ерекшелігі  экранның  адрестелетін 
элементі  пиксель  емес,  белгі  орны  болып  табылады.  Басқа  сөзбен 
айтқанда,  мəтіндік  режимде  экранның  кез  келген  орнында  кез 
келген  кескінді  қалыптастыру  мүмкін  емес  –  тек  қана  берілген 
жиынтықтан,  тек  қана  тағайындалған  таңбалы  орындарда 
таңбаларды көрсетуге болады. 
Мəтіндік режимнің басқа маңызды шектеуі тар түс бояуы болып 
табылады – берілген режимде 16 артық емес түс бейнеленеді. 
Осылайша,  мəтіндік  режимде  графикалыққа  қарағанда, 
ақпаратты  бейнелеу  үшін  барынша  аз  мүмкіндіктер  ұсынылады. 
Алайда  мəтіндік  режимнің  маңынды  артықшылығы  –  оны  жүзеге 
асыру үшін ПК ресурстарының аз шығыны. 
Аса жоғары ажыратымдыққа жəне түстің үлкен тереңдігіне көшу 
енгізу-шығару  шинасы  мен  орталық  процессордың  жүктемесінің 
көбеюіне  əкелді.  Орталық  процессордың  босату  мақсатында  кескін 
тұрғызудың  бөлек  тапсырмаларын  шешу  графикалық  үдеткіш, 
немесе 
акселератор 
деп 
аталатын 
видеоадаптердың 
микросхемасының  мамандандырылған  жиынтығына  (Chipset) 
жүктелді.  Акселератор  кескін  тұрғызуға  бағытталған  амалдар 
қатарын аппаратты жолмен орындайды. 
 
4.4.2.  2D- және 3D-акселераторлары 
 
2В-акселератор  —  екі  өлшемді  графикалық  деректерді  (2D) 
өңдеуге арналған графикалық үдеткіш, графикалық жұпынылардың 
суретін 
салу, 
кескін, 
масштабтау 
блоктарын 
ауыстыру, 
терезелермен,  тінтуірмен  жұмыс,  түрлі-түсті  кеңістікті  түрлендіру 
секілді  функциялардың  аппаратты  үделуін  жүзеге  асырады. 
Бастапқыда  графикалық  функциялардың  аппаратты  үделуі  бар 
видеоадаптерлар  екі  топқа  бөлінді:  графикалық  үдеткіші  бар 
видеоадаптерлар  (акселератор)  жəне  графикалық  қосымша 
процессоры бар видеоадаптер. 
 
 
170 


Графикалық  акселератор  —  өзгертілмейтін  қатаң  алгоритм 
бойынша  берілген  логикалық  немесе  арифметикалық  амалдарды 
орындайтын құрылғы. 
Графикалық  қосымша  процессор  —  аса  əмбебап  құрылғы  жəне 
орталық  процессормен  параллель  жұмыс  жасайды.  Графикалық 
қосымша  процессорлардың  графикалық  акселератордан  басты 
айырмашылығы,  қосымша  процессорды  бірнеше  тапсырмаларды 
орындауға  бағдарламалап  қоюға  болады,  себебі  ол  белсенді  құрылғы 
болып  табылады:  орталық  процессор  секілді  жүйелік  оперативті 
жадыға жолығып, енгізу-шығару шинасын басқару мүмкіндігі бар. 
Қазіргі 
заманғы 
видеоадаптерларда 
графикалық 
қосымша 
процессормен  орындалатын  графикалық  функциялардың  күрделілігі 
мен  көлемі  ДК  орталық  процессорымен  шешілетін  тапсырма 
көлемдерімен  шамалас  болып  табылады.  Осыған  байланысты, 
графикалық  функциялардың  аппаратты  қолдауы  бар  қазіргі  заманғы 
видеоадаптердың  негізін  құрайтын  Chipset-ті  графикалық  процессор 
деп атайды. 
ЗБ-акселераторлар  экранда  виртуалды  (ақиқатында  жоқ) 
динамикалық  үшөлшемді  объекттің  проекциясын  көру  мүмкіндігін 
қамтамасыз  ету  үшін  арналған,  мысалы  компьютерлік  ойындарда. 
Мұндай  объектті  жасап  шығару  керек,  оның  көлемдік  кескінін 
модельдеу  керек,  яғни  үш  өлшемді  координаттар  жүйесінде  объекттің 
математикалық  моделін  жасау,  барлық  мүмкін  көрермендік  əсерді 
аналитикалық түрде есептеу (жарық, көлеңке түсу бұрышы жəне т.б.), 
содан  кейін  жазық  экранға  үш  өлшемді  объектті  проекциялау  керек. 
3D-акселератор көлемдік кескін компьютермен синтезделген жағдайда, 
яғни бағдарламалық түрде жасалған кезде ғана қажет. 
ДК мониторының экранында үш өлшемді кескіннтің тұрғызылу 
схемасы жүзеге асырылатын шектегі қосымшалар мен тапсырмалар 
жиынтығы үш өлшемді графика немесе 3D деп аталады(3-Dimentional 
— үш өлшемді). 
 
4.4.3.  Видеоадаптер құрылғысы мен сипаттамасы 
Видеоадаптерға  (видеокарта)  келесі  негізгі  элементтер  кіреді 
(4.23-сурет): 
графикалық 
процессор; 
видеожады; 
бағдарламаланатын цифрлы- 
аналогты түрлендіргіш (БЦАТ, немесе random access memory digital-
toanalogue converter — RAMDAC). 
Видеоадаптердың  графикалық  процессоры  мамандандырылған 
микросхемаларды,  чиптерді  береді,  олар  ОП  жіберілетін  жəне 
драйвермен түсініктеме берілетін нұсқаулық жиынын орындайды. 
 
171 


 
4.23 
-сурет. Видеоадаптер компонеттерінің орналасу схемасы
 
Видеожады тікелей видеоадаптер тақшасында орналасады жəне 
оқу  рəсімін  үзбей  үлкен  көлемді  деректі  тез  қайта  жазумен 
байланысты тапсырма қатарын орындайды. Бұл кезде видеожадыға 
қолжетімділік ірі блоктармен жүзеге асырылады. 
Бағдарламаланатын  цифрлы-аналогты  түрлендіргіш  ДК 
цифрлық  сигналдарын  мониторда  кескінді  қалыптастыратын 
сигналдарға түрлендіруді орындайды. 
Мониторда 
кескін 
қалыптасу 
процесі, 
яғни 
орталық 
процессормен  екілік  цифрлық  деректерді  өңдеуге,  келесі  ауысулар 
кіреді (4.24-суретте көрсетілгендей): 
■ 
Шинадан цифрық ақпарат өңделетін видеопроцессорге;
 
■ 
Видеосхемадан цифрлық түрде экран кескіні сақталатын 
видеожадыға;
 
■ 
видеожадыдан RAMDAC, бұл кезде экран кескіні мониторға 
қолжетімді пішінге ауысады (цифрлық ақпарат);
 
■ 
цифрлы-аналоты түрлендіргіштен мониторға (аналогты ақпарат). 
ЭСТ қарағанда сигналдары аналогты емес, цифрлық болатын СК-
дисплейлерге ауысу кезінде, видеоадаптерлар өндірушілері – тек 
қана сандық, екілік сандық, аналогты-цифрлық немесе аналогты
 
цифрлық қосумен жаңа интерфейстерді қамтамасыз етуге мəжбүр. 
 
172 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау