Wavetrcing
—Aureal
компаниясының
технологиясы,
геометриялық орта негізінде бөгеуілдері арқылы өткен жəне
шағылған дыбыс толқындарының таралу есебіне негізделген.
Environmental
Audio
Extensions
(EAX)
—Creative
компаниясының технологиясы дыбыстардың көмегімен ойындарда
болып жатқанның шынайылығын сезінуді қамтамасыз ету үшін
қоршаған орта дыбысталуын жасау үшін бағытталған. Бұл
дыбыстық орта тыңдаушылардың барлық жағынан шығатын
жаңғырту мен дыбыстар шағылысын модельдеу есебінен жасалады.
5.8.
АКУСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
Акустикалық жүйе (АЖ) дыбыстық электр сигналын акустикалық
ауытқуларға тікелей түрлендіреді жəне дыбыс жаңғыртушы тракттың
соңғы буыны болып табылады.
Іс жүзінде барлық қазіргі заманғы компьютерлік бағаналар көп
жолақты болады. Адам құлағымен қабылданатын жиіліктің кең
диапазонын жаңғырту үшін бір корпусқа бірнеше динамиктер
орнатылады, көбінесе екеу – жоғары жиілікті (1-ден 15 ... 20 кГц дейін)
жəне орта жиілікті (200 Гц-дан 10 кГц дейін). Төмен жиілікті
динамиктің дыбысталуы басқаларына кедергі келтірмеу үшін бөлек
корпусқа шығарылады.
Нарықта динамиктердің екі түрлі түрі бар бағаналар ұсынылған.
Бірінші түрінде конустық сəуле шығарғыш немесе диффузор деп
аталатын негіз болады. Мұндай динамиктердің əрекет ету қағидасы
магнитті орауыштың айнымалы магнит өрісінің тұрақты магнит
өрісімен өзара əрекеттесуіне негізделген. Нəтижесінде жеткілікті
қуатты дыбыстар жəне əжептəуір бастар алынады. Динамиктің басқа
түрінде диффузор орнына жазық мембрана қолданылады. Бұл жағдайда
бағаналар жиілікті диапазонның қуаты мен ендігін жоғалтады, бірақ
өте шағын өлшемді болады (əсіресе тереңдігінде). Осылайша, жазық
мембранасы бар динамиктер негізінен сабвуфермен тізбекте бюджеттік
жүйелерде қолданылады.
Ереже бойынша АС құрамына бірнеше дыбыстық бағаналар кіреді,
оның əрқайсысының бір немесе бірнеше динамиктері болуы мүмкін.
АС-дағы бағаналар саны дыбыстық сигналды құрайтын жəне бөлек
дыбыстық арналар түзетін құрауыштар санына байланысты.
Мысалы, стереофониялық сигналдың құрамында екі құрауыш
болады – сол жəне оң стереоарналардың сигналдары, ол
стереофониялық акустикалық жүйенің құрамындағы екіден кем емес
бағананы қажет етеді.
194
Dolby Digital форматындағы дыбыстық сигналда алты дыбыстық
арнаға арналған ақпарат болады: екі алдыңғы стереоарна, орталық
арна (диалогтар арнасы), екі тылдық арна жəне төменжиілікті арна.
Бұдан шығатыны, Dolby Digital сигналын жаңғырту үшін
акустикалық жүйенің алты дыбыстық бағанасы болуы керек.
ДК арналған АЖ негізінен екі дыбыс бағанасынан тұрады, олар
бастапқы кезеңде стереофониялық сигналдың жаңғыртылуын
қамтамасыз етті. Дыбыс көзін кеңістікте позициялау 5.7. тарауда
қарастырылған сандарынан екі бағана көмегімен көлемді дыбыстық
өрісті жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Әдетте ДК арналған АЖ əр бағанада бір динамик болады. Бұл
кезде акустикалық жүйелердің қазіргі заманғы модельдері
бағаналардың немесе дауыс зорайтқыш корпустың арнайы
құрылымын пайдалану арқасында іс жүзінде барлық естілетін
жиілікті диапазонда дыбысты жаңғыртуға мүмкіндік береді. Оның
ішінде төмен жиілікті жаңғырту бағана немесе дауыс зорайтқыш
(Bass Reflex технологиясы) корпусының арнайы құрылымын
қолдану жолымен қол жеткізіледі.
АЖ жоғары сапалы төмен жəне өте төмен жиілікті жаңғырту
үшін екі бағанадан басқа үшінші дыбыстық агрегат қолданылады—
сабвуфер (Subwoofer). ДК арналған мұндай үш компонентті АЖ
орта жəне жоғары жиіліктерді жаңғыртатын (шамамен 150 Гц-тан
20 кГц дейін) сателлиттік бағана деп аталатынның екеуінен жəне
150 Гц кем емес жиілікті жаңғыртатын сабвуферден тұрады.
ДК үшін АЖ ерекшеленетін айырмашылығы – өзінің
кіріктірілген қуат күшейткішінің болу мүмкіндігі. Кіріктірілген
күшейткіші бар АЖ белсенді деп аталады. Пассивті АЖ күшейткіші
болмайды.
Белсенді АЖ басты артықшылығы дыбыстық картаның
сызықтық шығуына қосылу мүмкіндігі болып табылады. Белсенді
АЖ қуат көзі не батарейкалардан (аккумулятордан), не бөлек
сыртқы блок түрінде жасалған арнайы адаптер арқылы электр
желісінен немесе бағана бірінің корпусына орнатылатын қуат көзі
модулінен жүзеге асырылады.
ДК арналған акустикалық жүйелердің шығу қуаты кең
диапазонда өзгереді жəне күшейткіш пен динамиктің техникалық
сипаттамасына байланысты болады. Егер жүйе компьютерлік
ойындарды дыбыстауға арналған болса, орта өлшемді орналастыру
үшін бағанаға 10 Вт қуат жеткілікті. Үлкен аудиторияда дəріс
немесе презентация кезінде жақсы естілуді қамтамасыз ету
қажеттілігі кезінде арнаға 30 Вт дейін қуаты бар бір АЖ пайдалану
мүмкін.
195
3D-дыбыстық стантарттары мен технологиялардың дамуымен
көпбағаналы АЖ кеңінен таралды. Бірінші көпарналы акустикалық
жүйелердің белгіленуі 4.0 болды, олардың құрамына сəйкесінше
төрт бағана кірді: екі алдыңғы жəне екі тылдық. Осындай акустика
үш өлшемді дыбыс құрып, ойындарда жаман емес əсерлер береді.
АЖ 4.1-ге сабвуфер кіреді, алайда бұл жүйелер бəрібір төрт арналы
болады: мұнда төмен жиілікті сигналдар арнайы кроссовер(сүзгі)
көмегімен бөлінеді.
5.1 жүйелерінің толық 6-арналы дыбысы болады. Олардың
құрамына сабвуферден басқа екі алдыңғы, айналадағы дыбыстық
фонды түзу үшін екі тылдық бағана жəне DVD-дискілерде
фильмдерде қолданылатын Dolby Digital форматқа сəйкес келу үшін
қажетті бір орталық бағана (орталық арна) кіреді.
5.1 жүйелері кем дегенде үй кинотеатры үшін қажетті. 8-арналы
7.1 жəне 7.2 жүйелері өте ұқсас. Оларға тағы да екі динамик
қосылған – тылдық орталық. Бұдан басқа, 7.2 жүйеде қосымша
сабвуфер пайда болды, алайда «бастық» арна жалғыз болып қалды.
Мұндай акустикалық жүйе кинотеатрлардағыдай Doulby Digital
Surround EX немесе DTS Surround EX форматты дауыстарды
қамтамасыз етеді. Көптеген сапалы 5.1, 7.1 жəне 7.2 жүйелерде
белгілі форматтарға сəйкес көпарналы дыбысты кодсыздандыратын
дыбыстық процессорларды кездестіруге болады: 5.1 акустикасы
үшін – бұл Dolby Digital, DTS мен Dolby Prologic, ал 7.1 мен 7.2
үшін - Dolby Digital Surround EX мен DTS Surround EX. Әсіресе осы
компоненттің болуы компьютерлік акустиканы үй кинотеатры үшін
пайдалануға мүмкіндік береді.
АЖ негізгі сипаттамалары:
■
Жаңғыртылатын жиіліктер жолағы;
■
сезімталдық;
■
гармоника коэффициенті;
■
қуат.
Жа ң ғ ыр т ыл а т ы н ж и і л і к т е р ж о л а ғ ы (Frequency
Response) — бұл динамик орауышына əкелінетін айнымалы кернеу
жиілігінен дыбыстық қысымның (дыбыс күші) тəуелділігі немесе
дыбыстық қысымның амплитуда-жиілікті тəуелділігі. Адам
құлағымен қабылданатын жиіліктер жолағы 20 Гц-дан 20кГц
дейінгі диапазонда болады.
Д ыб ыс т ы қ б а ғ а н а с е з і м т а л д ы ғ ы (Sensitivity)
жиілігі 1000 Гц жəне қуаты 1 Вт электр сигналы кіруіне беру
кезінде 1 м қашықтықта түзілетін дыбыстық қысыммен
сипатталады.
196
Достарыңызбен бөлісу: |