Аналогты-цифрлық жəне цифрлы-аналогты түрлендіру кезіндегі
сигнал сапасының сипаттамаларының нашарлау проблемасы
DVI (Digital Video Interface) стандарты пайда болумен шешілді.
DVI интерфейсі кез келген типті дисплейді ДК қосу үшін қызмет
етеді, бұған қоса коннектор мен интерфейстің екі негізгі нұсқасы
болады: тек қана цифрлық жəне цифрлы аналогты сигналдармен.
DVI сипаттамасы қамтамасыз етеді: жоғалтусыз дереккөзінен
тұтынушыға
ақпарат
жіберу,
дисплей
түрінен
тəуелсіздік, Plug&Play, EDID мен DDC2B сипаттамасымен қолдау,
бір қосылыста цифрлық жəне аналогты жіберуді қолдау.
Негізінен
үш
өлшемді
ойындарда
қолданылатын
видеоадаптерлардың сапасының интергралды көрсеткіші
кадрлар ауысуының жиілігі болып табылады (frame per second —
fps). Әр үш өлшемді ойында бұл көрсеткіш түрлі болады.
Видеоадаптерлардың оперативті жадысының көлемі 2016
жылы — 12 Гбайт құрады. Видеоадаптерларда қолданылатын жады
түрі əдеттегі оперативті жадының арнайы түрленуіне ұқсас.
4.24
-сурет. Видеоарнада деректер жіберу маршруты
173
Видеоадаптердың графикалық чибі мен жады жұмсының
жиілігі бірдей немесе əртүрлі болуы мүмкін. 2016 жылғы кеңінен
таралған видеокарталардың жады жиілігі 6 000 МГц асатын болды.
Ресейдің компьютерлік нарығында видеокарталардың келесі
өндірушілері ең танымал Asus, Gigabyte, Inno Vision, MSI, Palit,
Power Color, Sapphire, Zotoc жəне кейбір басқалары.
Мамандандырылған видеоадаптерлар басқа құрылғылармен
интегралды жасалуда дайындалады. Оның ішінде, видеокарта мен
MPEG-декодер бір тақшада орналасады. Мұндай MPEG-плеерлер
видеофильмдерді жаңғыртуға мүмкіндік береді.
TV-тюнер — бұл компьютер мониторында көрсетумен түрлі
хабар беру пішімінде теледидарлық сигналды қабылдауға арналған
теледидарлық
қабылдағыш.
Көптеген
TV-тюнерлер
FM-
радиостансаларын қабылдайды жəне видеоны қармау үшін
қолданылу мүмкін.
4.25
-суретте теледидарлық сигналды қабылдау мен өңдеуді
орындайтын TV-тюнердің жалпыланған құрылымдық схемасы
көрсетілген. Радиоарна модулі антеннамен қабылданатын жоғары
жиілікті радиосигналды іздеуді, оның күшеюін, жиілік бойынша
түрледіру жəне детектрлеу (демодуляцияны) жүзеге асырады.
Радиоарна шығуында құрамында жарықтық сигналы, түрлі-түстілік
сигналы мен синхрондау сигналы бар теледидарлық сигнал
қалыптасады,
сонымен
қатар
дыбыспен
сүйемелдеудің
модульденген
сигналының
жиілігі
түзіледі.
Селектор
видеосигналдан кадрлік жəне жолдық синхрондау импульстерін
шығарады, декодер жарықтық сигналы мен түстері əр түрлі екі
сигналды шығарады. Декодер шығуында компоненттік видеосигнал
қалыптасады, алайда оның пішімі RGB-пішімді видеоадаптерларда
қабылданғаннан өзгеше болады.
Ұсыну пішімін, сонымен қатар жайма түрін (жоларалықтан
жолма-жолға) түрлендіру үшін арнайы конвертер қолданылады.
Оның құрамындағы арнайы сүзгіштер жылпылдау əсерін жоюға
жəне радиоарнаның модулінің өзінің шуы мен сыртқы бөгеттердің
əсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Қалыптасқан жəне сүзілген
сигналдар R, G, B қосындалу құрылғысына жіберіледі, мұнда
видеоадаптердің шығу сигналымен біріктіріледі жəне содан кейін
мониторға келіп түседі.
Бірігу тəсілі теледидарлық кескіннің монитор экранында ұсыну
пішімін анықтайды: толықэкранды немесе терезеде.
Кіріктірілген TV-тюнерлері өзінің құрылымы арқасында
барынша функционалды болады. Бөлек үлгілері толық экранды
режимде жұмыс жасай алады, ал көбінің видеосигналды жаңғырту
үшін терезелерінің бірнеше стандартты өлшемі болады.
174
4.25
.Сур. Телевизиондық сигналды қабылдап, өңдейтін TV-тюнердің жалпылама құрылымдық сұлбасы.
175
TV-тюнерлер FM-радиомен жабдықталады, видеомагнитофонға
немесе камераға арналған видеокіру, сызықтық аудиокіру,
бағаналарға аудиошығу, сонымен қатар антендік штекер болады.
Аудиокіру тюнерді дыбыстық тақшамен қосу үшін қолданылады
жəне
аналогты
тасымалдаушыда
сақталатын
кез
келген
аудиодеректерді цифрлау кезінде магнитофонмен жалғау үшін
қызмет етеді (мысалы, магнитофондық кассеталар).
4.5.
ВИДЕОСИГНАЛДАРДЫ ӨҢДЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Егер видеосигнал көзі аналогты құрылғылар – теледидарлық
тюнер, видеомагнитофон, аналогты шығуы бар видеокамера болса,
мұндай сигналдарды компьютерлік өңдеу үшін олардың
цифрлауын,
яғни
аналогтық
пішіннен
цифрлық
пішінге
түрлендіруін орындау керек. Ол үшін кіретін аналогты
видеосигналды жəне оны нақты уақытта цифрлайтын енгізу-шығару
карталары қажет, содан кейін бұл деректерді қатқыл дискіде сақтау
керек. Цифрланған кескінді сақтағаннан кейін ол редакцияланады.
Бұл функциялар видеосигналды қамту құрылғысымен жүзеге
асырылады.
Видеосигналды қамту құрылғысы — видеобластер (Video
Blaster) кескіндерді қармауыш деп аталатын видеотақшаны, видео
енгізу құрылғысын, ТВ-грабберді (Grab — қамту), имидж-кепчерді
береді(Image Capture — кескінді қармау) жəне қамтамасыз етеді:
■
бағдарламалық таңдалатын видеокірудің біріне төмен жиілікті
видеосигналды қабылдау (видеокамерадан, магнитофоннан
немесе теледидарлық тюнерден);
■
Windows ортасының масштабталатын терезесінде нақты уақытта
қабылданатын видеоны бейнелеу ;
■
Цифрленген видео кадрларын тоқтату;
■
Қармалған кадрды қабылданған графикалық стандарттардың
(TIP, TGA, PCX, GIF жəне басқалары) бірінде файл түрінде
винчестерде немесе басқа қолжетімді ақпарат сақтау
құрылғысында сақтау.
Видеода кодер кірістің бірінен сигналды қабылдауды, оның
цифрлеуін, теледидарлық стандартқа сəйкес цифрлық қайта
кодтауды жəне видеобақылаушыға алынған YUV-деректерін
жіберуді қамтамасыз етеді.
176
Достарыңызбен бөлісу: |