Жоғары сапа жəне ыңғайлы технологиясы арқасында ақпаратты
техникалық құралдардың ризографты кешені ақпаратты қатқыл
тасымалдағышта – визит карточкасынан, жарнамалық проспект
бланктарынан жəне техникалық құжаттамалардан бастап, журналды
мерзімділік, брошюра мен кітаптар жасауға дейін жəне тираждауға
мүмкіндік береді.
Ресей нарығында ризографтар Riso, Duplo жыне Ricoh
брендтарымен ұсынылған.
9.2.
ҚҰЖАТТАРДЫ ЖОЙҒЫШ - ШРЕДЕРЛЕР
Шредерлер (to shred
— ұсақтау, кескілеу) — құжаттарды жоюға
арналған құрылғы.
330
Қатқыл
тасымалдағыштардағы
құжаттарда
сақталатын
ақпараттар жиі құпиялық маңызды болып келеді. Осыған
байланысты көптеген байсалды ұйымдар электронды түрдегі,
сондай-ақ қағазда жасалған жəне басқа тасымалдағыштардағы
(микрофильмдер, магнитті лента жəне т.б.) ақпаратты қорғау жəне
қызмет материалдарымен айналысу тəртібі туралы нұсқаулықпен
жұмыс істейді. Бұл ретте, үлкен құжатайналымы ұйымдарында
қатқыл тасымалдағыштағы кұжаттар түріндегі құжатайналымының
шығынын жою проблемасы өткір мазалайды.
Құжатты жоюдың негізгі үш тəсілі бар: химиялық, термалық
жəне механикалық. Бірінші екеуі белгілі қолайсыздықтар мен
қосымша қаржы шығындарын алып келеді: бөлек үй-жайды ұстап-
күту, ауаны фильтрациялау мен желдетудің арнайы жүйелерімен
жабдықтау, өртке қарсы қауіпсіздік, арнайы дайындалған персонал,
арнайы киім. Осылардың барлығына байланысты, шредермен іске
асырылатын, ең қолайлы механикалық принципі «құжаттарды
майдалап кескілеу» кеңінен таралған.
Дербес шредерлер қағазды жою үшін азкөлемді кəрзеңкемен
немесе кəрзеңкесіз орындалады. Соңғы жағдайда, осы аппаратты
жойылған материалдар түсе алатын, түрлі кəрзеңкелермен немесе
контейнермен пайдалануға болады. Дербес шредерлердің сервисті
функциялары əдетте механикалық немесе электронды датчиктердің,
жұмыс
режимдерінің
жарық
индикациясы
мен
пышақ
айналымының реверстері негізінде автоматты қосу/тоқтаумен
жасалады. Дербес шредерлердің түрлі модельдері екінші – бесінші
деңгейдегі құпиялық құжаттарды 90 мм/с жылдамдықпен жоюға
мүмкіндік береді жəне жойылатын материалдарды жинау үшін
сыйымдылығы 16 ... 29 л. кəрзеңкемен жабдықтайды.
Кеңсе шредерлері түйреуіштері бар құжаттарды жоюға
мүмкіндік береді, жəне бірінші категориялы кешкіш механизмді
пайдалану есебінен пластикті карталарды, CD-дисктерді жою үшін
пайдалана алады.
331
Осы шредерлердің жабық корпусы жойылған құжаттар үшін
контейнерге рұқсат ашатын есігі бар. Корпус дөңгелекшелермен
жылжиды. Кеңсе шредерлердің қосымша сервисті функцияларына
есік жабылмаған кезде қосылу автоматты түрде блокталады. Кеңсе
шредерлердің екінші –бесінші деңгейдегі құриялық модельдерінің
өнімділігі 260 мм/с дейін жəне кəрзеңке сыйымдылығы 300 л.
болып келеді.
Өнеркәсіпте қолдану шредерлері үлкен ұйымдарда
құжаттарды ортадан жоюға арналған. Өнімділігі мен қуатталығы
өте жоғары, ішкі ленталық тасымалдауышпен жабдықталған.
Жұмыс процессінде арнайы жабдықталған бақылау органдары мен
датчиктер есебінен барлық операциялар қауіпсіз орындалады. Осы
сериядағы жойғыш басқарудың сенсорлы панеліне ие, контейнер
толғанда немесе шығарылған кезінде, қағаздың тұрып қалу
жағдайларында автоматты өшеді жəне жұмыс режимінің жарықты
индикациясы бар. Кешкіш механизмінің жоғары сапасы құжаттарды
бумалармен, ал басқа жеке модельдері болатты доға-бекіткішпен
пышақтардың мұқалусыз «корона» типті тезтікпелермен бірге
жоюға мүмкіндік береді. өнеркəсіпте қолдану шредерлердің кейбір
модельдерінің өнімділігі — 354 мм/с, ал кəрзеңге сыйымдылығы —
340 л.
Ресей нарығында Rexel, Burlos, Kobra, Geha фирмаларының
шредерлері аса танымал.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Электрографиялық көшірудің негізгі кезеңдерін атаңыз жəне
олардың мазмұндарын ашып айтыңыз.
2.
Электрографиялық аппараттың құрамындағы негізгі тораптар
қандай?
3.
Электрографиялық
аппараттағы
кототрондар
қандай
функцияларды атқарады?
4.
Электрографиялық көшіру кезінде қағазға тонердің бекітілуі
қандай процесстермен жүргізіледі?
5.
Цифрлы электрографиялық аппарат аналогтыдан ерекшелігі
қандай?
6.
Электрографиялық көшіру аппаратын таңдау кезінде қандай
факторларды назарға алған жөн?
332
7.
Термографиялық, фотографиялық жəне электрұшқынды
көшіру негізіне қандай физикалық құбылыстар жатады?
8.
Ризограф арқылы алған көшірмелердің реттілігін анықтаңыз.
9.
Ризографтың негізгі құрылмалық тораптарын атаңыз.
10.
Дербес, кеңсе жəне өнеркəсіптік шредерлер қандай құрылмалы
ерекшеліктерге ие?
333
Достарыңызбен бөлісу: |