9.1.5. Трафаретті және электрлі
трафаретті баспа
Бірдей көшірменің көптеген санын алу үшін трафаретті баспа
көшірме құрылғысы пайдаланады.
Бұрынғы
жылдары
трафаретті
баспа
рототорлар-
құрылғыларымен жүзеге асырылатын, оларға алдын-ала трафарет
жасалатын. Осы үшін арнайы қағазға жіңішке қабаттан балауыз
жағылған берік талшықтардан – «балауызша» - жазба
машинкасында мəтін басылатын. Машинканың символдарын
соққылаған жерде балауыз талшық торын қалдырып, ұшып кетеді.
Содан кейін, дайындалған «балауызшы» трафареті сақина жасап,
рототорға қойылатын. Сақина ішінде типографиялық бояумен
шыланған білікше бар, ол «балауызша» учаскелері арқылы
сындырылған балауыз қабатымен қосымша біоекше арқылы қағазға
өтеді. Жазба машинкасының соққыланған символдары бойынша
«балауыз» жерлеріне тиісті қағаз учаскелері боялатын. əБалауызə
саңинасының əрбір артқы жағында ротардан парақтың көшірмесі
шығады. Шығын материалдары мен ротатордың өзі қымбат емес.
Ротармен трафаретті баспаның жетістіктеріне баспаның жақсы
сапасын; бір трафареттен 400 ... 1 500 баспа-таңбаларды алу
мүмкіндігін,
трафареттерді
жасаудың
қарапайымдылығын
жатқызуға болады. Бірақ, трафаретті баспа кезінде редауциялауды
орындау мүмкіндігі жоқ жəне көптүсті баспалар шығару кезінде
бірнеше трафареттерді пайдалану қажет.
Цифрлы электрониканың соңғы жетістіктерін қолданатын жəне
трафаретті баспаның барлық ерекшелігін қомақты жақсартатын,
трафаретті баспаның келешекте даму жолы электронотрафаретті
баспамен байланысты. Ресейде электронотрафаретті баспа ең
басында негізінде тек Riso фирмасының көшіру аппараттары
арқылы өндірілетін, бұл көбейту тəсілі жиі ризография деп те
аталатын.
Ризографиар (қосарланған) – кеңсеге арналған көшіру-көбейту
техникасының типі. Дəстүрлі трафаретті баспаны заманауи цифрлы
тəсілмен жасау мен құжаттарды электронды өңдеуді біріктіреді.
Компьютерге параллельді порт арқылы қосылған ризограф
оперативті құру, редакциялау жəне құжаттар мен полиграфиялық
баспалардың барлық түрлерін көшіру үшін пайдалануы мүмкін.
327
Ризограф 1980 жылы Жапонияда жасалған, 1995 жылдың
басында жапондық мектептердің 70% астамы ризографпен
жабдықталған. Ресейде алғашқы ризографтар 1992 жылы пайда
болды. Duplo компаниясы нарықта жаңа пайда болды. Өзінің
қосарлануымен Duplo қағазды тартудың оригиналды жүйесін
пайдаланды, бұл - Duplo аппараттарынң ең басты жетістікерінің
бірі. Бəсекелестегі компаниялардың аппараттары сипаттамалары
бойынша ұқсас болып келеді, жəне ерекшіктерді тек пайдалану
кезінде анықтауға болады.
Ризографта
көшіру
процессі
жоғары
оперативтілікпен
ерекшеленеді жəне екі кезеңнен тұрады: 15 ... 20 с. ішінде
жұмысшы матрицаны дайындау жəне жоғары өнімділікпен матрица
бойынша басу, 10 . 20 минут ішінде жоғарысапалы бірнеше мың
баспа-таңбаларды алуды қамтамасыз етеді.
Цифрлы ризографтар схемасы 9.4.- суретте көрсетілген.
Матрицаны дайындау кезінде құжат түпнұсқасы кіріктірілген
сканерге орналастырады 1, ол ақпаратты оқиды, оны кодтайды жəне
тиісті цифрлы файлды құрайды. Осы цифрлы файлмен
басқарылатын, арнаулы көпқабатты рулонды пленка-мастерді
термотиекпен өңдегеннен кейін
2, жұмыс матрицасы құрылады, ол
пленканың сыртқы қабатындағы микротесік түрінде көшірілетін
кескінді немесе мəтінді құрайды. Соңынан жұмыс матрицасы
автоматты түрде бояйтын цилиндрдың үстіне орналасады 4, оның
ішінде арнайы бояғышпен туба бар 9.
9.4.-сурет. Цифрлы ризограф схемасы:
1
— сканер;
2
— көпқабатты рулонды мастер-пленка;
3
— термотиек;
4
— бояғыш
цилиндр;
5
— берілетін тартпа;
6
— қысқыш білікше;
7
— қабылдау тартпасы;
8
—
өңделген жұмыс матрицасын қабылдағыш;
9
— бояу тубасы
328
Бояғыш пленканың ішкі қабатын сіңіреді, осылай өңделген жұмыс
матрицасы құжаттарды тираждау үшін трафарет ретінде пайдаланады.
Баспа процессінде плеканың ішкі қабатындағы тубадан
9
түсетін
бояғыш формды цилиндрді айналу кезінде ортадан тепкіш күштердің
қозғалысынан берілетін тартпадан
5
жəне қысқыш білекшеден
6 түсетін
кəдімгі қағаздың бетіне микротесік арқылы аударылады. Басылған қағаз
парағы қабылдау тартпасына өтеді
7. Бір жұмыс матрицасынан сапасының
сақталуымен 4 мыңнан астам баспа-таңба алуға болады.
Заманауи ризографтарда барлық негізгі кезеңдер автоматты режимде
орындалып қоймай, қажетті ұзындықта мастер-пленканы бөлумен рулонды
тарқату, оны кесу, бояғыш барабаннан өңделген матрицаны шешу жəне
оны істеліп біткен жұмыс матрицасының қабылдағышына жоюды да
автоматты жасайды.
Ризограф жетістіктеріне мыналарды жатқызуға болады:
■
Көшірме жасау үшін қағаздың əртірлі типі мен сапасын пайдалануға
болады;
■
Жоғары өнімділік;
■
Жоғары ажыратымдылық; көптүсті баспа мүмкіндігі;
■
ДК бірлескен жұмыс, жəне жекелеп алғанда, құжатты құру жəне
редакциялау;
■
Барлық процесстері автоматтандырылған.
Құжаттар ризографтарында тираждаудың жоғары үнемделігін ерекше
атап өтеміз: егер 10 көшірме алу кұны мысалы, ризографта жəне ксерокста
бірдей болса, енді 500 баспа-белгіні жасау ризографта 6 ... 8 есе арзан.
Құрылымды ризографтар екі конфигурацияда орындалады: роликті
жəне планшетті.
Роликті және созылыңқы ризографтар тек бөлек қағаздармен ғана
жұмыс істеуге арналған. Сканердің фотоқабылдағыш құрылғысының
жанынан оқу кезіндеоларды созғылайды, парақтарды тарату автоматты
режимде жасалады.
Планшетті
ризографтар
парақты
жəне
брошюрленген
материалдарды көшіруге мүмкіндік береді.
Ризографтарды аса тиімді пайдалану үшін ақпараттаудың техникалық
құралдарын бірыңғай кешенімен біріктіреді, мысалы 9.5.-суретте
көрсетілгендей.
Кешен құру кезінде ризографты компьютерге қосады, бұл ризографты
жоғарысапалы сканерге айналдырады жəне компьютерге кескінді
жіберуге, оны редакциялау жəне ризографта басып шығаруға мүмкіндік
береді. Ризограф экологиялық қауіпсіз, ол арнайы дайындалған үй-жайлар
мен персоналды қажет етпейді, желіге қосқаннан бастап жұмысқа дайын.
329
Достарыңызбен бөлісу: |