еш, жоқ, емес, ма, мен
); 3) сұраулық
демеуліктер (
ма, ме, па, пе
т.б.); 4) демеуліктер; 5) жалғаулықтар. Бұл
топтастырудан қазіргі кездегі күшейткіш көмекшілер, есімдіктер,
болымсыз етістіктің жұрнақтары мен көмекші етістіктердің шы-
лау сөздердің қатарында қарастырылғаны байқалады. Сондай-ақ
шылаулардың іштей топтастырылуы мен олардың аталуында да
бірізділік жоқ. Кейіннен автор бұл мəселені қайта қарап, шылау
109
сөздерді демеулер, демеуліктер, жалғаулықтар деп үш топқа бөледі.
Ғалымның бұл топтастыруында, сан жағынан болмаса да, аталуы
жағынан өзгешеліктер болды.
Шылаулардың мағыналық топтары, қызметі, грамматикалық
ерекшеліктері қазақ тілінің академиялық грамматикалары мен
Ғ. Əбуханов, Ə. Төлеуов, А. Ысқақов, С. Исаев, Н. Оралбай, Қ. Мол-
ғаждаров, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылып, шы-
лаулардың жалғаулық, септеулік жəне демеулік деп аталатын негізгі
үш тобы жүйеленеді.
Жалғаулық шылаулар тиянақты тұлғада келіп, сөз бен сөзді, сөй-
лем мен сөйлемді байланыстыру үшін қолданылады. Сондай-ақ бай-
ланыстырушы сөздердің, сөйлемдердің арасындағы грамма тика лық
қатынастар да жалғаулық шылаулар арқылы анықталады.
Жалғаулық шылаулардың мағыналық топтарын ғалымдар
түрліше анықтайды. Мəселен, Ғ. Əбуханов жалғаулық шылаулар-
ды ыңғайластық, қарсылықты, талғаулықты, себеп-салдарлық деп
төрт түрге, А. Ысқақов ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты,
себептік, салдарлық, шарттық, айқындағыш, ұштастырғыш деп сегіз
түрге бөледі. Ғалым яғни,
демек, ал, ендеше, олай болса, ал енде-
ше
тəрізді қыстырма сөздерді айқындағыш жəне ұштастырғыш
жалғаулықтары ретінде қарастырады. Ал Н. Оралбай жалғаулық шы-
лауларды мағынасы мен қызметіне қарай ыңғайластық, қарсылық,
талғаулықты, себептік, салдарлық, шартты жалғаулық деп алты
түрге бөледі.
Қазақ тілінің академиялық грамматикаларында жалғаулық шы-
лаулар мағынасына қарай ыңғайластық, қарсылықты, талғаулықты,
себептік, салдарлық (немесе себеп-салдарлық) жəне шарттық
жалғаулықтар болып 6 түрге бөлінеді.
Ыңғайластық жалғаулықтар өзара тең дəрежедегі сөздер мен
сөз тіркестерін жəне сөйлемдерді салаластыра байланыстырады.
Жалғаулықтың бұл түріне
мен, бен, пен, жəне, əрі, да,де, та, те, əрі
шылаулары жатады.
Қарсылықты жалғаулықтар алғашқы сөйлемде айтылған ойға
кейінгі сөйлемдегі ойдың қарама-қарсылығын, яғни сөйлемдер
арасындағы қарсылықты қатынасты білдіреді. Оларға
бірақ, алай-
да, əйткенмен, дегенмен, əйтпесе, əйтсе де, сонда да,
т.б. қарсылық
мəнді шылаулар жатады.
Талғаулықты жалғаулықтар бірыңғай сөздер мен салалас
сөйлемдерді байланыстырып, ондағы зат, сын, іс-əрекеттің біреуінің
110
ғана жүзеге асатынын, болатынын білдіреді. Мұндай байланыс
я,
яки, əлде, не, немесе, біресе
, т.б. шылаулар арқылы қалыптасады.
Себептік жалғаулықтар соңғысы алдыңғысының себебін біл-
діретін сөйлемдерді байланыстырады. Ондай жалғаулықтарға
себебі,
өйткені
шылаулары жатады.
Салдарлық жалғаулықтар алдыңғы сөйлемде айтылған белгілі
бір ойдың, хабардың нəтижесі кейінгі сөйлем арқылы берілуін
білдіреді. Салдарлық жалғаулықтарға
сондықтан, сол себепті
шы-
лаулары жатады.
Шарттық жалғаулықтар сөйлемдердің арасындағы шарттық
қатынасты білдіреді. Мұндай қызмет
егер, егер де
шылаулары ар-
қылы жүзеге асады.
Септеулік шылаулар өзара бағыныңқылық қатынастағы сөздерді
байланыстырып, олардың арасындағы əртүрлі грамматикалық
қатынастарды білдіру үшін қолданылады. Септеулік шылаулардың
өзі грамматикалық байланысқа түсетін сөздердің септік жал-
ғауларының бірінде келуін қажет етуі оларды мағынасы мен қызметі
жағынан септік жалғауларына жақындатады. Қазақ тілінде ілік, та-
быс, жатыс септіктерінен басқа септік жалғаулары септеулік шылау-
лармен тіркеседі.
Септеулік шылауларды топтастыруда олардың өздері меңгеретін
септік жалғаулары мен өздері тіркесетін сөздеріне үстейтін негізгі
грамматикалық мағыналарына назар аударылады. Меңгеретін септік
жалғауларына қарай септеулік шылаулар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) атау септікті меңгеретін септеуліктер:
Достарыңызбен бөлісу: |