Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



жүктеу 457,37 Kb.
Pdf просмотр
бет29/77
Дата11.06.2022
өлшемі457,37 Kb.
#38900
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

 -дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен
қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Бұл қосымшалар 
грамматикалық шығыс септігінің жалғауы ретінде танылғанымен, 
сан есімдер құрамында өзінің септік жалғауы қызметіндегі 


65
грамматикалық мағынасынан қол үзіп, топтау мағынасын үстейді. 
Топтық сан есімдер дара жəне күрделі түрде болады. Мысалы: 
еке-
уден, бестен, оннан
немесе 
екі-екіден, бес-бестен, он-оннан, 
т.б. 
Топтық сан есімдердің басты ерекшелігі: олар түрленбейді, яғни 
топтау мағынасында қолданылғанда көптік, септік, тəуелдік жəне 
жіктік жалғауларын қабылдамайды. 
Болжалдық сан есімдер зат пен құбылыстың санын дəл, нақтылы 
түрде емес, тұспалдап, болжап, шамамен білдіру үшін қолданылады. 
Болжалдық сан есімдер есептік жəне жинақтық сан есімдерден 
синтетикалық жəне аналитикалық тəсілдер арқылы жасалады. 
Синтетикалық тəсіл арқылы болжалдық сан есімдер есептік жəне 
жинақтық сан есімдерге
 -ер, -дай/-дей, -тай/-тей,-даған/-деген 
қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: 
бірер, 
жүздей, ондаған, жүздеген,
т.б. Болжалдық сан есімнің құрамында 
салыстыру мəнді қосымшалардың болуы заттың болжалдық сан 
мағынасының бір затты екінші бір затпен салыстыру мағынасымен 
байланыстылығын танытады. Сондықтан болжалдық сан есім жасау-
да салыстыру, теңеу мəнді 
-дай/-дей 
жұрнағы өнімді қолданылады. 
Болжалдық сан есімдер есептік сан есім мен жинақтық сан 
есімдердің қосарлануы жəне сан есімдерге 
жуық, астам, тарта, 
шақты, шамалы,
т.б. көмекші сөздердің тіркесуі арқылы да жаса-
лады. Мысалы: 
бір-екі, үшеу-төртеу, жүзге тарта, оннан астам, 
қырық шақты, елуге жуық,
т.б. 
Болжалдық сан есімдердің ішінде, көп жағдайда, қосарлы түрлері 
ғана заттануға бейім болып, көптік, септік, тəуелдік жалғауларымен 
түрленеді. Бірақ түрленген жағдайда да олардың болжалдық 
мағынасы айқындала түседі. Мысалы: 
бес-алтауы, алпыс-жетпісті, 
он-он бірге, жеті-сегіздерде,
т.б. Бұл болжалдық сан есімдердің 
негізгі белгілерінің бірі ретінде түсіндіріледі.
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін, үлесін 
білдіретін сан есімдер бөлшектік сан есімдер деп аталады. Сан 
есімнің басқа топтарынан ерекшелігі, біріншіден, бөлшектік сан 
есімдер таза математикалық ұғымды білдіреді. Сондықтан оның 
жасалу жолы да математикалық амалдар арқылы жүзеге аса-
ды. Екіншіден, сан есімдердің бұл тобы морфологиялық құрамы 
жағынан тек күрделі түрде болады. 
Бөлшектік сандардың бастапқыда таза сандық мағынада 
қолданылатын сөздердің заттық ұғымға ие болуы жолымен пайда 
болуы олардың ілік, шығыс септіктері мен тəуелдік жалғауларын 
5–1136


66
қабылдауына, соның негізінде бөлшектік сан мағынасына ие болуы-
на ықпал етті. Бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдердің бірінші 
сыңарына ілік септігі немесе шығыс септігі жалғауларының, соңғы 
сыңарына тəуелдік жалғауының 3-жақ көрсеткішінің жалғануы 
арқылы, сондай-ақ 
жарым, жарты, ширек
сөздерінің тіркесуі 
арқылы жасалады. Мысалы: 
екіден бір, үштен екісі, онның екісі, бес 
жарым, онның жартысы, 
т.б. 
Сан есімдердің кейбір топтары сандық мағынамен қатар 
заттануға да бейім болып, соның негізінде септік, көптік, тəуелдік 
жəне жіктік жалғауларымен түрлену жүйесіне түседі. Бөлшектік 
сан есімдер де заттанады. Бірақ бұл үдерісте бөлшектік сан-
дар септік жалғауларымен ғана түрленіп, көптік жəне тəуелдік 
жалғауларын қабылдамайды. Ал жіктік жалғауларымен түрленген 
жағдайда сыртқы тұлғасы жағынан бөлшектік сан есімдерге ұқсас 
болғанымен, заттық мағынадағы сөздерге ауысады. Мысалы: 
екінің 
бірісің
деген тіркесте бөлшектік сан мағынасынан ауытқып, жеке 
заттық сандардың өзара қатынасына, яғни 
екі адамның бірі сенсің 
деген мағынаға ие болып тұр. 
Сан есімдер заттың санына қатысты белгісі немесе сандық атауды 
білдіру сипатына қарай сөйлемде əртүрлі сөйлем мүшесі қызметін 
атқарады. Сан есімдердің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш. 
Сан есімдер заттың сандық белгісін білдірген жағдайда анықтауыш, 
абстрактілі сандық ұғымды білдірген жағдайда баста 
уыш, баян-
дауыш қызметтерін атқарады. Сонымен қатар заттанғанада не-
месе белгілі бір сөз таптарымен синтаксистік байланысқа түсу 
нəтижесінде басқа да сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалады. 
Мысалы: 
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Атқа мініп, құрық 
сүйреткен екі-үш еркек көрінеді
(А. Сейдімбек). 
Осы бəйбішесі мен 
Сүйіндік осыдан он шақты күн бұрын Зереге бата оқып қайтқан 
(М. Əуезов). 
Құнанбайдың екі ауылы да Жидебайға жиылған
(М. Əуезов). 
Үндеместен жабылып, екеуін алып-алып соқты да, 
тізерлеп басып-басып алды 
(М.Əуезов).
Жалпы алғанда, сан есімдер лексика-семантикалық, мор-
фологиялық жəне синтаксистік ерекшеліктері бар есім сөз 
таптарының бірі ретінде басқа сөз таптарынан семантикалық, 
морфологиялық жəне жасалу жолы жағынан ерекшеленеді. Сан 
есімдердің грамматикалық мағынасы грамматикалық формалардың 
мағыналық бір қырын танытады. 



жүктеу 457,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау