Интернет-технологиялар-Компьютерлік ақпаратты тарату және өңдеу саласындағы ең дамыған және ыңғайлы мүмкіндіктердің бірі. Осы салада қолданылатын қосымшалар саны өсіп келеді



жүктеу 25,75 Kb.
бет1/3
Дата21.01.2022
өлшемі25,75 Kb.
#34472
  1   2   3
Крсач главный


Кіріспе

Интернет-технологиялар-Компьютерлік ақпаратты тарату және өңдеу саласындағы ең дамыған және ыңғайлы мүмкіндіктердің бірі. Осы салада қолданылатын қосымшалар саны өсіп келеді. Интернет - бұл әртүрлі ақпарат көздеріне қол жеткізудің ыңғайлы тәсілі, мысалы, өздігінен білім алу, интернет-дүкен, интернет-банкинг және т.б. Бұл қосымшалар желілік технологиясының басты сұранысы болып саналады. Пайдаланушылармен интерактивті байланысты қамтамасыз етеді. Интернет қосымшаларын жасау - бұл ақпараттық технологиялар мамандарының кәсіби тәжірибесінің сарқылмас бөлігі.

Ақпараттық ағымдармен толық қамтамасыз болу үшін, жобаларды тез және тиімді жасауға мүмкіндік беретін заманға сай технологиялық шешімдерді қолдану керек.

Қазір, Интернет - ақпараттық өзара қарым-қатынастың негізгі факторы болып отыр. Осы - дан он жыл бұрын компьютер арқылы мәлімет беруге мамандар мен тәжірибелі пайдаланушылар ғана көңіл бөлетін. Ал қазіргі кезде жергілікті және ғаламдық компьютер желісін пайдалану ДК тәрізді әдеттегіден де кең түрде таратылған болып табылады, өйткені компьютерді пайдалану арнайы білімді талап етпейді.

Ғаламдық ақпараттық-коммуникация технологиясын дамыту үрдісі қазіргі таңда сұранысқа ие, ал оның мүмкіндіктерін қоғам мен экономика үшін масштабты түрде пайдалану енді басталып жатыр. Өзінің дамуындағы коммуникациялық кезеңде Интернет желісінің басты міндеті қажетті серіктестер іздеуде көмек көрсету және онымен қажетті қарқындылықтағы коммуникацияның керекті түрін ұйымдастыру үшін құрал ұсыну болып табылады. Соңғы жасалған зерттеулердің қорытындысы Интернет-технологияны пайдалану нақты үнемділік пен пайда әкелетінін көрсетті.

Қазіргі заманғы Интернет - әлемнің әр жеріндегі адамдармен араласуға, кез келген қажетті ақпаратты тез іздеп табуға, бүкіл әлемге келген контентті көпшілік үшін жариялауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жүйе болып табылады. Интернеттің көмегімен өзіне қолайлы жұмыс іздеп табуға, таныстар қатарын ұлғайтуға, өзін қызықтыратын тақырыпты талқылауға болады, әрі Интернетте жұмыс жасай отырып, бос уақытты өткізуге ыңғайлы. Қазіргі кезде Интернет арқылы ақша табу тәсілдері де аз емес. Желі арқылы қарапайым қызметті жариялап немесе қарапайым тауарларды сатуға болады. Кейбір тауарларды тек сатып қана қоймай, желі арқылы төлемді жүргізуге де болады. Web-сайттардың барлығы тікелей кіріс алуға арналмаған. Олар жүйелі емес коммерциялық операцияларға белгілі бір қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге немесе олардың барынша арзан қолды баламасы ретінде қаралады.

Интернет бірте-бірте сауда жүйесі саласына да еніп жатыр. Электрондық дүкен арқылы сауда жасаудың ең тиімді жолы тұтынушының уақытын біршама үнемдейді. Ақпараттық технологиялардың қосылу тенденциясы мен Интернет-технологиясына негізделген жаңа біріктірілген Интернет-дүкен арқылы сауда жасау технологиясының жасалуының қазіргі уақытта өзіндік орын алып отырғанын аса бір сенімділікпен айтуымызға болады.

Интернет-дүкендердің қарқынды дамуы, күннен-күнге дамып жатқан өзгерістерге ілесіп, солармен қатар жүріп отырумен тікелей байланысты. Кейбір программалық өнімдер автономды режимде жұмыс істеп, оларды тестілеуден өткізіп, кейін серверді өзі жүктей береді. Бұл өзгертулер тек сол жалғыз компьютерде орындалып, жұмыс істейді. Барлық ақпараттарды шынайы уақыт режимінде жаңарту қолайлы болып табылады. Бірақ бұл да тиімді шешім емес, мұнда енгізілген өзгертулер тестілеуден өтпей жатып, Web-парақтарда бейнеленеді. Мысалы тауардың бағасы дұрыс көрсетілмей қалған болса, бұл дүкенге үлкен шығын әкеледі және мұндай жағдайлар жиі кездескен. Мысалы, 1999 жылы ақпан айында buy.com желілік дүкенінде 300$-лық 19-дюмді Hitachi мониторы 163$-ға долларға сатылған. Дүкен басшылығы жіберілген қатені кешірек анықтап, басында тапсырысты қабылдаудан бас тартып, кейіннен шешімдерін өзгертіп, қоймадағы қалған 150 данасын сол көрсетілген бағада сатуға тура келген. Бұл оқиға тұтынушылардың компанияға ұжымдық талапты қадағалауын ескерумен аяқталған. Мұндай жағдай ShowNow.com дүкенінде орын алған. Бағадан қате жіберген дүкен 50 мың доллар шығын әкелген. Дүкен тұтынушыларды жоғалтпау үшін, тапсырысты рәсімдеп үлгерген тұтынушылардың барлығына қызмет көрсеткен. Сондықтан да Интернет-дүкеннің жұмысының ешбір қателіксіз белсенді жүруі үшін Web-сайттың мәліметтер қоры болуы өте маңызды. Мәліметтер қоры автоматтты түрде енгізілген ережелер бойынша тексеріліп, жаңартылып, өзгертіліп отырады. Сонымен қатар енгізілген өзгертулер сайт парақтарында жарияланбастан бұрын, толығымен тексерулерден өтуі қажет.

Бұл жұмыста электрондық сауда бойынша мәліметтер базасы мысалында Web-түйін жасалынады. Қазіргі уақытта Интернет-дүкен Интернет желісіндегі бірден-бір қызмет түрі болып табылады.

Қолданушыларға ақпарат беруден басқа Web-парақтардың маңызды қызметтерінің бірі Web-түйіндерге белгілі бір мәліметтерді жіберу мен серверде оларды өңдеу. Бұл мақсаттар үшін парақ кодына арнайы тәгтер қосылады. Олар HTML-парақтарда арнайы объект-қалыптарды анықтайды. Олардың көмегімен интерактивті интерфейс жасауға болады.

Бұл бітіру жұмысында HTML, CSS, JavaScript, РНР (Personal Home Page) технологиясында интернет-дүкен жасау қарастырылады. Сонымен бірге MySQL мәліметтер базасының сервері қолданылады.

PHP программалау тілі әр түрлі операциялық жүйелердің администраторлары қолданатын құралдан World Wide Web жасайтын платформаға айналды.




жүктеу 25,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау