34
жағынан кейде жеке дара мүше есебінде, кейде күрделі мүше
есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше
түрленіп отыратын жəрдемші сөздерді айтамыз.
Сондай-ақ
көмекші есімдердің бойында зат есімдерге тəн семантикалық
дербестік те, морфологиялық жағынан дəл сол зат есімдердей
түрлену қабілеті де толық сақталатындығын айта отырып,
синтаксистік қызметі мен морфологиялық формаларында бір-
бірінен айырмашылық болмайтындықтан,
олардың семантикалық
жағынан мағынасына қарай синонимдес (мəндес) жəне антонимдес
(қарсы мəндес), негізгі сөздерге үстейтін қосымша мағыналарына
қарай көлемдік жəне мезгілдік қатынастарды білдіретіндігін де атап
өтеді. Соның ішінде
үсті, басы; арты, сырты; басы, қасы; жаны,
маңы; арасы, ортасы,
т.б. синонимдес мəнді, яғни өзара мағыналас,
ал
алды, арты; асты, үсті; іші, сырты; түбі, беті,
т.б. өзара анто-
нимдес көмекші есімдер ретінде бөліп қарастырады.
Қазақ тіл білімінің морфология саласында аналитикалық форма,
аналитикалық формант ұғымы соңғы кезге дейін етістікке қатысты
түсіндіріліп келсе, соңғы кезде бұл ұғым септік жалғауларына
да
қатысты айтылып, соның негізінде жекелеген еңбектерде
аналитикалық септік ұғымының да кездесетіндігі белгілі. Бұл
мəселеге кейінгі тарауда тоқталатын болғандықтан, оның тек
көмекші есімге қатысты тұсын ғана қарастырамыз. Нақтылап
айтсақ, ғалым Н. Оралбай көмекші есімді аналитикалық септіктің
құрамында қарастырады. Ғалымның пайымдауынша, көмекші
есімдер септік категориясының бір көрсеткіші ретінде септелген зат
есімдердің құрамында ғана қолданылады, басқаша қолданылмайды.
Яғни, көмекші есімдер септелетін
зат есімдерге тіркесіп, зат есімге
жалғанатын септік жалғауын қабылдап, зат есім құрамында тұтас
бір грамматикалық сөзтұлға жасайды. Олар аналитикалық септік
құрамында грамматикалық қызметімен қатар зат есімдерге үстейтін
түрлі грамматикалық мағынасымен де ерекшеленеді. Ғалым
көмекші есімдерді зат есімдермен байланысындағы мағыналық си-
патына қарай көлемдік, мезгілдік, мекендік мəнді деп топтастырып,
бұл мағыналардың септік категориясына да
жат емес екендігін ай-
тады. Соның негізінде көмекші есімдердің бірнеше ерекшеліктерін
айқындайды. Атап айтсақ, біріншіден, септік жалғауын тіркестіретін
саты, жалғастырушы қызметін атқаруы, екіншіден, зат есімдердің
мекен, мезгіл мəнін нақтылауы, үшіншіден, септік жалғауларына
нақтылық реңк қосуы. Бұл ерекшеліктердің
барлығы көмекші есім
35
мен зат есімдердің өзара тығыз байланысы негізінде айқындалады.
Бұл орайда қазақ тіліндегі көмекші есімдерді мағыналық жағынан
топтастыратын ғылыми пікірлер мен көзқарастардың бірін-бірі да-
мытып, бірімен-бірі сабақтасып отыратындығы айқын көрінеді.
Көмекші есімдер «Қазіргі қазақ тілі» (1954) еңбегінде «көлемдік
ұғымы бар зат есімдер» ретінде сипатталып, көлемдік дəлдікті
білдірудегі ерекшеліктеріне қарай төмендегідей бірнеше түрге
бөлінеді: 1) заттың тұрған орнын немесе қимылдың бір нəрсенің
үстінде орындалғанын білдіретін КЕ:
үсті, беті, жүзі, басы,
төбесі;
2) заттың айналасын не қимылдың бір нəрсенің айналасында
орындалғанын білдіретін КЕ:
қасы, маңы, жаны, алды, арты, сыр-
ты, айналасы;
3) заттың не заттардың ішкі, аралық көлемін, орнын
білдіретін КЕ:
іші, ортасы, арасы;
4) заттың ең төменгі жақ көлемдік
мағынасын білдіретін КЕ:
асты, түбі;
5)
заттың аулақтағы көлемдік
мағынасын білдіретін КЕ:
аржағы, бержағы, тұсы, қасы;
6) заттың
сырт жағылық көлемін білдіретін КЕ:
жағасы, жиегі, бойы.
Бұл
топтастыруда көмекші есімдердің мекендік, мезгілдік мағыналары
жалпылама түрде көлемдік мағынаның ішінде қарастырылады. Сол
сияқты
айнала, ары (ар жағы), бері (бер жағы)
тəрізді үстеулер де
көмекші есімдер ретінде танылады. Ал «Қазақ грамматикасында»
(2002) көмекші есімдер зат есімнің кеңістік ұғымын білдіретін тобы
ретінде анықталып, олардың кеңістік мəнінің барынша айқындалуы,
саралануы зат есімдердің кеңістік қатынасты білдіретін барыс, жа-
тыс, шығыс септіктерінде қолданылуымен түсіндіріледі. Көмекші
есімдердің бастапқы мағынасынан толық немесе жартылай айрылуы
олардың грамматикалық жағынан өзгеріске түсуімен байланысты.
Көмекші есімдердің тағы бір қыры – түркі
тілдерін, оның ішінде
қазақ тілінің грамматикалық жүйесін өзге тілдерден ерекшелендіруі.
Орыс тілінде көмекші есімдердің қызметі предлогтармен салыс-
тырылса, қазақ тілінде шылаулармен салыстырылып, аралық
топтағы сөздер ретінде бірде есімдер, бірде шылаулар қатарында
қарастыратын көзқарастар да кездеседі.
Көмекші есімдер өзара қызметі жағынан да ерекшеленеді. Бұл
ерекшелік олардың көмекшілік қызметтегі əртүрлі қолданысымен
анықталады. Соның негізінде көмекші есімдер зат есімдердің
кеңістіктегі орнын білдіруіне қарай горизонталь (көлбеу) бағыттағы
кеңістік
қатынасты білдіретін, вертикаль (тік) бағыттағы кеңістік
қатынасты білдіретін жəне көлемдік кеңістік қатынасты білдіретін
көмекші есімдер болып үш топқа бөлінеді. Көлбеу бағыттағы кеңістік
36
қатынасты білдіретін көмекші есімдерге
алды, арты, қасы, жаны,
маңы, тұсы, шеті;
тік бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін
көмекші есімдерге
үсті, беті, түбі;
көлемдік қатынасты білдіретін
көмекші есімдерге
іші, сырты, ортасы, арасы
сөздері жатады.
Қазақ тілінде көмекші есімдер сан жағынан аса көп емес. Көмекші
сөздердің
бұл тобы, негізінен,
алды, арты, асты, үсті, жаны, маңы,
қасы, шеті, ортасы, арасы,
т.с.с. сөздерден құралады. Бірақ сан
жағынан аз бола тұра, көмекші есімдер аса кең өрісте қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: