Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



жүктеу 457,37 Kb.
Pdf просмотр
бет11/77
Дата11.06.2022
өлшемі457,37 Kb.
#38900
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

қуаныш, жақсылық, құрмет, арамдық, 
қауіп, реніш, ашу, ыза, 
т.б. Бір ескеретін жағдай: реңдік мəнді зат 
есімдер мен эмоция-экспрессия реңі бар есімдердің аражігінде 
əлі де болса анықтауды, нақтылауды қажет ететін мəселелер бар. 
Соның бірі – 
-жан, -тай, -еке
қосымшалары арқылы жасалған 
(
ағажан, əкетай, ағеке, 
т.б.) зат есімдердің бірде реңдік, бірде 
эмоция-экспрессия реңі бар есімдер қатарында қарастырылуы. 
Егер «реңдік мəнді туынды зат есімдердің біразының пайда болу-
ына есім сөздерге жалғанатын 
-сымақ
жұрнағының қызметі зор» 
деген тұжырымды негізге алсақ, жоғарыда келтірілген жұрнақтар 
арқылы жасалған зат есімдерді де бірыңғай реңдік мəнді зат 
есімдер қатарында қарастыру толық негізді, ғылыми тұрғыдан 
дəлелді деуге болады.
Затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат 
есімдер көптік мəнді есімдер деп аталады. Мысалы, 
сүт, айран, ұн, 
ақыл, жел, боран, өмір, шындық, шаш,
т.б. Көптік мəнді есімдер зат 
есімнің басқа топтарынан мағыналық жəне грамматикалық сипаты 
тұрғысынан ерекшеленеді. Олардың мағыналық ерекшелігі түпкі 
табиғи қалпында тұрып-ақ көптік мағына білдіруімен айқындалса, 
грамматикалық ерекшелігі, белгілі бір стильдік мақсатта болмаса, 
негізінен, көптік жалғауын қабылдамау сипатымен айқындалады. 
Зат есімдердің мағыналық топтарының ішінде көптік мəнді 
есімдерді А. Ысқақов зат есімдердің дербес мағыналық тобы 
ретінде бөліп көрсетеді. 
Лексика-семантикалық сипатымен қатар зат есімдер мор-
фологиялық құрылымы жағынан жалаң жəне күрделі болып 
бөлінеді. Жалаң зат есімдер іштей негізгі жəне туынды түбірлі зат 


33
есімдер болып бөлінсе, күрделі зат есімдер біріккен, қосарланған, 
қысқарған жəне тіркескен түбірлі зат есімдерден жасалады.
Зат есімдердің ішінде түпкілікті мағынасы мен қызметінен 
бүтіндей не жартылай айырылып, көмекші сөз қызметінде 
қолданылатын сөздер көмекші есімдер деп аталады. Көмекші 
есімдер өздеріне тəн лексикалық мағыналарының жалпылануы 
нəтижесінде морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп, 
синтаксистік жағынан кейде жеке дара мүше есебінде, кейде күрделі 
мүше құрамында қолданылады.
Көмекші есімдердің зат есімдерден айырмашылығы: мағыналық 
жағынан дерексізденіп, семантикалық тұрғыдан нақтылы бір 
ұғымды, яғни затқа қатысты кеңістікті, мекенді өзінен бұрын 
тұрған есім сөзге тіркесу арқылы білдіреді. Көмекші есімдердің 
мағынасы мен қолданысындағы мұндай ерекшеліктер олардың 
морфологиялық тұлғасына əсер етіп, олардың басым көпшілігі 
тəуелдеулі тұлғада жұмсалады. Көмекші есімдердің басқа көмекші 
сөздерден, атап айтқанда көмекші етістік пен шылаулардан да 
өзіндік айырмашылығы бар. Егер көмекші етістіктер қимыл 
ұғымын білдіретін етістіктерге де (
айтса екен, алып қал, көрген 
емес,
т.б.), есім сөздерге де (
жаман емес, бала екен, сəлем берді

тіркесіп, лексика-грамматикалық жағынан түрлі қызмет атқарса, 
көмекші есімдер бұл орайда тек есім сөздер, оның ішінде зат есім 
жəне зат есім орнына қолданылатын сөздермен ғана (
ауылдың 
маңы, анасының қасы, үстелдің үсті, жердің асты, қардың беті, 
т.б.
) тіркесіп қолданылады. Ал шылаулардан ерекшелігі: көмекші 
есімдердің мағынасы дерексіз, жалпы болғанымен, шылау сөздердің 
мағынасы сияқты бүтіндей не жартылай жоғалып кетпей, керісінше, 
сол деңгейде сақталып қалады. Сонымен қатар көмекші есімдер 
қосымша жалғау жұрнақтарды қабылдаса, кей жағдайда негізгі 
сөзден дараланып, жеке қолданылады. Мысалы, 
қасынан жүгіріп 
өтті, маңынан табылады, алдынан шықты, 
т.б. 
Ғалым А. Ысқақов көмекші есімдердің қалыптасу негізі мен 
зат есімдермен арақатынасындағы тығыз байланысын «кейбір зат 
есім 
дер өздеріне тəн байырғы қызметтерінен жартылай айры-
лып, көбінесе, көмекші сөздер, яғни көмекші есімдер есебінде 
жұмсалады» деген тұжырымымен дəйектейді. Соның негізінде 
көмекші есімдерге мынадай анықтама береді: 

жүктеу 457,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау