Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



жүктеу 457,37 Kb.
Pdf просмотр
бет36/77
Дата11.06.2022
өлшемі457,37 Kb.
#38900
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

кітап оқылды, кітап оқытты, кітап оқытқызды, хат 
жазысты, хат жаздырды,
т.б. Етіс жұрнақтарының грамматикалық 
форма тудырушы қосымшалар ретінде танылуы олардың етістік 
түбірлерінің барлығына бірдей жалғана алу қабілетімен, өнімді-
өнімсіз, құнарлы-құнарсыз қасиеттерінің болмауымен, сондай-
ақ етістік түбірге жалғанып, етістіктің грамматикалық сипатын 
өзгертпеуімен дəйектеледі. Ы. Мамановтың пайымдауынша, етіс 
категориясы – түбір етістіктен туатын грамматикалық форма. Яғни, 
етіс формалары өзі жасалған түбір етістікпен коррелятивті түрде 
өмір сүретін жəне екеуінің лексикалық мағынасы бір болып келетін 
етістіктер. Қазақ тілінде етістер төрт түрге бөлінеді: 1) өздік етіс,
2) өзгелік етіс, 3) ортақ етіс, 4) ырықсыз етіс. 
Өздік етіс қимылдың, іс-əрекеттің белгілі бір субъекті арқылы 
орындалатынын білдіріп
-ын/-ін/-н, -ыл/-іл/-л 
қосымшалары арқылы 
жасалады. Мысалы: 
киінді, ойланды, ашуланды, бүгілді, 
т.б. Өздік 
етіс тұлғасында берілетін қимылдың иесі адамнан басқа жанды зат 
немесе табиғат атауы болған жағдайда көркем шығармаларда мета-
фора түрінде қолданылады. Мысалы: 
Жер дүние ақ көрпеге оранды. 
Өзгелік етіс субъектінің қимылының нысанға тікелей емес
басқа біреу арқылы бағытталғанын білдіреді. Мысалы: 
айтқызды, 
сөйлетті, өткізді, аудартқызды, келтірді, тыңдатқызды, 
барғызды, 
т.б. Өзгелік етіс 
-дыр/-дір, -тыр/-тір, -ғыз/-гіз, -қыз/-кіз, 
-ар/-ер, -ыт/-іт/-т
қосымшалары арқылы жасалады.
Ортақ етіс қимылдың, іс-əрекеттің кемі екі я одан көп субъектіге 
ортақтығын білдіріп, етістік түбіріне
 -ыс/-іс/-с 
жұрнақтарының 
жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:
 сыбырласты, құшақтасты, 
терісті, салысты, əзілдесті,
т.б.
Қимыл-əрекеттің қимыл иесінсіз жүзеге асырылу-асырылмауын 
білдіретін етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс етістікке 
-ыл/-іл/-л, -ын/-ін/-н 
жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. 
Мысалы: 
мақала жазылды, кітап оқылды, сөз сөйленді, баяндама 
талқыланды, қаулы бекітілді,
т.б.
Етістікті басқа сөз таптарынан берілу тəсілдері мен 
грамматикалық тұлғалары арқылы ерекшелендіретін грамматика-
лық категориялардың бірі – болымдылық-болымсыздық категория-
сы. Болымдылық-болымсыздық категориясы істің, əрекеттің болу 
не болмауымен байланысты болады. Ғалым Н. Сауранбаев істің 
6–1136


82
болғаны, болатыны не болып жатқаны етістіктің реалды қалпымен
ал болмағаны не болмайтыны кері қалпымен анықталатынын 
негізге ала отырып, алғашқысын болымды, реалдық, екіншісін бо-
лымсыз, реалсыз қалыптар деп сипаттайды. Жалпы, болымдылық-
болымсыздық категориясын Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, Н. Орал-
бай болымдылық, болымсыздық категориясы деп атаса, «Қазақ 
грамматикасында» болымсыздық (болымды-болымсыздық) кате-
гориясы деп беріледі. Ғалым А. Ысқақовтың «іс-əрекеттің жүзеге 
асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі, жүзеге аспа 
уын 
білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталып, осы екі 
түр жинақталып етістіктің болымдылық жəне болымсыздық ка-
тегориясы деп танылады» деген тұжырымын жəне болымдылық-
болымсыздық категориясының екі сыңарлы болып келетінін негізге 
алсақ, етістіктің аталған категориясының грамматикалық сипатын 
болымдылық-болымсыздық категориясы ұғымы толық ашады. 
Етістіктің болымды түрі етістіктің түбір, туынды жəне күрделі 
түрлері арқылы берілсе, болымсыз түрі сол тұлғаларға белгілі 
бір грамматикалық көрсеткіштердің жалғануы арқылы беріледі. 
Етістіктің болымсыз мағынасы

жүктеу 457,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау