Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



жүктеу 457,37 Kb.
Pdf просмотр
бет31/77
Дата11.06.2022
өлшемі457,37 Kb.
#38900
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

əне, міне, қане
) сілтеу мəнді есімдіктер де бар. Сол 
сияқты көптелу жүйесінде де біркелкі заңдылық болмайды. Көптік 
мағынаның лексикалық тəсіл арқылы берілуі жіктеу есімдіктерінің 
1-2 жақтарына (
мен, сен, біз, сендер
) тəн болғанымен, біз есімдігін 
мен есімдігінің көпше түрі деп қабылдауға болмайды. Бұл жерде біз 
есімдігінің құрамындағы 

морфемасының да белгілі бір дəрежеде 
өзіндік ықпалы болады. 
Есімдіктер морфологиялық жағынан ғана емес, семантикалық 
жағынан да аса күрделі. Ғалымдар қазақ тіліндегі есімдіктерді 
мағыналық сипатына қарай түрліше топтастырады. А. Бай-
тұрсынұлының еңбегінде есімдіктердің мынадай түрлері көрсетіледі: 
1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) жіктеу 
есімдігі; 5) танықтық есімдігі. Мұндағы бірінші жіктеу есімдігі 
«сөйлеген кезде сөйлеушінің, тыңдаушының һəм бөгдедегілердің 
жігін ашатын сөздер» ретінде анықталып, бұл топқа 
мен,сен, сіз, ол, 
т.б. жіктеу есімдіктері жатқызылса, екінші жіктеу есімдігі «нəрсенің 
жігін айта сөйлегенде айтылатын сөздер» ретінде анықталып, оған 
жалпылау (
бəрі, барша
), өздік (
өз
) жəне белгісіздік (
əркім, əрбір, 
əрқайсысы,
т.б.) есімдіктері қатарында қарастырылатын сөздер 


70
жатқызылады. Ғалым «нəрсенің жоқтығын, яки анық белгілі 
еместігін көрсеткенде айтылатын сөздерді» танықтық есімдігі деп 
атап, бұл топқа 
ешкім, ештеме, дəнеме, ешбір 
тəрізді болымсыздық 
есімдігі мен
 біреу, əлдекім, əлдене, кей, қайсыбір 
тəрізді белгісіздік 
есімдіктерін жатқызады. Ғалымның топтастыруы есімдіктердің 
қалыптасқан топтарына аталуы мен саны жағынан сəйкес 
келмегенімен, мұнда қазақ тіліндегі есімдіктердің барлық түрі 
толық қамтылған. Ғалымдар Ə. Ибатов, А. Ысқақов, Н. Оралбайдың 
еңбектерінде есімдіктердің мағыналық жеті түрі, атап айтқанда, 
жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық жəне жалпылау 
есімдіктері бөлініп көрсетіледі. 
Белгілі бір жаққа қаратыла, сол жақты көрсету үшін айтылатын 
есімдіктер жіктеу есімдіктері деп аталады. Жіктеу есімдіктеріне 
жақтық қасиет тəн. Бұл қасиет аталған есімдіктер қатарындағы 
мен, 
сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар
жіктеу есімдіктерінің белгілі бір 
жаққа қатысы арқылы анықталады. Жіктеу есімдіктері белгілі бір 
жақты көрсетіп қана қоймай, тыңдаушы мен бөгде жаққа сөйлеушінің 
қатысының дəрежесіне сай қолданылады. 
Жіктеу есімдіктері морфологиялық тұрғыдан септік, тəуелдік 
жəне жіктік жалғауларын бірдей тұлғада қабылдамайды. Мəселен, 
олар негізгі жақтық мағынада қолданылғанда, тəуелдік мағына 
білдіретін 
-нікі/-дікі/-тікі
жұрнақтарын ғана қабылдайды. Мыса-
лы: 
менікі, сенікі, біздікі, онікі,
т.б. Ал жіктік жалғаулары ол, олар 
жіктеу есімдіктеріне мүлдем жалғанбайды. Тек 1-2 жақта жеке-
ше, көпше мағынада қолданылатын жіктеу есімдіктері ғана жіктік 
жалғауларын қабылдап, белгілі бір жаққа қатысты қолданылады. 
Жіктеу есімдіктерінің септелу жүйесінде де бірізділік сақталмайды. 
Бұл ерекшелік, əсіресе, 
мен, сен 
есімдіктерінің септелу жүйесінен 
анық көрінеді. Мысалы: 
мен – менің, маған, мені, менімен; сен – 
сенің, саған, сені, сенімен, 
т.б.
Сонымен жіктеу есімдіктері сан жағынан аз болғанымен, 
түрлену жүйесі аса күрделі, қызметі жағынан өте жиі қолданылатын 
есімдіктердің бір тобы ретінде танылады. 
Сілтеу есімдіктері негізгі лексикалық мағынасы жағынан аралық 
қатынасты білдіреді. Сондықтан сөйлеушіге немесе сөйлемдегі 
субъектіге заттар мен құбылыстардың жақын не алыс қашықтықта 
екендігін нұсқау, көрсету үшін қолданылатын есімдіктер сілтеу 
есімдіктері деп аталады. Сілтеу есімдіктеріне 

жүктеу 457,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау