Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



жүктеу 457,37 Kb.
Pdf просмотр
бет24/77
Дата11.06.2022
өлшемі457,37 Kb.
#38900
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

сары-сары, ақ-ақ, қара-
қара,
т.б. Осындай қайталаудан кейіннен тілдің даму барысында 
сап-
сары, аппақ, қап-қара 
тəрізді сын есімдер қалыптасқан. Қазіргі түркі 
тілдерінің кейбірінде салыстырмалы шырай 
-ырақ/ -ірек, -рақ/ -рек 
жұрнақтары арқылы синтетикалық жолмен жасалады. 
Сонымен, шырай категориясы сапалық сын есімнің семантикалық 
жəне грамматикалық жағынан түрленуіне негіз болып, бастапқы 
мағынасын түбегейлі өзгертпегенмен, оған сəл де болса қосымша 
реңк, мəн үстейді. 
Шырай жұрнақтарына қатысты түрліше көзқарастар, көбінесе, 
шырай жұрнақтарының ішіндегі кейбір қосымшалардың бірде 
сөз тудырушы, бірде форма тудырушы жұрнақтар қатарында 
қарастырылуына байланысты туындайды. Бұл, əсіресе, 
-шыл/ -шіл, 
-ғыш/ -гіш, -ғылт,-қай
жұрнақтарына қатысты. Ғ. Мұсабаев 
-ғыл, 
-ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл
жұрнақтарын шағын шырай деп қараса, 
А. Ысқақов бұл жұрнақтарды салыстырмалы шырай тудыратын 
өнімсіз жұрнақтар ретінде қарастырады. Ал Ы. Маманов «жалпы тіл 
білімі қағидасы бойынша, бір категорияға жататын грамматикалық 
формалардың қосымшалары бірінің үстіне бірі жалғанбайды. 
Ал 
сарғыш, ақшыл, қоңырқайлау
деп шырай формаларымен 
түрлендіруге болады. Олай болса, 
-ғыш, -шыл, -қай
қосымшаларын 
форма тудырушы қосымша деп тану дұрыс емес. Бұлар – сөз ту-
дырушы қосымшалар. 
-ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау -теу 
қосымшалары сапалық сын есімге түгелдей жалғанады, ал 
-ғыш/-
гіш, -ғылт/ -шыл
қосымшалары бірді-екілі сөздердің ғана құрамында 
кездеседі, сонымен қатар 
ақшыл, сарғыш, сұрғылт
сөздерінің өзі шы-
рай формасымен түрленеді» деп, 
-ғыш, -шыл, -ғылт 
қосымшаларын 
шырай формасының грамматикалық көрсеткіші емес, сөз тудыру-
шы қосымшаларға жатқызады. Мұндай тұжырым Н. Оралбайдың 
еңбегінде де жасалады. Ғалым 
-ғыл, -ғылт, -қыл, -қылт, -шыл, -шіл, 
-ақ
сияқты бір топ жұрнақтарды шырай жұрнақтарына жатқызбай, 
сөзжасамдық жұрнақтар ретінде қарастырады.
«Қазақ грамматикасында» аталған қосымшаларды салыстыр-
малы шырай жұрнақтары ретінде қарастырып, одан кейін шырай 


57
жұрнақтарының жалғануын тілдік құбылыстардың, заңдылықтар-
дың өзгеріп отыруымен байланысты түсіндіреді. Сондықтан кейбір 
шырай жұрнақтарының қызметі мен қолданысындағы мұндай 
ерекшеліктерді тілдік заңдылықтардың өзгеріп, дамып отыруымен 
байланысты қарастыру да ғылыми тұрғыдан негізсіз емес. 
Сын есімдер сөз табы ретінде басқа сөз таптарымен тығыз байла-
ныста болады. Бұл байланыс тілдегі сөз таптарының бір-біріне ауысу 
үдерісі арқылы жүзеге асады. Қазақ тілінде сын есімдер, негізінен, 
заттануға бейім сөз таптарының біріне жатады. Сын есімнің зат 
есімге ауысуы заттану немесе субстантивтену деп аталады. Заттану 
үдерісінде сын есімдер зат есімге түбегейлі немесе уақытша, белгілі 
бір контекст жағдайында ғана ауысады. Осыған орай сын есімдердің 
заттануын толық заттану жəне уақытша заттану деп екіге бөлуге 
болады. Мысалы, 
жақсының сөзі, үлкенді тыңдау, кішіге қамқор 
болу, 
т.б. Мұндағы сын есімдер зат есімдердің орнына қолданылып, 
белгілі бір контекст жағдайында уақытша заттанған. Ал 
бала, жас, 
жарық, сұлу, бай, батыр, жарлы, кедей
сөздері, Қ. Жұбановтың 
пікірімен айтсақ, зат есім мен сын есімге ортақ есімдер. Зат пен сын 
орнына бірдей жүретін мұндай сөздерді А. Байтұрсынұлы зат-сын, 
ал жалғыз сынды көрсететін сөздерді жай сын деп атайды. Н. Орал-
бай сын есімнің заттануын контекстік жəне лексикалық заттану деп 
екіге бөледі. Сын есімдерге септік, көптік, тəуелдік жалғауларының 
бірінің жалғанып қолданылуы да осы заттану құбылысымен байла-
нысты. 
Сын есімдер заттанумен қатар адвербиалдануға да бейім. Бұл 
бейімділік сын есімдердің кейбір үстеу сөздермен байланысы 
негізінде анықталады. Мысалы:
 жақсы бала жақсы оқиды
дегендегі 
жақсы сөзі бірінші жағдайда сын есім ретінде анықтауыш қызметін 
атқарса, екінші жағдайда сын есім бола тұра, сөйлемде пысықтауыш 
қызметінде қолданылған. А. Ысқақов кейбір сын есімнің əрі 
анықтауыш, əрі пысықтауыш болуын, сондай-ақ оның əрі зат есімге, 
əрі етістікке тіркесуін сын есімге тəн ерекшеліктің бірі деп танып, 
онда (сын есімде) əрі адъективтік, əрі адвербиалдық қасиеттің бар 
екендігін айтады. 
Сын есім, зат есім, үстеу сөз таптарының бірінің орнына бірі 
алмасып қолданылуы бір жақты құбылыс емес. Жоғарыда аталған 
құбылыстарға қарама-қарсы, яғни басқа сөз таптарынан сын есімге 
ауысатын сөздер де бар. Тілде бұл құбылыс адъективтену, яғни зат 
есімнің жəне басқа да сөз таптарының сын есімге ауысуы ұғымымен 


58
белгіленеді. Адъективтену құбылысы сын есімнің семантикалық 
тəсіл арқылы жасалуы ретінде де түсіндіріледі. Оған тілдегі
 алаған, 
береген, қабаған
тəріздес сын есімдер дəлел бола алады. Сондай-ақ 
бастапқы мағынаның делексикалануы немесе бастапқы тұлғасының 
өзгеруі, яғни деформалануы арқылы қалыптасқан сын есімдер де 
осы құбылыстың нəтижесі. «Қазақ грамматикасында» (2002) адъ-
ективтену құбылысын құрамына қарай жалаң, күрделі, шығу тегіне 
қарай сын есімді, етістік негізді жəне аралас түрдегі адъектив деп 
бөледі.
Сонымен, сын есім – лексика-семантикалық сипаты жəне 
грамматикалық құрылысы жағынан күрделі, басқа сөз таптарынан 
мағынасы, түрлену жүйесі жəне қызметі арқылы ерекшеленетін сөз 
табы. 

жүктеу 457,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау