биік, аласа, толық, олақ,
көк, жасыл
т.с.с. сөздерді сыр сынына жатқызады. Ғалым қатыстық
сын есім туралы сөз етпегенімен, қатыстық сын есім жасаушы
кейбір жұрнақтарды зат есім мен етістіктің ішінде қарастырған. Ал
С. Аманжолов, І. Кеңесбаев анықтауыш қызметіндегі зат есімдерді
51
сын есімдер деп түсіндіріп, сын есімдерді мағыналық сипаты-
на қарай тек сыны
(ағаш үй, алтын жүзік
), функционалдық сын
(
шай қасық,
т.с.с.) деп топтастырады. Қ. Жұбанов заттың не істің
тұрақты белгісін сан белгі жəне сипат белгіге бөліп, «заттың не істің
сипат белгісін көрсететін түбірді» сын есім деп атайды. Сондай-
ақ тек сыны жөнінде «сөз таптарының бір-бірінен енші алысып
болғандары да, болмағандары да бар:
ағаш, темір
сияқтылар тек зат
есім,
жақсы, ұзын
тек сын есім болып, шекараларын түгел ашып
болған топтар» деп, сын есімге жатқызылған кейбір зат есімдердің
аражігін бөліп көрсетеді.
Сын есім, оның мағыналық топтарының арақатынасы жөніндегі
мəселе Н. Сауранбаевтың еңбегінде де қарастырылады. Ғалым сын
есімдерді мағыналық сипатына қарай сыр сыны, қатыстық сын,
өнер сыны
жəне
салыстырмалы сын
деп 4 түрге бөліп, сыр сынына
сапалық сындарды, қатыстық сынға заттың идеялық тегін, мекендік,
мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін сөздерді
(
саяси, мəдени, кешегі, жарамды
), өнер сынына заттың (
адамның,
малдың
) бір өнерге, қасиетке бейім екенін білдіретін сөздерді, ал са-
лыстырмалы сынға заттың сапасын, белгісін басқа затпен салысты-
рып көрсететін -дай, -дей тұлғалы сөздерді жатқызады.
Сын есімді өз алдына жеке сөз табы ретінде тануға Ғ. Мұ-
сабаев, Ж. Шəкенов, т.б. ғалымдардың пікірлері де негіз болды.
Ғ. Мұ сабаев, біріншіден, сын есімді зат есімнен бөліп алуға негіз,
онда форманттың жоқтығы, екіншіден, сын есімнің синтаксистік
қызметі, негізінен, анықтауыш екендігін айта отырып, осы белгілер
оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатындығын көрсетеді. Ал
Ж. Шəкенов сын есім мəселесінде бұрын-соңды айтылған пікірлерді
қамти отырып, қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі
жүйеге түсіріп қарастырады.
Тіл ғылымында сын есімдерге берілген ғылыми аныктамалар да
əртүрлі. Мысалы, Ə. Төлеуов сын есімді «заттың сынын, сапасын,
түсін, белгісін, көлемін, сипатын білдіретін сөз табы» десе, А. Ыс-
қақов «заттың сапасын, сипатын, қасиетін, салмағын, түсін жəне
басқа сол сияқты сыр-сипатын білдіретін лексика-грамматикалық
сөз табын» сын есім деп атайды. Ал «Қазақ грамматикасында»
сын есім «семантика-грамматикалык мағынасы, морфологиялық
ерекшеліктері мен сөз тудыру, сөз өзгерту амалының жүйесі,
синтаксистік қызметі мен қолданылуы жақтарынан қазіргі қазақ
тіліндегі өзіне тəн ерекшелігі бар сөз табының бірі» деп сипатта-
52
лады. Бұл анықтамалардың ішінен сын есімнің сөз табы ретіндегі
өзіндік ерекшелігін жан-жақты, толық көрсететін – соңғы анықтама.
Онда сын есім тек заттың сындық белгісін білдіруімен ғана шектел-
мей, сол сияқты семантикалық сипаты, морфологиялық құрылымы,
синтаксистік қызметімен де ерекшеленетін сөз табы ретінде
анықталады.
Сын есім – заттың салмағын, сапасын, сипатын, түр-түсін,
көлемін, аумағын, басқа да түрлі сындық белгілерін білдіретін сөз
табы. Осыған орай сын есімдер басқа сөз таптарынан мағынасы,
морфологиялық белгілері жəне синтаксистік қызметі жағынан
ерекшеленеді.
Сын есімдер заттың əртүрлі сындық, сапалық белгісін тікелей
немесе басқа заттардың қатысы арқылы сипаттайды. Заттың сы-
нын білдіру ерекшеліктеріне қарай сын есімдер семантикалық
жағынан сапалық жəне қатыстық сын есімдер болып екіге бөлінеді.
Сапалық сын есімдер заттың сынын тікелей білдірсе, қатыстық сын
есімдер екінші бір заттың, құбылыстың, амалдың қатысы арқылы
білдіреді. Жалпы сын есімге тəн негізгі категориялық белгілер
мен ерекшеліктер, атап айтқанда, сындық белгінің əртүрлі реңін
білдіру, ұлғайту немесе кішірейту, заттану, негізінен, сапалық сын
есімдерге тəн болады. А. Ысқақов сапалық сын есімдерді қатыстық
сын есімдерден ажыратуда сапалық сын есімдерге тəн сөздердің
шырай жұрнақтарымен түрленуі, сындық белгіні күшейтетін
үстеме буындардың қосылуы жəне атрибуттық семантикалық
ерекшелігіне қарай адвербиалдық қызмет атқаруы тəрізді белгілерін
негіз етіп алады. Н. Оралбай сапалық сын есімдерді заттың тұрақты
сындық белгісін басқа затқа қатыссыз тікелей білдіретін сөздер
ретінде анықтайды. Ғалым сапалық сын есімдердің өзіне тəн мы-
надай белгілерін көрсетеді: 1) шырай категориясының парадигма-
сы бойынша толық түрленеді; 2) өзара антонимдік қатар құрайды;
3) синонимдік қасиетке ие; 4) туынды түбір жасау қабілеті күшті.
Бұл белгілер де сапалық сын есімдерді қатыстық сын есімдерден
ерекшелендіреді.
Қатыстық сын есімдер де сапалық сын есімдерден бірнеше
белгілері арқылы ажыратылады. Ең басты ерекшелігі – қатыстық
сын есімдердің шырай жұрнақтарымен түрленбеуі. Қатыстық сын
есімдер, негізінен, сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа сөз тап-
тарынан жасалады. Бірақ бұдан қатыстық сын есімдер ғана туынды
түбірлі болып келеді, ал сапалық сын есімдер тек негізгі түбірлерден
53
жасалады деген ұғым тумауы керек. Сапалық сын есімдердің ара-
сында да туынды түбірлі сөздер молынан кездеседі. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |