Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет71/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   116

206 
 
командасын  таңдау  керек,  Құжатты  құру  тапсырмалар аймағының 
Шаблон  көмегімен  құру  тобында,  құруды  талап  ететін  құжаттың 
сəйкес  типін  таңдап  алып,  қолдануға  тиісті  шаблонның  немесе 
шебердің белгісін екі рет шерту керек. 
3.  Бар құжат негізінде жаңа құжат құру. Бар құжаттың көшірмесі 
негізінде  жаңа  құжат  құруға  болады.  Ол  үшін  Файл  мəзірінен  Құру 
командасын  таңдаңыз,  Құжат  құру  тапсырмалар  аймағына  Бар 
құжаттан құру  тобында Құжатты  таңдау  командасын  таңдаңыз. 
Жаңа  құжатты  құруға  негіз  болатын  құжатты  таңдаңыз,  оған 
өзгерістер енгізіңіз жəне жаңа атпен сақтаңыз. 
Мәтінді  енгізу  және  редактрлеу.  Мəтінді  енгізуде  жəне 
редактрлеуде,  əдетте,  үлкен  мəселелер  туындамайды.  Кез  келген 
мəтінді  енгізу  үшін,  Word  редакторында  құжаттың  керекті  жеріне 
курсорды  орнатып,  компьютердің  пернетақтасымен  мəтінді  теру 
керек;  осылайша,  ол  редактор  терезесінің  жұмыс  аймағында  пайда 
болады. Сіз қандай да бір пернені басқанда, оған сəйкес əріп мəтіндік 
курсормен белгіленген орында пайда болады. 
Курсор – бұл кезекті символдың енгізу орынын көрсететін жанып 
- сөніп тұратын тік сызық. 
Word 2000 нұсқасынан бастап, еркін енгізу мүмкіндігін қолдануға 
болады,  тышқанның  /  -  тəрізді  курсоры  құжаттың  бос  кеңістігінің 
үстінде орын ауыстырғанда, ерекше түрге енеді. 
Егер Word 97 –де құжат бетінің бос орнына мəліметті енгізу үшін 
курсордың алдын ала табуляциямен немесе [Enter] пернесімен орнын 
анықтау керек болса, ал Word 2000 жəне Word 2003 –те тышқанның 
I-тəрізді көрсеткішін керекті орынға əкелу жəне екі шертуді орындау 
жеткілікті.  Көрсеткінің  бетте  тұрған  орнына  байланысты  оның 
жанында  форматтау  стильдерінің  қайсысы  қолданылатыны  туралы 
ақпарат шығады: ортасы бойынша, сол жақ немесе оң жақ бойынша. 
Осылайша,  Click  and  Type  («шертіп  жібер  де  бас»)  принципі 
бойынша  жүзеге  асырылған  еркін  енгізу  құжаттардың  үрдісін 
біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді, 
Ескерту:  еркін  енгізу  тəсілі  тек  Бетті  орнату  режимінде 
қолжетімді. 
Бір абзацтың мəтінін енгізуді аяқтау үшін жəне келесі абзацқа өту 
үшін  [Enter]  пернесі  басылады.  Пернетақтадан    символдарды 
енгізуіне  қарай  курсор  автоматты  түрде  келесі  жолға  орын 
ауыстырады,  сізге  келесі  жолға  өту  үшін,  ешқандай  арнайы  əрекет 
жасаудың қажеті жоқ. 
Пернетақтаның  тілін  ауыстыру  үшін,  орыс  немесе  латын 
символдарын  енгізуде  [Alt]  +  [Shift]  немесе  [Ctrl]  +  [Shift]  пернелер 
комбинациясын жиі қолданады. Пернетақта тілін тышқанмен өзгерту 
үшін тапсырмалар панеліндегі En/Ru қосқышын қолданыңыз. 
Бас  əріптерді  енгізу  үшін  [Shift]  пернесі,  ал  бас  əріптер  режимін 
қосу үшін [CapsLock] пернесі қолданылады. 


207 
 
Word  –  қа  мəтін  фрагментін  қосу  үшін  курсорды  қосымша 
фрагментті  енгізетін  орынға  орнатып,  оны  енгізу  керек.  Курсордың 
оң жағында орналасқан символды өшіру үшін [Delete] пернесін басу 
керек.  Курсордың  сол  жағында  орналасқан  символ  [Backspace] 
пернесінің  көмегімен  өшіріледі.  Бір  пернені  бірнеше  рет  басудың 
орнына оны біршама уақыт басып ұстап тұру қажет. 
Символдар  мен  арнайы  белгілерді  қою.  Пернетақтада  жоқ 
символдар мен арнайы белгілерді экранға шығарып, оны қағаз бетіне 
басып  шығаруға  болады.  Мысалы,  бөлшектерді  (
5
/
8
)  немесе 
геометриялық  фигураларды  (▲);  параграф  (§)  сияқты  арнайы 
белгілерді,  көпнүктелерді  немесе  үзіксіз  аралықты  (неразрывный 
пробел),  Ω  жəне  ψ  сияқты  əр  түрлі  алфавиттердің  көп  белгілер  
тəрізді символдарды қоюға болады. 
Символдарды  қою  Символ  (Қою/Символ)  сұхбат  терезесі 
көмегімен  немесе  пернелер  комбинациясымен  жүзеге  асырылады 
(10.7  -  сурет).  Автоауыстыру  функциясы  енгізу  барысында  мəтінді 
символдармен автоматты түрде ауыстыруға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
10.7. –сурет. символдар мен арнайы белгілерді қою 
 
 


208 
 
«Юникод»  кодировкасында  Шрифтті  таңдау  кезінде  сұхбат 
терезесінде қосымша тізім Теру (Набор) пайда болады, мысалы, Arial 
немесе  Times  New  Roman  шрифтері.  Бұл  тізім  шрифт  белгілерінің 
көпшілігін  таңдауға  арналған,  мысалы  грек  əріптерін  немесе 
кириллицаны. 
Қоюға  болатын  белгілердің  қолжетімді  типтері  бар  шрифтермен 
анықталады.  Кейбір  шрифтер,  мысалы,  қарапайым  бөлшектерді, 
ұлттық  алфавиттердің  символдарын  жəне  ұлттық  валюта  белгілерін 
өзіне  қоса  алады.  Symbol  орнатылған  шрифтінің  құрамында 
бағдарлар,  маркерлер  жəне  ғылыми  белгілер  бар,  сонымен  қатар, 
декоративтік  белгілерімен  қосымша  шрифтер  бар,  мысалы, 
Wingdings. 
Жақында  қолданылған  символды  Символ  сұхбат  терезесінің 
Бұрын қолданылған  символдар  тізімінен таңдап алып, оны тез қайта 
қоюға  болады.  Символдардың  санын  артық  немесе  кем    қыла  
отырып, Символ терезесінің өлшемін өзгертуге болады. 
«Юникод»  кодировкасындағы  белгіні  таңдау  барысында,  оның 
коды  Символ  сұхбат  терезесінің  Код  белгісі  (Код  знака)  өрісінде 
көрінеді.  Егер  код  белгілі  болса,  онда  кестеде  белгіні  іздеуге  уақыт 
кетірмей – ақ  Код белгісі өрісіне енгізуге болады. 
Код  белгісі  өрісінің  алдындағы  көрсетілетін  ат  Unicode  3.0. 
стандартына сəйкес осы белгінің ресми аты болып табылады. 
Қою/Ауыстыру 
режимдері. 
Мəтінді 
 
теру 
 
кезінде 
Қою/Ауыстыру  режимдерін  реттейтін  [Insert]  ([Ins])  пернесін 
байқамай  басудан  сақ  болыңыз.  Мəтіндік  редакторда  Қою  режимі 
негізгі  болып  табылады  жəне  үнсіз  келісім  бойынша  орнатылады.  
Бұл  режимде  терілетін  мəтін  бұрынғы  мəтіннің  сөздерін  
жылжытады.  [Insert]  пернесін  кездейсоқ  басу,  Қою  режимін 
Ауыстыру  режиміне  ауыстыруға  əкеліп  соқтырады,  онда  Word 
мəтінді  жылжытпайды,  ескі  мəтіннің  əріптерін  бірінен  соң  бірін 
өшіре отырып, жаңа мəтін енгізеді. 
Үзіксіз  аралық.  Кейбір  сөз  тіркестері  (мысалы,  бірнеше  сөзден 
тұратын  ұйым  аты)  екі  жолға  орналасуын  кейбір  құжаттардан  жиі 
байқауға  болады,  бұл  сөз  тіркесінің  визуалды  бөлшектенуіне  əкеліп 
соғады.  Мұндай  атаудың  визуалды  бөлшектенуі  ресми  құжатта 
орынсыз болады. 
Жаңа  жолға  көшкенде,  тұтас  фразаның  бір  сөзін  бөлшектеуді 
болдырмайтын тəсіл бар. Үзіксіз аралық жəне үзіксіз тире деп бөліп 
көрсетеді. 
Үзіксіз  аралықты  орнату  үшін  бос  орын  пернесін  [Ctrl]  +  [Shift] 
пернелерімен бір мезгілде басу керек, сонда бағдарлама бұл фразаны 
жаңа жолға толығымен ауыстырады жəне фразадан сөз бөлінбейді. 
Үзіксіз  тире  орнату  үшін  тире  пернесін  [Ctrl]  +  [Shift] 
пернелерімен бір мезгілде  басу керек. 
Қатты   бет   бөлгіші.  Жаңа   бетті  бірнеше   тəсілмен  бастауға 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау