212
Форматтау құралдар панелінің батырмаларымен
форматталып
отырған мəтін фрагментіне сыртқы түрін өзгертуге болады (жартылай жуан,
курсив, жартылай жуан курсив, кəдімгі). Бірақ, кез келген сыртқы түрді
жəне астын сызу үйлесімділігін қолдануға болады: мысалы, жартылай
жуан курсив және астын сызумен.
Ашылатын тізімдерден белгіленген фрагментке
шрифт
гарнитурасы
жəне шрифт өлшемі
беріледі.
Кегль (шрифт өлшемі) – бұл пункттермен өлшенетін, тік өлшем (1
пункт = 0,376 мм). Құжаттардың көбінде 10.. .12 шрифт кеглі қолданылады,
ал газет жолында 8 – пункті шрифттер бола алады. Шрифт өлшемі 14
пунктен үлкен шрифт, əдетте, тақырыптар мен арнайы жағдайларда
белгілеу үшін қолданылады.
Формат/Шрифт командасын қолданумен форматтаудың жан –
жақты тəсілі мүмкіндіктерді кеңейтеді (10.8 - сурет). Мысалы, мəтіннің
сырт келбетін əр түрге өзгертуге болады: жоғарғы немесе астыңғы индекс
ретінде, шрифтің контурлық түрін беру, шрифтың астын əр түрлі қылып
сызу, сонымен қатар, мəтінге анимация эффектілерін қою немесе символдар
арасындағы интервалдарды өзгерту (сығылған немесе сиретілген мəтін)
жəне т.б.
Формат/Шрифт мəзір командасын таңдағанда, экранда үш
қосымша терезелері бар сұхбат терезесі пайда болады: Шрифт, Интервал
жəне Анимация. Шрифт қосымша терезесінде шрифт, оның сыртқы түрі
жəне шрифт өлшемі орнатылады.
10.8 сурет. Шрифтті форматтау терезесі
213
Сырт келбетін өзгерту (Видоизменения) тобында белгіленген мəтін
фрагменті үшін, сызып тастауды, жоғарғы жəне төменгі индекстерді,
бас əріптерді, жасырын (терілмейтін) мəтін мəртебесін орнатуға болады.
Интервал ішкі терезесі символдардың белгіленген реттілігі
арасындағы қашықтықты өзгертуді, жолдың ортасына қатысты мəтінді
көтеруге немесе түсіруге мүмкіндік береді.
Анимация ішкі терезесінде оңай эффектілердің көмегімен мəтінді
безендіруге мүмкіндік беретін анимация нұсқаларын беруге болады:
жанып – сөнуді, жүгірме рамкасы, фейерверкте жəне т.б. əрине басып
шығару кезінде, бұл эффектілер шығарылмайды, ал компьютердің
экранында бұлай безендірілген мəтін жарасымды көрінеді.
Мəтіннің белгіленген бөлігін форматтауды жүргізе отырып, бұл
форматты құжаттың басқа бөліктеріне көшіруге болады.
Бұл үшін форматталған мəтін фрагментін белгілеп алып, стандартты
құралдар панеліндегі
қылқалам бейнеленген батырманы басу керек.
Бұл батырма Үлгі бойынша формат деп аталады. Нəтижесінде, тышқан
көрсеткісі қылқалам формасына өтеді. тышқанның сол жақ батырмасын
басып тұрып мəтін бойымен орын ауыстыра отырып, сіз таңдалған
форматты басқа фрагменттерге көшіресіз. Әдеттегі жұмысқа көшу үшін
[Esc] пернесін басыңыз.
Мәтін абзацтарын форматтау. Абзацты форматтау келесі
параметрлерді өзгертуге мүмкіндік береді:
•
абзацтың бірінші жолын жылжыту ;
•
абзац жолдарын түзету (сол жақ жəне оң жақ бойынша, ортасы
жəне ені бойынша)
•
беттегі абзацтың ені жəне орналасуы;
•
жоларалық интервал жəне жақын орналасқан абзацтардың ара
қашықтығы.
Форматтау құралдар панелінде төрт таңдау батырмалары бар
оның əрбіреуі абзац жолдарын түзету тəсілдерінің бірін
анықтайды (сол жақтан оң жаққа қарай).
•
абзац шекарасының сол жағы бойынша түзету;
•
ортасы бойынша түзету;
•
абзац шекарасының оң жағы бойынша түзету;
•
құжаттың ені бойынша түзету.
Құжаттың ені бойынша түзетуде сөздер арасының аралығы аздап
ұлғаяды.
Абзацты форматтау үшін курсорды таңдаған абзацқа орнату қажет,
содан соң түзету тəсілін таңдау үшін, қажетті батырманы басу керек.
Абзацтың бірінші жолында жылжытуды орнату үшін, тышқанмен
көлденең сызғыштағы жоғарғы маркерді (үшбұрыш) оң жаққа тасып
апарыңыз (10.9 - сурет).
214
10.9. –сурет. Форматтау маркерлері
сызғыштағы абзац
Көлденең сызғыштағы сол жақ жəне оң жақ төменгі маркерлерді
(ұшбұрыш) тышқанмен жылжыта отырып, беттің оң жəне сол жақ
шекараларынан абзацтың жылжытуын өзгертуге болады, яғни, абзацтың
сол жəне оң жақ шекараларын орнату. Бұл тəсілмен беттегі абзацтың
орналасуы реттеледі.
Көлденең сызғыштағы сол жақ төменгі маркер абзацтың бірінші
жолынан басқа, барлық жолдарының сол жақ шекарасын анықтайды, ал
көлденең сызғыштағы оң жақ төменгі маркер, абзацтың барлық
жолдарының оң жақ шекарасын анықтайды
Формат/Абзац мəзір командасы Абзац терезесін ашады, ол терезе
арқылы мəтіндік абзацты форматтаудың толық операциялар жиынтығын
орындауға мүмкіндік береді (10.10 - сурет). Терезе екі қосымша
терезеден тұрады: Жылжытулар және интервалдар жəне Беттегі
орналасуы
Олардың негізгісі жоларалық интеревалды орнату болып табылады.
Word үнсіз келісім бойынша Жалғыз (одинарный) жоларалық
интервалын ұсынады. Сонымен қатар, Бір жарымдық, Қосарлы,
(
Полуторный, Двойной)
, пункттермен нақты интервал, сонымен қатар,
Өсіргіш (множитель) (Жалғыз жоларалық интервалдан алынатын
коэффицент) жол аралық интервал орнатуға болады.
10.10 сурет. абзацтарын форматтау терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |