Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған


Мәтінді  стильдер  көмегімен  форматтау



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет74/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   116

215 
 
Мәтінді  стильдер  көмегімен  форматтау.  Стиль  деп  мəтіннің  сыртқы 
түрін  тез  өзгертуге  арналған,  мəтінге,  кестелер  мен  тізімдерге 
қолданылатын форматтау параметрлерінің жиынтығын атайды. 
Мысалы, мəтіннің тақырыбы үшін, əуелі шрифт өлшемі 16 пункт, одан 
соң  Arial  шрифті,  ортасы  бойынша  түзетуді  орнатуға  болады,  бірақ, 
тақырыпты  үш  тəсілмен  форматтаудың  орнына,  бір  мезгілде,  тақырыптың 
стилін қолдану арқылы бұл форматтауды орындауға болады. 
Абзац  стилі  оның  сыртқы  түрін,  яғни,  мəтінді  түзету,  табуляция 
позициясын, жоларалық интервал жəне шекараларын толық анықтайды. 
Мəтіннің стилі мəтіннің шрифті жəне өлшемі, сонымен қатар, жартылай 
жуан  жəне  курсивтік  сыртқы  түрі  сияқты  параметрлерін  анықтай  отырып, 
абзац ішіндегі мəтіннің белгіленген фрагментін форматтауды береді. 
Стильді  қолдану  үшін,  ең  əуелі,  өзгертуге  қажет  болатын  сөздерді, 
абзацты, тізімді немесе кестені белгілеп алу керек. 
Стильдер  мен  Форматтау  тапсырмалар  аймағының    көмегімен 
стильдер  құруға,  қарап  шығуға  жəне  оларды  қолдануға  болады.  Тікелей 
мəтінге қолданылатын форматтау аталған аймақта сақталады. Стильдер мен 
форматтау  тапсырмалар  аймағы  Форматтау  құралдар  панеліндегі 
Стильдер  мен  форматтау  батырмасын  басумен  ашылады.  Тапсырмалар 
аймағында қажетті стиль таңдалады. Егер тізімде  қажетті стиль жоқ болса, 
Нұсқаны  көрсету  өрісінде  Барлық  стильдерді  таңдаңыз.  Стильді  қолдану 
үшін   Форматтау   құралдар   панелінен   Стиль   
   өрісінде 
қажетті стиль атын таңдап алуға немесе енгізуге болады. 
Мәтіндік  құжаттағы  шекаралар.  Word  құжатында  құжаттан  немесе 
кестеден таңдалған мəтін абзацының шекарасын кез келген жағынан қоюға 
болады.  Құжаттағы  əр  беттің  кез  келген  жағынан  немесе  барлық  жағынан 
шекара суреті бар шекараларды қоюға болады (ағаштар қатары орналасқан 
сияқты). 
Сонымен  қатар,  шекараларды  немесе  сызықтарды  графикалық 
обьектілерге,  соның  ішінде,  жазбаларға, автофигураларға,  суреттерге  жəне 
импортталған суреттерге қоюға болады. 
Шекараларды  қою  үшін  Формат/Шекаралар  мен  бояу  құю  мəзірі 
командасын       қолдануға       болады      (10.11-       сурет). 
Ашылған 
Формат/Шекаралар мен бояу  құю терезесі үш қосымша терезеден тұрады: 
Шекара, Бет  жəне Бояу құю
Шекара  қосымша  терезесі  белгіленген  обьектілердің    айналасына 
шекара  қоюға  мүмкіндік  береді, ал  Бет  қосымша  беті  барлық  бетті  толық 
жиектейді.  Бояу  құю  қосымша  терезесі  фон  орнатып,  əр  түрлі  көлеңкелі 
жəне штрихталған түрдегі суретті қоюға арналған. 
Абзацтарды кез келген жағынан шекаралармен белгілеуге болады. Бұл 
үшін,  Шекара  ішкі  терезесінде  шекара  параметрлерін  (типі,  түрі,  ені) 
беріңіз, қажетті параметрді тізімнен  Қолдану (Применить к,) таңдаңыз да, 
үлгіде қай жақтарын шекарамен белгілеу керектігін көрсетіңіз. Егер, барлық 
шекараларын  қойып  жатсаңыз,  онда  рамка  немесе  көлеңкелі  рамка  типін 
қоюға болады. 


216 
 
 
10.11. –сурет. Мəтіннің жəне абзацтың шекараларын орнату 
 
Егер,  мысалы,  мəтіннің  фрагментін  сызықтар  арасына 
орналастыру қажет болса, онда сызықтар арасына қойылатын мəтінді 
белгілеңіз;  Формат/Шекаралар  мен  бояу  құю  командасымен 
Шекаралар  және  бояу  құю  терезесін  ашыңыз  Шекара  қосымша 
терезесін  таңдаңыз;  шекараның  керек  типін,  енін  жəне  түрін 
таңдаңыз;  Үлгі  аймағында  сызбада  орналасқан  мəтіннің  жоғарғы 
немесе төменгі жағына шертіңіз де, ОК – ді басыңыз. 
Бет  қосымша  терезесінде  сондай  іс  –  əрекеттерді  жүргізу  керек, 
тек,  қосымша,  суреттер  түрінде  бетті  жиектеуді  орнатуға  болады. 
Қолдану  тізімінде  құжаттың  барлық  беттеріне  немесе  тек 
кейбіреулеріне  шекараны  қолдану  аймақтары  көрсетіледі.  Беттің 
шекарасын  көріп  шығу  үшін  беттің  орналасуы  (Көрініс/Беттің 
орналасуы) режиміне өту керек. 
Шекараларды  өшіру  үшін,  шекараларын  өшіру  талап  етілетін 
мəтінді,  суретті  немесе  кестені  белгілеп  алыңыз;  Формат  мəзірінде 
Шекаралар  мен  бояу  құю  командасын  таңдаңыз  жəне  Шекара 
қосымша терезесінде Тип тобында Жоқ параметрін таңдаңыз. 
Мәтінді  бояу.  Абзац  фонын,  белгіленген  мəтіннің  немесе  
кестенің фонын толтыру үшін бояуды қолдануға болады. 
Абзацқа бояуды қосу үшін, абзацтың кез келген жеріне шертіңіз. 
Белгілі мəтінге, сөзге  бояу қосу үшін, мəтінді белгілеп алыңыз. 
Содан  кейін  Формат  мəзіріндегі  Шекаралар  және  бояу  құю 
командасынан  Бояу  құю  қосымша  терезесін  таңдаңыз  да,  Қолдану 
тізімінен  қажетті  параметрлерді  таңдап,  құжаттың  бөлігін  бояу  құю 
үшін белгілеңіз (10.2- сурет). 


217 
 
 
10.12. –сурет. Абзац пен мəтін бояуының түсін орнату 
 
Түстер  палитрасынан  керек  түсті  таңдап  алу  үшін,  Басқа түстер 
батырмасын басыңыз. 
Фонды орнату. Microsoft Word құжаттың фонының түсін өзгертуге, 
фон  ретінде  текстуралар  мен  суреттерді  қоллануға,  сонымен  қатар, 
оюдың  жəне  градиентті  бояудың  баптауларын  өзгертуге  мүмкіндік 
береді. 
Фонды  орнату үшін  Формат мəзірінен  Фон командасын таңдаңыз. 
Одан кейін келесі əрекеттердің біреуін орындаңыз: 
• 
қажетті түс таңдаңыз; 
• 
қосымша  түстерді  қарап  шығуға  арналған  Басқа  түстер 
батырмасын басыңыз; 
• 
градиентті  бояу  құю,  текстура  немесе  ою  сияқты  арнайы 
эффектілерді өзгерту немесе қосу үшін Бояу құю тәсілдері батырмасын 
басыңыз. 
Тізім  түріндегі  мәтінді  форматтау.  Тізімді  құру  мақсаты  – 
элементтердің  кейбір  тізімін  құрайтын  мəтіннің  абзацтарын  əдемі 
безендіру.  Кез  келген  тізімнің  элементі  кəдімгі  абзац  болып  табылады. 
Бірнеше  ретпен  орналасқан  абзацтарды  тізім  түрінде  безендіруге  
болады. 
Тізімдегі  əрбір  абзац  не  қандай  да  бір  символмен  (нөмірмен, 
маркермен)  немесе  алфавит  əрпімен  басталады.  Тізім  құру  үшін, 
маркерлер  немесе  нөмірлер,  енгізілген  мəтіннің  жолдарына  қолмен 
немесе автоматты түрде, құжаттың мəтінін енгізу барысында қосылады. 
Мəтінді  тізім  түрінде  безендіруді  мəзір  командаларын  немесе 
Форматтау құралдар панелінің батырмасын қолдану арқылы болады. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау