159
қамтамасыз ету жəне техникалық жабдықтау бұл өзара байланысын
жүзеге асыру үшін қажет. Мұндай жүйеде, кез келген қосылған
құрылғы ақпаратты жіберуге немесе қабыладауға желіні қолдана
алады.
Желіге қосылған компьютерлер берілгендерді, принтерлерді,
факсимильды
аппараттарды,
модемдерді
жəне
басқа
да
құрылғыларды бірлесіп қолдана алады. Ресурстарды бірлесіп
қолданудың жаңа тəсілдері пайда болатындықтан, бұл тізім тұрақты
түрде толықтырылып отырады.
9.1.
Компьютерлік желі туралы ұғым
9.1.1.
Компьютерлік желінің қажеттілігі
Компьютерлік желілердің негізгі қажеттілігі – ресурстарды бірлесе
отырып қолдану жəне бір фирма ішіндегі, сонымен қатар, одан тыс
жерлерде де интерактивті байланысты жүзеге асыру.
Ресурстар – бұл
берілгендер, қосымшалар жəне сыртқы дискжетек, принтер, тышқан,
модем жəне джойстик сияқты қосымша құрылғылар. Компьютердің
интерактивті байланысы туралы ұғым нақты уақыт режиміндегі
хабарламалар алмасуды білдіреді.
Өлшеміне қарай жергілікті, аймақтық жəне ауқымды желілер болып
бөлінеді.
Жергілікті желілер – кейбір шектелген территория аймағында
(біренеше метрден бірнеше километрге дейінгі аумақта) əрекет ететін
желілер. Сонымен қатар, бұл желілерді ЖЕЖ (жергілікті есептеу
желілер) LAN (Local Area Network) деп атайды. Әдетте, олар жеке
өндіріс аймағын қамтиды жəне бір ғимараттың аумағынан шықпайды.
Жергілікті
желілер
берілгендерді
жіберудің
жоғары
жылдамдығымен сипатталады. Компьютерді жергілікті желіге қосу
үшін, əдетте, кеңейткіш тақшасы түрінде орындалатын желілік адаптер
қолданылады (желілік карта). Мұндай желілерде физикалық байланыс
сымдары ретінде өрілген жұп, коксиалды кабель жəне оптикалық –
талшықтық кабель қолданылады.
Аймақтық желілер - (MAN — Metropolitan Area Network) – 10 км-
ден 100 км-ге дейінгі аймақта əрекет ететін желілер. Олар əр түрлі
қалалар мен облыстарды біріктіреді; сонымен қоса, əрбір аймақтық желі
белгілі бір ауқымды желілердің бөлшегі болып табылады.
Ауқымды желілер - (WAN — World Area Network) үлкен
территориялардағы абоненттердің өте үлкен санының байланысын
қамтамасыз етеді. Олар аймақтарды, елдерді жəне континеттерді
қамтитын берілгендерді жіберу үшін қолданылатын оптикалық –
талшықты магистральдар, спутниктік байланыс жүйелері жəне
коммутаторланған телефон желілері. Ауқымды желілердің абоненттері
ондаған мың шақырым қашықтықтарда орналасулары мүмкін.
Ауқымды жəне жергілікті желілердің
желілер ассоцияциясына