Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет38/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   116

111 
 
 
 
6.6.  6 . – сурет. WinRAR архиватр – бағдарламасының терезесі 
 
Бұл  терезеде  жаңа  архивтің  форматын  (RAR  немесе  ZIP),  сығу 
əдісін,  томның  өлшемін  жəне  архивтеудің  басқа  параметрлерін 
таңдап алуға болады. 
Екі  формат  та  архивтеудің  алты  əдісін  қолдайды:  максималды, 
жылдамдықты, сығусыз, қарапайым, тез, жақсы. 
 
6.7-сурет. Архивтік файлдың параметрлерін орнату 
 
 


112 
 
[Alt] + [E] пернелер комбинациясын 
Максималды  əдіс  ең  кіші  жылдамдықпен  сығудың  неғұрлым 
жоғары  деңгейін  қамтамасыз  етеді.  Жылдам  əдіс  керісінше,  нашар, 
бірақ, өте тез сығады. Сығусыз əдіс файлдарды архивке жинақтамай 
жай  ғана  орналастырады.  Егер,  сіз  архивті  компьютерлік  желілер 
арқылы  жіберуге  немесе  ұзақ  уақыт  сақтауға  құрсаңыз,  онда  ең 
жақсы сығуды алу үшін максималды əдісті таңдағаныңыз дұрыс. 
Егер  де,  сіз  берілгендердің  күнделікті  резервтік  көшірмесін 
құратын болсаңыз, онда қарапайым əдісті қолданған жөн. 
Архивтеу  кезінде  статистикалық  терезе  көрсетіледі.  Егер,  сіз 
жинақтау  үрдісін  тоқтатқыңыз  келсе  Болдырмау  пернесін  басыңыз. 
Архивтеу  үрдісінің  соңында  статистикалық  терезе  жоғалады,  ал 
құрылған архив ағымдағы белгіленген файл болады. 
RAR  архивіне  файлдарды  тасымалдау  əдісі  арқылы  да  қосуға 
болады. Бұл үшін, WinRAR терезесінде архивті белгілеу қажет жəне 
[Enter] пернесін басып оның атына тышқанмен екі рет шерту керек; 
осылайша, RAR архивті оқиды жəне оның мазмұнын көрсетеді. Енді, 
тек басқа бағдарламалардан WinRAR терезесіне тасымалдау арқылы 
файлдарды архивке қосуға болады. 
WinRAR  көптомды  архивтер  –  бірнеше  бөліктен  тұратын 
архивтер  құруға  мүмкіндік  береді.  Әдетте,  томдар  бірнеше 
дискеталардағы үлкен архивті сақтауға немесе басқа ауыстырылатын 
тасымалдауыштарға  сақтау  үшін  қолданылады.  Архивтің  бірінші 
томы  қарапайым  кеңейткіш  гаг-мен  белгіленеді,  ал  келесі 
томадардың  кеңейткіштері  r00,  r01,  r02  жəне  т.б.  ретінде  
нөмірленеді, 
Дыбыстық жəне графикалық файлдарды архивтеу үшін, қосымша 
арнайы  əдіс  мультимедиа  –  сығуды  қолдануға  болады,  қарапайым 
сығумен  салыстырғанда,  бұл  əдіс  нəтижесінде  сығудың  30  %  -  ға 
жоғары деңгейіне жетуге болады. 
Файлдарды  архивтен  алып  шығу  үшін,  файл  архивін  таңдап  алу 
жəне 
Командалар/Белгіленген 
архивтерден 
алып 
 
шығу 
командаларын енгізу қажет. 
Батырмасын басу. 
 
Ашылған  сұхбат  терезесінде  жаңа  жолды  енгізіңіз,  содан  кейін 
OK  батырмасын  басыңыз.  Мұнда  бірнеше  қосымша  параметрлерді 
өзгертуге болады. 
Архивтен  шығару  кезінде  статистика  терезесі  көрсетіледі.  Егер, 
шығару  қатесіз  аяқталса,  WinRAR  қабықшаға  қайтып  оралады, 
керісінше  жағдайда  Диагностикалық  хабарламалар  терезесі  пайда 
болады. 
Архив  үздіксіз  (сығудың  максималды  деңгейіне  қолжеткізуге 
мүмкіндік береді) жəне өздігінен шығарылатын (SFX-архив — SelF- 
eXtracting)  болуы  мүмкін.  Мұндай  архивті  архивтен  шығаруға 
арнайы  бағдарлама  керек  емес,  ол  орындалатын  файл  жəне  .ехе. 


113 
 
кеңейткіші бар болғандықтан, архив файлын орындауға жүктеу 
жеткілікті. 
1.  Жанама  мəзірді  қолданумен  архивтік  операциялар.  Жанама 
мəзірді  қолдану  арқылы  файлдарды  архивтеу  үшін,  келесі 
операцияларды  орындау  қажет:  архивтеу  үшін  файл  немесе  буманы 
таңдау,  тышқанның  оң  жақ  батырмасымен  жанама  мəзірді  шақыру, 
Архивке  қосу  командасын  таңдау,  содан  кейін  архив  жолын    жəне 
атын енгізу. 
Жанама  мəзірде  архивке  қосу,  «Инек-аналитик.тг»    архивіне  
қосу, Архивке қосу және e-mail арқылы жіберу, «Инек-аналитик.гаг 
және e-mail арқылы жіберу» архивіне қосу  командалары бар. 
WinRAR  архиваторын  алдын  ала  жүктеусіз  архивтен  шығару 
үшін,  архиві  бар  буманы  ашу  қажет  жəне  шығару  үшін  архивтік 
файлды белгілеу керек, содан соң, тышқанның оң жақ батырмасымен 
жанама  мəзірді  ашып,  Файлдарды  алып  шығу  командасын  таңдап, 
ашылған  терезеде  шығарудың  жолы  мен  параметрлерін  көрсету 
керек. 
 
Басқа архиватор бағдарламаларымен жұмыс 
барысында туындайтын сұрақтар 
 
Қолданушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарына мамандардың 
жауабын келтіреміз. 
Сұрақ  1.  Егер,  мен  өзімнің  архивтік  файлымның  паролін  
ұмытсам, не істеуім керек? 
Жауап.  WinRAR  шифрлау  сызбасына  ешқандай  жасырын 
«люктер» орнатылмаған. Егер, архивтің паролі ұмытылса, онда 
файлдарды алып шығу мүмкін емес. 
Сұрақ 2. Неліктен Windows –тың уақытша бумаларынан WinRAR 
өзінің уақытша файлдарын өшірмейді? 
Жауап.  Егер,  сіз  файлдарды  архивтен  шығару  үшін,  сүйретуді 
(Drag-and-Drop)  қолдансаңыз  немесе  қарап  шығудың  сыртқы 
бағдарламасынан  архивтелген  файлдарды  ашсаңыз  бұлай  болады. 
Мұндай жағдайда бұл файлдар басқа бағдарламаларда қолданылатын 
болып  қалады.  WinRAR  жабылған  соң,  сыртқы  бағдарламаға 
архивтен  шығарылған  бұл  файлдар  керек,  керек  еместігін 
анықтайтын  сенімді  тəсіл  жоқ.  Міне  сондықтан,  WinRAR  мұндай 
файлдарды бірден жойып жібермейді. 
Мұның  орнына  алдыңғы  жұмыс  сеанстарынан  соң,  егер,  олар  1 
сағаттан  астам  уақыт  бұрын  шығарылған  болса,  келесі  жүктеу  
кезінде WinRAR өзінің барлық уақытша файлдарын жояды. 
Сұрақ  3.  Файлдарды  архивтен  шығару  кезінде  мен  «Ошибка 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау