Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет32/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116

93 
 
5.5. 
Жарлықтарды құру және қоржынмен жұмыс 
 
Жарлықты  құру.  Жарлық  –  бұл  компьютердегі  бағдарлама,  файл,  
бума,  диск  немесе  басқа  компьютер  сияқты  кез    келген    қолжетімді 
элементке  сілтеме.  Жарлықтар  жиі  қолданатын  бағдарламаларды  тез 
жүктеуге  немесе  файлдар  мен  бумаларды  олардың  орналасқан  орнына 
ауыспай  -  ақ  ашуға  мүмкіндік  береді.  Жарлықтарды  Жұмыс  үстелінде, 
Бастау мəзірінде немесе кез келген бумада орналастыруға болады. 
Егер,  бума  жарлығын  құру  керек  болса,  оның  үстінен  тышқанның  оң 
батырмасымен  шертіңіз  жəне  Жарлық  құру  командасын  таңдаңыз. 
Нəтижесінде,  таңдалған  буманың  жарлығы  құрылады.  Жарлықтың  орнын 
ауыстыру  үшін,  оны  таңдаңыз,  одан  соң  жаңа  орынға  қойыңыз.  Жұмыс 
үстелінде  жарлық  құру  үшін,  курсорды  жұмыс  үстелінің  бос  орнына 
ауыстырыңыз  жəне  тышқанның  оң  батырмсын  басыңыз.  Пайда  болған 
мəзірден Құру/Жарлық  командасын  таңдаңыз (5.7 - сурет). 
Файлдарды  қоржынға  өшіру.  Қоржын  –  бұл  Windows  ортасында 
өшірілген  файлдарды  сақтау  орны.  Ол  файлдар  мен  бумаларды  өшірген 
кезде,  қосымша  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етеді.  Windows  –тың  қатқыл 
дискісінен  файлды  немесе  буманы  өшіргенде,  оны  қоржынға  салады;  бұл 
жағдайда  қоржынның  белгісі  бос  емес  толық  болады.  Желілік  немесе 
ииілгіш дискілерден өшірілген элементтер қоржынға түспейді, бірден толық 
жойылады. 
Файлдарды өшіру үшін оларды қоржынға апарыңыз. Егер, сүйреп апару 
кезінде [Shift] пернесін басып тұрса, файл қоржынға түспей өшіріледі. 
Файлдар  мен  бумалар  қоржында  қолданушы  оларды  өшіргенге  дейін 
тұра  береді.  Бұл  элементтер  дискіде  орын  алады  жəне  бастапқы  
орындарына қайта қалпына келтіруге болады. 
 
 
5.7. сур. Бағдарламаның жарлықты құру 
 
 


94 
 
Қоржын  толған  кезде,  Windows  автоматты  түрде  жиі  өшірілетін 
файлдар мен бумалар үшін, қоржындағы қажет орынды тазалайды
Қоржындағы 
файлдарды 
қалпына 
келтіру. 
Файлды 
қоржыннан  қалпына  келтіру  үшін,  жұмыс  үстеліндегі  Қоржын 
белгісін  екі  рет  шертіңіз,  содан  соң  қалпына  келтірілетін  файлға 
тышқанның  оң  жақ  батырмасымен  шертіңіз  де  Қалпына  келтіру 
(Восстановить)  командасын  таңдаңыз.  Барлық  файлдарды  қалпына 
келтіру  үшін  Түзету  мəзірінен  Барлығын  белгілеп  алу  командасын, 
одан соң Файл мəзірінен Қалпына келтіру командасын таңдаңыз. 
Бірнеше файлдарды бірден  қалпына келтіру үшін, [Ctrl] пернесін 
басыңыз  жəне  оны  босатпай  барлық  қажетті  файлдарды  белгілеңіз. 
Қалпына келтірілген элементтерді белгілеуді аяқтап, Файл мəзірінен 
Қалпына  келтіру  командасын  таңдаңыз.    Файлды    қоржыннан 
қалпына  келтіргенде,  ол  бастапқы  орнына  орналастырылады. 
Өшірілген бумада орналасқан файлды қалпына келтіру кезінде, əуелі 
бұл буманың өзі, одан соң файл қалыпқа келтіріледі. 
Қоржынды  тазалау.  Қатқыл  дискіде  орын    жетіспегенде, 
қашанда  қоржынды  тазалаңыз.  Қоржынды  тазалау  үшін,  жұмыс 
үстелінде  Қоржын  белгісін  екі  рет  шертіңіз  жəне  Файл  мəзірінен 
Қоржынды  тазалау  командасын  таңдаңыз.  Қоржында  тазалағанда 
барлық  файлдар  оларды  қайта  қалпына  келтіру  мүмкіндігінсіз 
жойылады. Қоржындағы бір файлды өшіру үшін, оны тышқанның оң 
батырмасынмен  шертіңіз  жəне  Өшіру  командасын  таңдаңыз. 
Қоржыннан  өшірілген  элементтер  арнайы  бағдарламаларсыз  қайта 
қалпына келтірілмейді. 
Қоржын  көлемі.  Қоржын  алатын  кеңістікті  шектеу  үшін,  оның 
шектеу  көлемін  өзгертуге  болады.  Ол  үшін  жұмыс  үстеліндегі 
Қоржын  белгісіне  тышқанның  оң  батырмасымен  шертіп,  ашылған 
жанама  мəзірден  Қасиеттер  командасын  таңдау  керек.  Қоржын 
сиымдылығынан артық өлшемдегі файлдар онда сақталмайды. Олар 
қайта қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылады. 
 
5.6. 
Берілгендерді ұйымдастырудың файлдық жүйесі. 
 
Кез  келген  операциялық  жүйенің  негізінде  ішкі  жадыда  ақпаратты 
ұйымдастыру принципі жатыр. Техникалық түрде сыртқы жады əр түрлі 
тасымалдауыштарда  жүзеге  асырылуы  мүмкін  (иілгіш  магниттік  диск, 
CD-диск,  флеш  -  брелок),  бірақ  оларды  операциялық  жүйеде 
қабылданған  файл  деп  аталатын  ақпараттың  логикалық  байланысқан 
жиынтығын сақтауды ұйымдастыру принципі біріктіреді. 
Сыртқы  ақпаратты  сақтауды  ұйымдастыру  файлдық  жүйе  арқылы 
іске асырылады. Файл (ағылш. File — құжат) бұл үш сипатқа ие ақпарат: 
өзінің  жеке  аты,  өлшемі  (көлемі)  жəне  құру  уақыты.  Ендеше,  файлды 
оның    мазмұнындағы    ақпарат    типіне,    осы    ақпараттың  көлеміне, 


95 
 
құрылған уақытына жəне атына қарай  ажыратуға болады. 
Файл  –  диск  жадысындағы  жеке  атауы  бар  аймақ.  Файлды  сыртқа 
еске  сақтау  құрылғысында  орналасқан  кез  келген  берілгендердің  атауы 
бар жиынтығы ретінде қарауға болады жəне де бұл берілгендер біртұтас 
болып сақталады, жіберіледі жəне қайта өңделеді. 
Файлда  бағдарлама,  сандық  берілгендер,  мəтін,  сурет,  кодталған 
бейнелер бар. 
Файл  аты.  Файлдың  қашанда,  нүктемен  бөлінген,  екі  боліктен 
тұратын аты бар: файлдың жеке аты жəне оның кеңейткіші. Файл атын 
қолданушы  береді,  ал  файл  типі  оны  құру  кезінде  бағдарламамен 
автоматты  беріледі.  Файл  кеңейткіші  оның  типін  анықтайды 
(бағдарлама, берілгендер жəне т.б.) 
Әр түрлі операциялық жүйелерде файл аттарының түрлі форматтары 
бар. MS DOS операциялық жүйесінде файл аты латын алфавитінің сегіз 
əрпінен  жəне  сандарынан  аспауы  тиіс,  ал  кеңейткіші  латынның  үш 
əрпінен тұрады, мысалы, «primer.txt». 
Windows  операциялық  жүйесінде  файл  аты  255  символға  дейін  ие 
бола алады, сонымен қатар, орыс алфавитін қолдануға болады, (мысалы, 
«финансовый расчетЛос»). 
Файлдың  негізгі  типтері  мен  кеңейткіштері  5.1  -  кестесінде 
келтірілген. 
Файлдық  жүйе.  Ақпараттың  кез  келген  тасымалдауышында 
файлдардың  көп  мөлшері  сақталуы  мүмкін.  Дискіде  файлдарды  сақтау 
реті  қолданылаған  файлдық  жүйемен  айқындалады.  Файлдық    жүйеде 
сол  файлдар,  түбірлік  каталог,  каталогасты  жүйесі,  файлдарды 
орналастыру  кестесі  жинақталған.  Файлдық  жүйе  дискінің  логикалық 
құрылымымен тікелей байланысты. 
 
5.1- 
кесте. 
Файл типтері мен кеңейткіштері 
 
Файл типі 
Кеңейткіш 
Мəтіндік файлдар 
.txt, .doc, .rtf 
Электрондық кестелер жəне мəліметтер 
қорының файлдар 
.xls, .mdb 
Графикалық файлдар 
.bmp, .dib, .jpg, .jpeg, .gif, .tiff, 
.png 
Дыбыстық файлдар 
.wav, .mid, .mp3 
Бейнефайлдар 
.avi, .mov 
Бағдарламалар 
.ехе, .ram, .bat 
Бағдарламалау тілдеріндегі бағдарламалар  .bas, .pas 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау