Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет29/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   116

83 
 
5.2. 
Windows обьектілерін басқару. 
 
Windows  обьектілерін  басқару  тышқан  мен  пернетақтадан 
басталады. 
Тышқан  көмегімен  обьектілерді  басқару.  Тышқан  ішіне  ауыр 
шарик  салынған  пластик  корпусынан  жəне  кабель  арқылы 
компьютерге  қосылған  «құйрығынан»  тұрады.  Оптикалық  (шарсыз) 
тышқандар  бар.  Тышқанда  минималды  екі  батырма  болады    (сол  
жəне оң). Сол жақ батырмасы (іс - əрекет) – негізгі, оның көмегімен 
экранда  обьектілерді  таңдайды  жəне  орын  ауыстырады.  Обьектіні 
таңдап  алу  үшін,  оған  курсорды  жақындатып  тышқанның  сол  жақ 
батырмасын  басу  жеткілікті  (шерту  –  тышқанның  көрсеткісін  
қажетті  батырмаға,  жазуға  немесе  обьектіге  тоқтату,  одан  соң  басу 
жəне ташқанның сол жақ батырмасын жіберу) 
Тышқан  экранда  орналасқан  курсорды  –  көрсеткіні  басқарады. 
Үстел  ұстіндегі  тышқанның  жылжуымен  байланысты  экрандағы 
курсор  да  жылжиды.  Әдетте  курсор  бағдарлауыштың  формасында 
болғанымен басқа да түрде болуы мүмкін. 
Тышқанды  екі  рет  шерту  (double  click)  –  курсорды  орнатып 
тышқанның сол жақ батырмасын тез екі рет басу жəне жіберу. 
Обьектінің басқа жерге ауыстыру үшін (drag), курсорды обьектіге 
апару  керек  жəне  ташқанның  сол  жақ  батырмасын  басып,  оны 
жібермеген күйі обьектіні қажетті орынға қою, содан соң батырманы 
жіберу  керек.  Бұл  үрдіс  «Drag  and  Drop»  орынын  ауыстыру  деп 
аталады. 
Тышқанның  оң  жақ  батырмасы  (қасиеттер)  –  қосымша.  Оның 
көмегімен  шертілген  обьектінің  жанама  мəзірі  ашылады.  Жанама 
мəзірде  бұл  обьектімен  жүзеге  асыратын  барлық  командалар 
санамалап  келтірілген.  Нақты  əрбір  жағдайдағы  командалардың 
жиынтығы  тышқанның  оң  жақ  батырмасын  басқан  кездегі, 
тышқанның курсорының орналасқан жеріне байланысты. 
Арнайы  орнын  ауыстыру  тышқанның  оң  батырмасын  басу 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Ол  орындалып  отырған  операциясына 
сенімді  бақылауды  қамтамасыз  етеді,  себебі,  тышқанның  
батырмасын  жібергенде,  таңдап  алынған  операцияны  мақұлдайтын 
жанама мəзір пайда болады. 
Компьютермен жұмыс кезінде тышқанның көмегімен мұндай іс – 
əрекеттер жиі қайталанады. 
Компьютер  пернетақтасы.  Пернетақта  компьютерге  мəтінді 
жəне командаларды енгізуге  қолданылады. Оның құрастырушылары 
қарапайым  жазу  машинкасының  үлгісін  басшылыққа  алған.  Жазу 
машинкасында  əрбір  əріпке  жəне  сандарға  арналған  пернелер  жəне 
қызметтік  пернелер  (басқару  пернелер)  деп  аталатын  бірнеше 
пернелер  бар.  Шындығында,  жазу  машинкаларында  басқаратын 
ештеңе жоқ. 


84 
 
Компьютерде басқаша. Компьютердің пернетақтасында əр əріпке 
жəне  санға  арналған  пернелері  бар,  ал  қызметтік  пернелер  мұнда 
əлдеқайда  көп.  Компьютерде  бəрін  басқару  үшін    қызметтік  
пернелер  жетпейді.  Олардың  санын  шексіз  арттыруға  болар  еді, 
бірақ,  онда  пернетақтаның  көлемі  үлкен  болып,  ол  үстелдің  үстіне 
симайды.  Бұдан  шығу  жолы  –  пернелердің  комбинациясы  ойлап 
табылды:  бір  жағдайларда  –  қызметтік  пернелердің  өзара 
комбинациясы, басқа жағдайларда қызметтік пернелердің əріптермен 
комбинациясы. 
Пернетақта  бірнеше  аймаққа  бөлінген.  Оның  ең  үлкен  бөлігін 
алфавиттік – сандық пернетақтасы алады. Пернетақтаның бұл бөлігін 
қолдана отырып, сандар мен алфавиттің əріптерін, сол сияқты тыныс 
белгілерін жəне басқа да символдарды енгізуге болады. 
Пернетақтаның  жоғарғы  регистрінде  орналасқан  бас  əріптер  мен 
басқа  да  символдарды  енгізуге  [Shift]  пернесі  қолданылады.  Бас 
əріпті  енгізу  үшін,  осы  пернені  басып  тұрып,  содан    кейін    керек 
əріпті  басу  керек  (жоғарғы  регистрде  орналасқан  барлық 
символдармен осылай) 
[CapsLock]  пернесін  баса  отырып,  бас  əріптердің  режимін  қоюға 
болады. Бұл жағдайда пернетақтада режимнің қосылғанын білдіретін 
[CapsLock] шамы жанады. Режимді сөндіру үшін, бұл пернені қайта 
басу керек, сонда шам сөнеді. 
Ескерту:  [NumLock]  сандық  пернетақтаны  қосатын  пернемен 
шатастырмаңыз. 
Арнайы  командалар  беруге  арналған  [Ctrl]  ([Control])  жəне  [Alt] 
пернелері де пернетақта блогында орналасқан. 
Пернетақтаның  басқа  бөлігі  сандық  деп  аталады.  Ол 
калькулятордағыдай сандарды тез енгізуге арналған жəне [NumLock] 
пернесін  басумен  қосылады  (перненің  үстінде  шам  жанады).  Ол 
қосылмағанда (шам жанбағанда) пернетақтаның бұл пернелер блогы 
курсорды басқару пернелерінің функциясын атқарады. 
Курсорды  басқару  пернелерінде  бағдарлар  белгіленген  пернелер 
жатады,  [Ноте]  пернелері  –  курсорды  жолдың  басына  ауыстырады, 
[End]  –  жолдың  соңына  ауыстырады,  [PageUp]  жəне  [PageDown]  – 
экранның  беттерін  ашып  отырады,  мысалы  құжатты  редактрлегенде 
жоғары немесе төмен бетке. 
Мəтіннің соңына ауысу үшін, бір мезгілде [Ctrl] + [End] пернелер 
комбинациясын  басыңыз  жəне  бір  мезгілде  басу  үшін  əуелі  [Ctrl] 
пернесін  басыңыз,  оны  жібермей  тұрып  [End]  пернесін  де  басыңыз. 
Мəтіннің басына ауысу [Ctrl] + [Home] пернелер комбинациясын бір 
мезгілде басу арқылы жүргізіледі. 
Экраннан  символдарды  өшіруге  екі  перне  [Delete]  жəне 
[Backspace]  қызмет  атқарады.  Біріншісі  курсордың  оң  жағында 
немесе  оның  астында  орналасқан  символдарды  өшіреді,  ал  екіншісі 
курсордың сол жағында орналасқан символдарды өшіреді. Сонымен 


85 
 
қатар,  пернетақтада  функционалды  пернелер  деп  аталатын  [F1]    –  
ден  [F12]  –  ге  дейінгі  пернелер  бар.  Олар  бағдарламадағы  əр  түрлі 
мақсаттар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың кейбіреулерінің көп 
жағдайда  атқаратын  қызметтері  ұқсас.  Мысалы,  [F1]  пернесі 
компьютерді  қолданушыға  анықтама  жəне  көмек  ұсынады.  ал  [Tab] 
пернесі  табуляцияға,  яғни,  кестелердің  бағандары  бойынша  немесе 
берілген  интервалға  жылжыту  үшін  қолданады.  [Enter]  пернесін 
басумен  компьютерге  берілген  команда  бекітіледі,  мəтіндік 
редакторда жолдың соңы немесе абзац енгізіледі. 
Пернетақтаның  тілін  ауыстыру,  əдетте,  [Ctrl]  +  [Shift]  [Alt]  + 
[Shift]  пернелер  комбинациясымен  жүргізіледі.  Сонымен  қатар, 
пернетақта  тілін  ағылшыннан  орыс  тіліне  ауыстыру  үшін, 
тапсырмалар  панелінің  оң  жағында  орналасқан  En/RU  индикаторы 
қолданылады. 
Компьютерде тапсырманың орындалуын тоқтату үшін, [Esc] 
пернесі жиі қолданылады. 
 
5.3.  Windows XP 
қолданушы интерфейсін өзгерту 
 
Компьютердің параметрлерін өзгертуді Windows XP (5.2 - сурет) 
басқару панелі көмегімен орындау оңай. 
Басқару панелі келесі іс – əрекеттерді орындауға мүмкіндік 
береді: 
•  Windows XP жұмысын жəне безендірілуін өзгерту; 
•  бағдарламалар мен құрылғыларды қосу жəне өшіру; 
 
 
Сур. 5.2. Windows XP-дың басқару панелі 
 
 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау