Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет33/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   116

96 
 
Файлдық  жүйе  –  бұл  операциялық  жүйеде  файлдардың  атауын, 
сақталуын жəне орналасуын анықтайтын жалпы құрылым. Файлдық 
жүйенің  əр  түрлі  типтері  NTFS,  FAT,  FAT32,  LinuxExt2  жүйелері 
болып табылады. 
Компьютерде  құжаттарды,  яғни,  файлдарды  бумаларда  сақтауға 
болады. Қандай да бір белгісіне қарай белгіленген файлдарды немесе 
бумаларды  ыңғайлы  болу  үшін,  бумаға  орналастырады.  Буманың 
файл  сияқты  өз  аты  мен  көлемі  бар,  ол  бумадағы  сақталатын 
файлдардың  көлеміне  байланысты.  Бумада  да  құру  уақыты  да  бар. 
Бірақ бума типін анықтау мүмкін емес, өйткені онда əр түрлі типтегі 
файлдар сақталуы мүмкін. 
Бумалардың  негізгі  қасиеттерінің  бірі  олардың  иерархиялық 
құрылымы  болып  табылады.  Ол  құрылым  бумада  басқа  көптеген 
бумалардың  жəне  əр  түрлі  типтегі  файлдардың  болуын  білдіреді 
(матрешкадағыдай). 
Бумалар  мен  файлдар  орналасқан  басты  буманы  түбірлік  немесе 
ата  -  аналық  (түбірлік  каталог)  деп  атайды.  Түбірлік    бумаға  
салынған  барлық  бумалар  еншілес  бумалар  деп  аталады.  «Каталог» 
атауы бумаларға да қатысты. 
Windows  –  тың  кез  келген  бағдарламалық  жəне  аппараттық 
ресурстарына  қолжеткізуді  қамтамасыз  ету  үшін,  операциялық 
жүйемен автоматты түрде құрастырылатын жүйелік бумалар болады. 
Мұндай  буманың  мысалы  ретінде  «Принтерлер  мен  факстар»  
бумасы  бола  алады,  оны  Бастау/Принтерлер  және  факстар 
командасымен ашуға болады. 
Топтық  файлдық  операциялар.  Тəжірибелік  іс  –  əрекетте  бір 
ғана файлмен емес, файлдардың тобымен жұмыс істейтін жағдай жиі 
кездеседі.  Мұндай  операцияларға  файлдар  тобын  бір  дискіден 
екіншісіне  көшіру,  файлдар  тобын  өшіру,  файлдар  тобын  басқа 
дискіге  ауыстыру,  берілген  типтегі  файлдар  тобын  іздеу  жəне 
басқалары  жатады.  Бұл  операцияларды  қалыптастыру  кезінде 
файлдардың  аттары  мен  типтерін  шаблонды  түрде  пайдаланып 
орындау қиын емес. 
Файл атының шаблоны – файлдың аты мен типінің өрісінде мына 
символдар «*» или «?» қоланылатын арнайы форма. 
«*»  символы  кез  келген  символды  ауыстыруға  қызмет  етеді. 
Шаблонның  аты  мен  типінің  өрісінде  бір  ғана  символ  «*» 
қолданылуы  мүмкін.  Мысалы,  іздеуге  «*.doc»  атын  бергенде,  сіз 
барлық  мəтіндік  файлдарды  табасыз,  ал  «*.*»  атын  бергенде,  сіз 
барлық  файлдарды  табасыз.  Егер  сізге  ш  дыбысынан  басталатын 
жəне  кез  келген  кеңейткіші  бар  барлық  файлдар  керек  болса,  онда 
файл атының шаблоны «ш*.*» түрін қабылдайды. 
«?»  символы  тек  бір  ғана  символды  ауыстыруға  қызмет  етеді, 
сондықтан,  шаблонда  мұндай  символдардың  бірнеше  типін  
қолдануға болады. Мысалы, «AB???.jpg» аты барлық «jpg» типті  аты 


97 
 
бес  символдан  тұратын  графикалық  файлдарға  қаратылады.    Жəне  
де,  алғашқы  екі  символ  міндетті  түрде  «AB»,  ал  үшінші,  төртінші, 
бесіншілер кез келген символдар бола алады. 
 
5.7. 
Менің компьютерім терезесі және файлдық 
жүйемен жұмыс 
 
Негізгі  файлдық  операциялар  -  операцияларды  құру,  атын 
өзгерту,  көшіру,  обьектілердің  орнын  ауыстыру  жəне  өшіру,  
сонымен  қатар,  файлдарды  архивтеу  операциялары  жəне  архивтен 
алып шығу болып табылады. 
Менің  компьютерім  Менің  компьютерім  -  жеке  компьютердің 
ресурстарына,  желілік  дискіге,  түрлі  құрылғыларға,  (принтер, 
дискілерге)  жəне  олардың  баптауларына  тез  қолжетімділікті 
қамтамасыз  ететін  əмбебап  бағдарлама.  Менің  компьютерім  
белгісіне  тышқанмен  екі  рет  шерту  компьютердің  тиісті  жеке  жəне 
желілік ресурстарының белгілері бар терезені ашады (5.8 – сурет). 
Менің  компьютерім  терезесінің  интерфейсінің  өзгертулері  Вид 
мəзірінен  жүргізіледі.  Менің  компьютерім  терезесі  интерфейсінің 
баптауларының 
негізгі 
операциялары 
5.2 
– 
кестесінде  
көрсетілген. 
 
 
5.8. -сурет Менің компьютерім жүйелік бумасының терезесі 
 
 


98 
 
5.2. – кесте  
Менің компьютерім терезе интерфейсінің өзгертулері
 
 
Жұмыс тəсілдері 
Команды 
Белгілер түріндегі ресурстар тізімі 
Көрініс

Белгілер 
Кестелер түріндегі ресурстар тізімі 
Көрініс 

Кесте 
Тізім түріндегі ресурстар тізімі 
Көрініс 

Тізім 
Беттердің эскизі түріндегі ресурстар тізімі 
 
Көрініс 

Беттердің эскизі 
Шығару/Қалып күй қатарын алып тастау 
Көрініс 

Қалып күй қатары 
Тізімнің мазмұнын жаңарту 
Көрініс 

Жаңарту

[F5] 
 
Бумалармен  және  файлдармен  орындалатын  операциялар. 
Бумалармен  жəне  Файлдардар  орындалатын  кез  келген  операциялар  үшін, 
керекті  логикалық  дискіні  таңдап  алу  керек  жəне  Іздеу  батырмасы  
көмегімен онда қажетті ақпаратты іздеу керек. Іздеу құралын жүктеу үшін, 
Бастау/Іздеу командасын қолдану керек. Егер, файл немесе бума атауының 
тек  бөлігі  белгілі  болса,  онда  осы  атаудың  бөлігі  бар  барлық  файлдарды 
іздеу   үшін   келесі   арнайы     «*»   белгіні     қолдануға   болады.  Мысалы, 
«*хатЛос»  сұрауы  бойынша  атауында  «хат»  сөзі  бар  барлық  мəтіндік 
файлдар  табылады  (Мысалы,  «Құттықтау  хатЛос»,  «Арнайы  хатЛос»  жəне 
т.б.). 
Іздеу нəтижесінде табылған файлдар мен бумаларды белгілеп, олармен 
операциялар  жүргізу  керек.  Операцияны  орындау  үшін  Файл,  Қарап шығу 
мəзіріндегі  командасы,  сонымен  қатар,  тышқанның  оң  батырмасымен 
ашылатын жанама мəзірдің командалары қолданылады. 
Көшіру  операциясы  жиі  қолданатын  операциялардың  біріне  жатады, 
сондықтан, обьектіні (файлдарды, бумаларды) көшіру əдісін қарастырамыз. 
Табылған  обьектілерді  Түзету/көшіру  (Түзету/Кесіп  алу)  командалары 
арқылы  алмасу  буферіне  салу  қажет.  Одан  соң  көшіруге  арналған  буманы 
ашып,  алмасу  буферінен  көшірме  жасалын  обьектілерді  Түзету/Қою 
командаларының көмегімен қоямыз. 
Бірден,  бірнеше  файлдар  мен  бумаларды  көшіруге  болады.  Қатарынан 
орналасқан  бірнеше  файлдар  мен  бумаларды  белгілеу  үшін,  бірінші 
обьектіні  таңдап  алып,  [Shift]  пернесін  басып,  оны  жібермей,  соңғы 
обьектіні  таңдаңыз.  Әр  жерде  орналасқан  файлдар  мен  бумаларды  таңдау 
үшін [Ctrl] басып, оны жібермей,  əрбір обьектіні кезегімен шертіңіз. 
Экранды  алмасу  буферіне  көшіру  [PrintScreen]  пернесін  басу  арқылы 
жүргізіледі. 
Алмасу буфері.  Алмасу буфері – көшіру немесе кесіп алу командалары 
орындалғаннан  кейін,  обьектілерді  уақытша  орналастыратын  белгілі 
физикалық  аймақ  немесе  «қалта».  Бұл  «қалтадан»  басқа  бумаға, 
бағдарламаға немесе құжатқа орналастырылуы мүмкін. Алмасу буферіндегі 
обьектіні шексіз рет қоюға болады. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау