68
7. Кіріктірілген құрылғылар дегеніміз не?
8. Компьютерге ақпаратты бастапқы енгізуге арналған құрылғыны
атаңыз.
9. Ақпаратты сақтау үшін қандай аппараттық құрылғылар
қолданылады?
10. Ақпаратты өңдеудің аппараттық құрылғыларын атаңыз. Оларға
принтер, сканер жəне дыбыс тақша жата ма?
11. Ақпаратты жіберудің тəсілдері мен құралдарын атаңыз.
12. Ақпаратты ұсынуға қандай құрылғылар қолданылады? Оларға
принтер, сканер жəне дыбыс тақшасы жата ма?
69
4
– т а р а у
Компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі
(SOFTWARE)
Компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етулуі оның ажырамас
бөлігі болып табылады, себебі, компьютер бағдарлама бойынша жəне
бағдарламамен жұмыс істейді.
Қазіргі компьютерлер бағдарламасыз болмайды. Бағдарламалық
қамтамасыз ету – компьютердің «жаны», онсыз компьютер электрондық
темірдің
үйіндісі
тəрізді.
Бағдарламалар
ғана
компьютердің
мүмкіндіктерін анықтайды – ол не істейді: күрделі кесте құруға жəне
есептеуге немесе компьютер желісі арқылы достарыңмен «сөйлесуге»
мүмкіндік береді.
Ресейде информатиканы оқытудың бастамашысы академик Андрей
Ершовтың пікірінше «бағдарламашы абстракциялық жəне логикалық
ойлау тұрғысында нөлдер мен бірліктерден керектің бəрін
құрастыратын, эдиссондық талантпен бірлескен жоғары класты
математикалық қабілетке ие болу керек. Ол бухгалтердің ұқыптылығын
барлаушының көрегендігімен, детективті романдар авторының
фантазиясын экономисттің ақылды тəжірибесімен үндестіруі тиіс».
Компьютерді құрастырудың негізгі принциптерінің бірі -
бағдарламалық басқару принципі, оны жүзеге асыру үшін операциялық
жүйелер құрылған. Компьютерге операциялық жүйелерден басқа, əр
түрлі категориялы бағдарламалар көптеп қоса орнатылады: Microsoft
Office типті интегралдық кеңселік пакет, кəсіптік бағытталған
бағдарламалар, CD-ROM – ғы мултимедиалық энциклопедиялар жиыны,
телекоммуникалық бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ), білім беру
бағдарламалары.
Қызықты мәлімет
Бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісінің көшбасшысы – əлемнің
ең бай адамы Уильям Генри (Билл) Гейтс құрған Microsoft фрмасы.
Билл Гейтс – біздің замандасымыз. Ол 1955 жылы 28 қазанда туған.
1975 жылы əкесінің жолымен құқықтанушы мамандығы бойынша
оқыған Гарвард университетін тастап, мектепте бірге оқыған жолдасы
Пол Алленмен Microsoft компаниясын құрды. Жаңа фирманың алдына
қойған алғашқы міндеті - Эдвард Робертстің алғашқы коммерциялық
«Альтаир» микрокомпьютерлерінде Бейсик тілін бейімдеу болды. 1997
жылы Билл Гейтс əлемдегі жұмыс істейтін ең бай адамдардың тізімінің
басында тұрды.
Қосымша
құрылғыны
мысалы,
сканерды
орнату
арнайы
бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды қажет етеді. Ал егер сіз
мысалы, бір тілден екінші тілге мəтін аударумен айналыссаңыз, онда
70
сізге арнайы OCR-жүйе аудармашы бағдарлама керек болады.
4.1.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің жіктелуі
Компьютердің барлық мүмкіндіктерін бағдарламалық қамтамасыз
ету жүзеге асырады. Онымен қоса, компьютер бағдарлама бойынша
жəне бағдарламалармен жұмыс істейді.
Бағдарламалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің өзінің
жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін жəне ұйымдастыру
міндеттерін шешетін бағдарламалардың жиынтығы. Оны белгілеу үшін
Software термині (дəл аударғанда «жұмсақ бұйымдар» дегенді білдіреді)
қолданылады. Бағдарламалық қамтамасыз етудің түрленуге, дамуға
жəне бейімделуге қабілетін көрсетеді.
Бағдарламалық құралдар болып компьютерлерде қолданылатын
барлық бағдарламалардың жиынтығы мен оларды құру жəне қолдану іс
– əрекетінің саласы түсіндіріледі.
Адамдардың көпшілігі компьютермен жұмыс жасай отырып
бағдарламалар құрастырмайды, дайын бағдарламаларды қолданады.
Нақты
ұйымның
міндеттерін
жүзеге
асыратын
қолданбалы
бағдарламалық қамтамасыз ету нарығы жеткілікті, кең жəне тиімді
жұмыс жасауға сəйкес бағдарламаларды таңдап алуға мүмкіндік береді.
Тек бірегей міндеттерді шешуде ғана өзіндік бағдарламалық қамтамасыз
ету құрастырылады.
Жалпы
жоспардың
өзінде
есептеуіш
техникаға арналған
бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелік (базалық) жəне қолданбалы
болып бөлінеді.
Дербес компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етілуінің қажетіне
қарай төмендегі топтарға ажыратуға болады:
•
жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету;
•
қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету;
•
бағдарламалау жүйелері (иснтрументалды құралдар)
Жүйелік
бағдарламалық
қамтамасыз
ету
бағдарламалары
компьютердің жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етеді.
4.2.
Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету
және бағдарламалау жүйелері
Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету. Жүйелік бағдарламалық
қамтамасыз ету – компьютердің қызметін қолдауға арналған жəне
оның құрылғыларын басқаратын бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Оның негізгі элементтеріне жататындар:
•
операциялық жүйелер;
•
диалогтік қабықшалар (файлдық менеджерлер);
•
драйверлер;
•
утилиттер (қызметтік бағдарламалар).
Операциялық жүйелер –қолданушының компьютермен диалогын
Достарыңызбен бөлісу: |