Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет26/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   116

74 
 
 
4 . 1 - с ур е т .  Дербес компьютердің жалпы бағыттығы 
бағдарламалары 
 
Баспа  жүйелері  жоғары  сапалы  күрделі  құжаттарды  құруға 
мүмкіндік  береді:  буклеттер,  газеттер,  журналдар,  кітаптар  (Page 
Maker,  QuarkXPress,  Ventura  Publisher).  Оларда  түптеу  үрдісі 
автоматтандырылған,  яғни,  суреттер  мен  фотолар  енгізілген  мəтінді 
əр бетке орналастыратын арнайы құралдары бар. 
Арнайы  мамандандырылған  редакторлар  үлкен  математикалық, 
химиялық  формулалар  (TEX)  немесе  арнайы  символдар  (мысалы, 
ноталық  жолдағы ноталық  белгілер)  кездесетін  құжаттармен  жұмыс 
істеуге мүмкіндік береді. 
Графикалық  редактор  –  бұл  графикалық  ақпаратпен  жұмыс 
істеуге арналған бағдарлама (Paint, Photoshop, CorelDRAW). Мұндай 
бағдарламалар  қолданушыға  суретшінің  іс  –  əрекетінің  модельдік 
ортасын  ұсынады.  Мамандық  бойынша  жалпы  жəне  арнайы 
бағыттағы графикалық редакторларды бөліп қарастырады. 
Жалпы    бағыттағы    графикалық    редакторлар    күрделі емес 


75 
 
суреттерді  құруға  жəне  редактрлеуге,  бейнелердің  фрагменттерін 
көшіруге жəне  орналастыруға, графикалық ақпаратты сақтауға жəне 
оқуға мүмкіндік береді. 
Арнайы  бағыттағы  графикалық  редакторлар    техникалық 
түрдегі  күрделі  обьектілерді  жобалауға,  əр  түрлі  үрдістерді 
модельдеуге, жарнамалық проспектілер құруға мүмкіндік береді. 
Музыкалық  редактор  –  бұл  дыбыстық  ақпаратты  құруға  жəне 
өңдеуге  арналған  бағдарлама  (Composer).  Ең    қарапайым  
редакторлар  бір  -  екі  музыкалық  құралдың  музыкалық  дыбысына 
еліктеуге  жəне  нота  бойынша  композициялар  құруға  мүмкіндік 
береді.  Күрделі  музыкалық  редакторлар  бір  мезгілде  он  шақты 
музыкалық  құралдардың  дыбысын  шығарады,  ал  музыка  əрбір 
құралға  жеке  арналып  жазылады,  соңында  бірегей  музыкалық 
шығармаға бірігеді. 
Кестелік  процессор  кесте  түрінде  ұсынылған  берілгендерді 
өңдеуге  арналған  бағдарлама.  Кестелік  процессормен  өңделетін 
кестелер  электрондық  кестелер  деп  аталады.  Көрнекі  түрде 
электрондық  кестелер  жолдар  мен  бағандардан,  олардың 
қиылысуынан  пайда  болған  –  ұяшықтардан  тұратын  тік  бұрышты 
кесте  түрінде  беріледі.  Әр  ұяшықтың  екі  координаттан  тұратын 
(бағанның  аты  жəне  жолдың  нөмірі)  өз  адресі  болады,  олардың 
қиылысында  ұяшық  орналасады.  Ұяшықтарда  бір  ұяшықтағы 
берілгендердің  басқа  ұяшықта  орналасқан  берілгендердің  мəніне 
тəуелділігін  көрсететін  сандар,  мəтіндер  немесе    формулалар 
орналаса алады. 
Кестелік  процессорлар,  əдетте,  күрделі  формулалармен  немесе 
бастапқы  берілгендердің  үлкен  көлеміне  байланысты  жұмыс 
жүргізілген  жағдайларда  қолданылады.  Кестелік  процессорды 
қолдана  отырып,  электрондық  кестелердің  ұяшықтарындағы 
ақпаратты  қарауға,  енгізуге  жəне  өзгертуге  болады;  бастапқы 
параметрлердің  мəнін  өзгерте  отырып,  олардағы  берілгендерді 
іздеуді  жəне  сұрыптауды  жүзеге  асыруға  болады;  есептеу 
параметрлерінің  өзгерісін  бақылауға  жəне  алынған  нəтижелерге 
сараптама жасауға болады. 
Мəліметтер  қоры  –  суреттеу,  сақтау  жəне  оларды  басқарудың 
жалпы  принциптері  қарастырылған  белгілі  ережелер  негізінде 
ұйымдастырылған 
берілгендердің 
жиынтығы. 
Берілгендерді 
ұйымдастыруға  байланысты  иерархиялық,  желілік  жəне  реляциялық 
мəліметтер  қоры  болып  бөлінеді.  Иерархиялық  мəліметтер  қорында 
обьектілердің  арасындағы  байланыс  үшін,  төменгі  деңгейдегі 
обьектілер  жоғары  деңгейдегі  обьектілерге  бағынатын,  ағаш 
түріндегі  құрылымдарды  қолданады.  Желілік  мəліметтер  қорында 
берілгендер  желілер  түрінде  көрсетіледі  жəне  обьектілер  бір  – 
бірімен  кез  келген  байланыс  санымен  байланысуы  мүмкін. 
Реляциялық   мəліметтер   қоры   ақпаратты   кесте   түрінде  берумен 


76 
 
сипатталады жəне кестедегі əрбір жазу тек бір нақты обьектіге 
жататын берілгендерден тұрады. 
МҚБЖ  –  бұл  мəліметтер  қорын  құруға  жəне  жүргізуге,  енгізуге, 
берілгендерді  редактрлеуге  жəне  өшіруге,  мəліметтер  қорынның 
қолданбалы  бағдарламалармен  өзара  əрекеттесуін  ұйымдастыруға, 
берілгендерді  басқаруды  қамтамасыз  етуге,  оларға  қол  жеткізуге, 
сұраныстар  мен  есептер  құруға  арналған  бағдарламалар  жəне  тіл 
құралдарының  кешені.  МҚБЖ  көмегімен  берілгендердің  физикалық 
жəне  логикалық  құрылымы  анықталады.  Суреттеудің  физикалық 
құрылымы  берілгендердің  физикалық  сақтау  тəсілін  бейнелейді; 
логикалық  құрылым  –  қолданушыға  қол  жетімді  жəне  олармен 
операциялар жүргізетін берілгендердің түрі. 
Анимациялық  графика  пакеттері  функционалдық  мүмкіндіктер 
бойынша  графикалық  редакторларды  еске  түсіреді,  бірақ,  олардан 
айырмашылығы  жұмыс  статикалық  емес  (3D-Studio,  Animator), 
басым  түрде,  анимациялық  графика  пакеттерінде  динамикалық 
графикалық  ақпаратпен  жүргізіледі.  Шартты  түрде,  анимациялық 
графика  пакеттерін  қарапайым  эффектілерді  жүзеге  асыратын 
күрделі  емес  динамикалық  обьектілерді  құруға  арналған  бастапқы 
деңгейдегі  пакеттерге  жəне  үлкен  анимациялық  мүмкіндіктерге  ие 
кəсіби деңгейдегі пакеттерге бөлуге болады. 
Коммуникациялық 
бағдарламалар 
– 
бұл 
компьютерлік 
желілермен  берілгендерді  жіберуге  арналған  бағдарламалар. 
Бағдарламалардың  бұл  түріне  браузерлердің  барлық  түрі, 
электрондық  поштамен  жұмыс  бағдарламалары,  FTP  қызметінің 
бағдарламалары, желідегі  қарым  –  қатынас  құралдары  жəне  желілік 
сауда  –  саттық  жатады.  Бұл  түрдің  бағдарламаларының  арасынан 
Outlook  Express,  Internet  Mail,  MS  Exchange  жəне  т.б.  бөліп 
қарастыруға болады. 
Кіріктірілген  пакет  –  кешенді  міндеттерді  шешуге  жəне 
қолданушыға 
пакеттегі 
барлық 
бағдарламалармен 
өзара 
əрекеттесетін,  сонымен  қатар,  бір  тəсілді  қолдайтын  өзара 
байланысқан  қолданбалы  бағдарламалардың  жиынтығы.  Әдетте, 
мұндай  пакеттерге  мəтіндік  редактор,  кестелік  процессор,  МҚБЖ, 
берілгендердің 
графикалық 
бейнелерінің 
пакеті 
жəне 
телекоммуникациялық 
бағдарламалар 
енеді. 
 
Кіріктірілген 
пакеттердің кең танымал түрлері MS Office, Works, Framework болып 
табылады. 
Кіріктірілген  пакеттердің  пайда  болуының  негізгі  себептері 
берілгендердің  түрлі  форматтарын  біріктіріп  қолдану  қажеттілігінен 
туындаған. Сондықтан, мұндай пакеттер бірыңғай кіріктірілген жүйе 
принципі  бойынша  құрастырылған.  Кіріктіру  тəсілдерінде  төрт 
механизмді бөліп көрсетіледі: 
•  алмасу  буферіне  алдағы  уақытта  басқа  бағдарламаға  жіберу 
үшін ақпарат енгізіледі. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау