Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет21/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   116

60 
 
бағдарламалық қамтамасыз етуді талап етеді. 
650 Мбайт ақпарат көлемін сақтауға мүмкіндік беретін CD-ROM- 
ның орнына сандық DVD бейне – дискілер технологиясы  қарқынды 
ене  бастады.  Бұл  дискілердің  өлшемі  кəдімгі  CD  дискілеріндей, 
бірақ,  4,7  Гбайт  жəне  одан  да  артық  ақпаратты  сиғызады.  Себебі, 
ақпарат дискінің екі жағына, бір жағына екі қабатқа жазылады. 
DVD  (Digital  Versatile  Disk  —  əмбебап  сандық  диск)  – 
компьютерлік компакт – дискілерді жəне VHS стандартты магниттік 
ленталарды алмастыратын  тұрмыстық  электроникада  қолданылатын 
жаңа  түрі.  DVD-диск  компьютерлік  компакт  –  дискілермен  (CD- 
ROM)  салыстырғанда,  үлкен  сиымдылыққа  ие,  сонымен  қатар, 
бейнесуреттер  мен  дыбыстың  сапалы  берілуін  қамтамасыз  етеді. 
Жүйеде  арнайы  декодер  MPEG  тақшасы  болған  жағдайда,  DVD- 
ROM  дискжетегін  компьютердің  экранында  DVD  –  Video  
дискілеріне  жазылған  кинофильмдерді  шығару  үшін  қолдануға 
болады.  Соынмен  қатар,  DVD-ROM  дискжетектері  кəдімгі 
компьютерлік жəне дыбыстық компакт - дискілерді оқуға қабілетті. 
Флеш  –  жады.  Ақпаратты  сақтау жəне  тасымалдаудың  тағы  бір 
ыңғайлы  құралы  USB-интерфейсімен  (USB-брелоктары)  флеш  – 
жады құрылғылары жəне USB – адаптерімен флеш – жады карталары 
болады, бірақ олардың құны біршама жоғары. 
Флеш  –  жады  немесе  флеш  –  драйв  USB  –  портына  жалғанған, 
темекі 
тұтатқыштың 
көлеміндей 
шағын 
мобильды 
жады 
жинақтауышы.  Бұл  порт  барлық  компьютерде  бола  бермейді,  тек 
қана  жаңа  модельдерде  орнатылған,  сондықтан,  флеш  –  драйвты 
сатып  алғанда,  сіздің  компьютеріңізде  USB-портының  бар  –  жоғын 
тексеріңіз.  Соымен  қатар,  массалық  жады    USB-құрылғысын 
Windows 98 жəне Windows NT операциялық жүйелері қолдамайды. 
Флеш  –  драйвтың  шағын  көлемділігі  жəне  эргономикалығынан 
басқа  артықшылықтары  көп:  оқу  үрдісінде  флеш  –  драйвтың 
өнімділігі  оқу  операциясы  кезінде  4...  8  Мбайт/с,  жазу  операциясы 
кезінде 2... 6 Мбайт/с, дискілік кеңістікте мегабайттың шартты құны 
1 Мбайт – қа 0,2.0,5 евроны құрайды. Сонымен қатар, олар дискеттер 
мен  CD  -  RW  –  ға  қарағанда,  қайта  жазудың  əлдеқайда  көп 
циклдарын қамтамасыз етеді. 
Флеш  –  жадыны  келешегі  бар  массалық  жадының  USB  – 
құрылғысы  деп  атауға  болады.  Олар  ақпаратты  мобильді 
тасымалдауыштардың арасында дискетамен бəсекелесе алады. 


61 
 
3.9. 
Компьютердің сыртқы құрылғылары 
 
Компьютердің  жоғарыда  аталған  міндетті  болып  саналатын 
компоненттерінен  басқа  компьютер  қосымша  құрылғылармен 
жабдықталуы  мүмкін.  Оларға  принтер,  дыбыс  асты  жүйесі,  сканер 
жəне модем жатады. 
Принтер  (басып  –  шығару  құрылғысы)  ақпаратты  қағаз  бетіне 
басып  шығаруға  арналған.  Әдетте,  принтерлер  тек  мəтіндік 
ақпаратты  емес,  сонымен  қатар,  суреттерді,  графиктерді  де  шығара 
алады. Кейбір принтерлер тек қана бір түсте басып шығарады (қара), 
басқалары түрлі – түсті бейнелерді де шығара алады. 
Матрицалық  принтерлер.  Матрицалық  принтерлер  (немесе 
нүктелі  -  матрицалық)  –  бұрын  кең  таралған  болатын.  Қазір  бұл 
принтерлерді  сиябүріккіш  жəне  лазерлік  принтерлер  ығыстыруда. 
Олардың  басып  –  шығару  сапасы  біршама  артық,  дыбысы  ақырын 
жəне  олар  түрлі  -  түсті  ақпаратты  басып  шығаруға  жақсы 
бейімделген.  Матрицалық  принтерлер  –  соққылау  əрекеттерінің 
принтері.  Матрицалық принтердің  басу  ұшы  бояйтын лента арқылы 
қағазға соққылайтын, кіші инелер матрицасынан (əдетте 9 немесе 24 
дана) құрылған. 
Қазіргі  кезде  матрицалық  принтерлер  негізінен  арнайы 
мақсаттарға 
ғана 
қолданылады. 
Матрицалық 
принтерлерде 
қолданылатын  қағаздың  сапасы,  принтерлердің  басқа  түрлерінде 
қолданылатын  қағаздың  сапасынан  əлдеқайда  төмен.  Матрицалық 
принтер  бір  уақытта  құжаттардың  бірнеше  көшірмелерін,  соның 
ішінде,  рулондық  қағаздарға  басуды  жүзеге  асыра  алады. 
Матрицалық принтерлер арзан болғандықтан жəне басылып шыққан 
беттің бағасының төмен болуынан əлі күнге дейін қолданылады. 
Сиябүріккіш  принтерлер.  Қазір  сиябүріккіш  принтерлер  кең 
таралған  принтер  түріне  жатады.  Сиябүріккіш  принтерлерде  бейне 
басатын  ұштардың  саңылаулары  арқылы  қағазға  түсірілетін  арнайы 
сиялардың 
ұсақ 
тамшыларынан 
қалыптасады. 
Матрицалық 
принтерлердегі  сияқты,  сиябүріккіш  принтердің  басатын  ұшы 
көлденең қозғалады, ал басып – шығарудың соңында бейненің əрбір 
көлденең жолы қағаз тік қозғалады. 
Сиябүріккіш 
принтерлердің 
матрицалық 
принтерлерден 
айырмашылығы  -  олардың  дыбысы  ақырындау,  басып  –  шығару 
сапасы  жақсы  жəне  ең  арзан  түрлі  -  түсті  басып  –  шығарудың 
қолайлы  сапасын  қамтамасыз  етеді.  Дегенмен,  сиябүріккіш 
принтерлерде басып – шығарылған бір бет мəтіндік ақпараттың құны 
матрицалық  принтерлерде  басылған  бір  беттің  құнынан  қымбат 
болады.  Сондықтан  басып  –  шығару  көлемі  аз  болғанда  оларды 
қолдану тиімді. 
Лазерлік принтерлер.  Лазерлік принтерлер басып – шығарудың 
ең   жоғары  сапасын  (типографиялыққа  жақын)   қамтамасыз  етеді. 


62 
 
Лазерлік  принтерлерде  ксерография  принципі  қолданылады:  бейне 
бояудың  (тонердің)  бөлшектері  электрлі  тартылатын,  арнайы 
барабаннан  қағазға  ауыстырылады.  Арнайы  көшірме  аппаратынан 
айырмашылығы  компьютерден  түскен  командалар  арқылы  лазердің 
көмегімен басу барабаны электрленеді. Лазерлік принтерлер басып – 
шығарудың  ең  жоғары  жылдамдығын  (барлық  принтерлердің 
арасында)  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  олардың  жұмысына 
арнайы қағаз қажет емес. 
Үлкен көлемге басып – шығаруда лазерлік принтерлерді қолдану 
тиімді. 
Дыбыс  асты  жүйесі.  Соңғы  кездері  əрбір  компьютер  аудио  асты 
жүйесімен  жабдықталады.  Бейне  асты  жүйе  тəрізді  дыбыс  асты 
жүйесі екі бөліктен тұрады: ішкі (дыбыстық тақша (дыбыстық карта, 
аудиотақшалар)  немесе  аналық  тақшадағы  дыбыстық  чип)  жəне 
сыртқы (компьютердің дыбыстық колонкаларының жиынтығы) 
Дыбыстық карта – бұл дыбысты жазуға жəне шығаруға мүмкіндік 
беретін, 
сонымен 
қатар, 
микрофонның, 
құлақаспаптың, 
динамиктердің, 
орнатылған 
синтезатордың 
жəне 
басқа 
жабдықтардың  көмегімен  бағдарламалық  құралдар  қолдану  арқылы 
дыбыстық файлдар құратын  арнайы электрондық тақша. 
Дыбыстық  картада  екі  ақпарат  түрлендіргіші  бар:  аналогтық  – 
сандық жəне сандық – аналогтық. Аналогтық – сандық түрлендіргіш 
үздіксіз  дыбыстық  сигналдарды  сандық  екілік  кодқа  ауыстырады 
жəне оны магниттік тасымалдауышқа жазады, ал сандық – аналогтық 
түрлендіргіш  сандық  түрде  сақталған  дыбысты  аналогтік  сигналға 
кері түрлендіруді атқарады. Аналогтік сигнал бұдан соң акустикалық 
жүйенің,  дыбыс  синтезаторының  жəне  құлақаспаптарының  күшімен 
қайта шығарылады. 
Кəсіптік  дыбыс  тақшаларың  өздерінің  тұрақты  есте  сақтау 
құрылғысы  (ТЕСҚ)  бар,  оларда  түрлі  музыкалық  құралдармен 
дыбысталудың  жүздеген  тембрлері  сақталған,  дыбысты  күрделі 
өңдеуге  мүмкіндік  береді  жəне  стерео  дыбысталуды  қамтамасыз 
етеді.  Әдетте,  дыбыстық  файлдар  үлкен  көлемді  болады  (мысалы 
стереодыбысталумен  2  минуттық  дыбыстық  файл  20  Мбайт  жады 
көлемін  құрайды).  Сондықтан,  Sound  Blaster  дыбыстық  тақшалары 
өзінің  негізгі  қызметінен  бөлек,  файлдардың  автоматтық  сығылуын 
қамтамасыз етеді. 
Қазіргі  компьютерлердің  аудио  асты  жүйелерінің  сапасы  мен 
бағасы 
жағынан 
ерекшелігі, 
олардың 
жіктелуін 
біршама  
қиындатады.  Олардың  ең  қарапайымы  компьютер  құнын  1...2%-ға 
жоғарылатады.  Сонымен  қатар,  жоғары  сапалы  дыбыстық  тақша 
құны  қалған  бүкіл  компьютердің  құнындай  болуы  мүмкін. 
Сондықтан,  оны  дыбыс  өңдейтін  арнайы    станцияға    айналдыра 
алады. 
Әдетте, 
компьютерлік 
емес 
аудиотехника 
компьютерге 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау