Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет59/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116

172 
 
əрбір файл атрибуттардың жиынтығымен сипатталған болу керек, 
сонымен қоса, атрибуттарға желідегі компьютердің нөмірі де кіреді. 
DNS, URL. Қолданушы үшін əрдайым нүктелермен бөлінген төрт 
саннан  құрылған,  түсініксіз  кодты  көрсету  ауыр  болар  еді.  
Сондықтан  ыңғайлы  болу  үшін  DNS  (Domain  Name  Service)  - 
домендік  аттардың  қызметі  құрылды.  Бұл  жағдайда,  IP-адрес  URL 
(Universal  Resource  Locator)  –  ресурстардың  əмбебап  локаторы  деп 
аталатын  символдық  эквивалентпен  ауыстырылды.  Барлық  URL 
стандартты форматқа ие: <қолжеткізу сызбасы><жалпы ақпаратх 
Аттардың  құрамды  бөліктері  нүктелермен    ажыратылады 
(мысалы, name.ru) жəне ең бастысы түбірлік домен - бірінші деңгейлі 
домен  болады,  одан  кейін  екінші,  үшінші  жəне  кейінгі  деңгейлер 
келеді. 
Осылайша,  Ресей  үшін  бірінші  деңгейлі  домен  ru, ал  АҚШ  үшін 
us  атына  ие.  Сонымен  қатар,  бірінші  деңгейлі  домендердің  бірнеше 
аттары  əр  түрлі  типтегі  ұйымдар  үшін  бекітілген  (мысалы,  сот  — 
коммерциялық ұйымдар) 
HTTP  және  FTP.  Көптеген  қолданушылар  үшін  ең  үйреншікті 
түрдегі  қолжеткізу  сызбасында  хаттама  туралы  ақпарат  бар.  Оның 
көмегімен  Web-браузер  –  клиенттік  бағдарламасы,  берілгендерді 
сервермен  алмасады.  бəріне  таныс  HTTP  символдары  гипермəтінді 
жіберу  хаттамасын  (HyperText  Transfer  Protocol)  білдіреді.  Тағы  да 
жиі қолданылатын хаттамалардың бірі - FTP (File Transfer Protocol). 
Ол клиент пен сервердің арасында файлдармен алмасу  үшін қызмет 
етеді. 
HTTP жəне FTP хаттамаларының арасында қандай айырмашылық 
бар?  Желілік  байланыс  каналдары  арқылы  жіберілген  жеке  биттер 
байттарға  жинақталады.  Бірақ,  бұл  қандай  байттар,  оларды  қалай 
түсіндіруге болады? Бұл жауапқа хаттама «жауап береді». Хаттама – 
алынған берілгендерді түсіндіретін ережелер жиынтығы 
HTTP  хаттамасы  бойынша  жұмыс  барысында,  Браузер  түскен 
байттар  -  HTML  –  тілінде  сипатталған  құжат  екенін  жəне  оны  
көрсету  қажетін  «түсінеді».  FTP  хаттамасы  берілсе,  барузердің 
қабылдаған  берілгендері  түсіндірілмейді,  оларды  тек  файл  түрінде 
көрсетілген орында сақтайды. 
IP  жəне  URL  арасындағы  тура  байланыс,  əр    «таза»    URL    –ге 
(яғни  www.name.ru  түріндегі  адрес  бойынша)  IP  –  сервері  сəйкес 
келетін, кəдімгі кестелер түрінде берілетін DNS мəліметтер қорында 
орнатылады. Сервердің IP адрестерінде осы URL арқылы жүктелетін 
Web-ресурс  сақталады.  Егер  Web-бет  басқа  серверге  ауыстырылса, 
онда  қорда  IP-адресті  өзгерту  жеткілікті.  DNS  қызметі  аймақтық 
мəліметтер  қорларының  өзектілігіне  жауап  береді,  яғни,  жаңадан 
құрылған  жəне  тіркелген  URL  белгілі  уақыттан  кейін  дүние  жүзі 
бойынша DNS мəліметтер қорында пайда болу керек. 
HTML  тілі.  HTML (HyperText  Markup  Language) –гипермəтінді 


173 
 
белгілеу  тілі.  Ол  арнайы  белгілер  (тегтер)  көмегімен  құжаттың 
құрылымын  қалыптастыруға  жəне  бұл  құрылымның  түрлі 
элементтері арасындағы қатынастарды айқындауға мүмкіндік береді. 
HTML  тілі  мəтіндік  ақпарттарды  сипаттау  міндетін  жəне  оның 
экранда бейнеленуін сəтті атқарып келеді. 
Бұл  WWW  –  да  ақпаратты  ұсыну  үшін,  қолданылатын 
гипермедиялық  құжаттардың форматы.  Бұл  формат  құжаттың  қалай 
көрсетілу  керектігін  сипаттамайды,  ол  құжаттың  құрылымы  мен 
байланысын сипаттайды. 
WWW  –  да  гипермəтін  бір  –  бірімен  байланысқан  жеке  html- 
құжаттарынан  тұрады.  Бұл  кəдімгі  HTM  немесе  HTML  кеңейткіші 
бар  мəтіндік  файлдар  (ASCII-  файлы).  HTML  тілін  Web-түйін 
құрылымын сипаттауға қолдану мүмкін емес. 
HTML  -  құжатында  барлығы  өте  қарапайым.  Гипермəтінді 
белгілеу  үшін,  тег  деп  аталатын  арнайы  конструкциялар 
қолданылады.  Тег  —  бұл  келесі  мəтінді  қалай  түсіндіру  керек  жəне 
оны  экранға  қай  түрде  шығару  керектігін,  Web-браузер  үшін 
көрсеткіш  болатын,  бұрыштық  жақшалармен  жиектелген  HTML 
тілінің  қызметтік  сөзі.  Сонымен  қатар,  кейбір  тегтер  ішкі  мақсат  
үшін  қолданылады  да,  құжаттың  өзінің  құрылымын  сипаттайды. 
Internet  Explorer  браузеріне  жүктелген  html-құжатын  қарау  үшін, 
тышқанның  оң  батырмасымен  құжаттың  кез  келген  жеріне  шерту 
жəне жанама мəзірден «HTML-кодын қарап шығу» опциясын таңдау 
жеткілікті. 
XML  тілі.  HTML  тілінен  өскен,  XML  тілі  барлық  дербес 
компьютерлер жəне компьютерлермен  өзара əрекеттесетін басқа кез 
келген құрылғылар үшін жалпы тіл болуға уəде етеді. 
XML  (extensible  Markup  Language)  өзінің  ресми  пайда  болуын 
1998  жылдың  ақпан  айынан  бастады.  HTML  тілі  негізге  алынды. 
HTML  тілінен  айырмашылығы  XML  жеке  өзінің  белгілеу  үшін 
қолданылатын  ешқандай  тегтері  жоқ,  ол  тек  олардың  құрылу  ретін 
анықтайды. 
Әр  түрлі  құрылғылар  үшін,  жалпы  тіл  ретінде  XML  жақын 
уақытта  станоктар  мен  кеңселерді  бір  жергілікті  желіге  біріктіруге 
қабілетті  болады.  Бұл  іс  –  əрекеттерді  үйлестіре  жүргізуге,  өндіріс 
үрдістерін  ретке  келтіруге  жəне  сəйкесінше,  өнімділікті  арттыруға, 
тауарлар  мен  қызметтер  құнын  төмендетуге  əсерін  тигізеді.  желіге 
XML  тілінің  əсері  бастапқыда,  іздеу  серверлерінің  жұмысын 
жылдамдатуынан жəне іздеудің ең жақсы сапасынан байқалады. 
JavaScript  (JS)  тілі.  HTML  стандартты  тілі  бетте  мəтінді 
мейлінше орынды орналастыруға, көп бағанды газет беттеріне ұқсас 
блоктар  құруға  мүмкіндік  береді.  HTML  тілінің  көмегімен  шрифтің 
түсі  мен  өлшемін,  сонымен  қатар,  оның  гарнитурасын  жасауға 
болады.  Алайда,  интерфейске  қазіргі  заманғы  қойылатын  талаптар 
қолданушының əрекетіне, құжат қандай да бір түрде қосымша жауап 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау