174
беруді талап етеді (мысалы, тышқан көрсеткісі жылжығанда, үстімен
көрсеткі өтіп жатқан элементтер өзінің түрін өзгертуге мүмкіндігінің
болуы). Нəтижесінде, HTML тілінің стандартына, HTML 3.0
нұсқасынан бастап, JavaScript (JS) тілінің қолдауы енгізілді.
JavaScript тілі серверден оның қайта жүктелуінсіз html-құжатына
визуалды өзгерістерді енгізу мүмкіндігі үшін қолданылады, яғни,
тікелей браузерде. Бұл тілдің функцияларын html-құжатының
мəтініне тікелей енгізуге болады. Алайда, бір функцияларды кейде
бір Web-түйінінің барлық құжаттарында (немесе көпшілігінде)
қолдану керек. Бұл жағдайда JavaScript функциясының мəтіні html –
құжатына арнайы тегпен «тіркелетін», JS кеңейткіші бар бөлек
мəтіндік файлға орналастырылады,
9.2.2.
Интернет қалай жұмыс істейді
Біз бəріміз де Интернетті қолданамыз, біздің көбіміз үшін ол
өміріміздің бір бөлігіне айналды, ал оның құрылысы туралы не
білеміз?
Өз компьютерінде отырып байланыс орнатылған кездегі
модемнің «гуілдеген əнін» тыңдап отырған соңғы қолданушыдан
бастаған дұрыс. Міне, ол Интернеттің миллиондаған нүктелерінің
арасындағы ең соңғы нүктесі, ал бірінші нүкте жоқ.
Интернет жұмысын сипаттау үшін, үрдістің қатысушыларын
анықтайық:
• қолданушының компьютері жəне модемі;
• қолданушының жергілікті желісі;
• провайдердің модемдері;
• маршрутизатор;
• пройвадер серверінің жеке желісі ;
• провайдер сервері;
• жергілікті желі жəне провайдердің арасындағы трафикпен
алмасуға арналған концентратор.
Қолданушы провайдермен байланысу үшін Байланысты орнату
батырмасын басқаннан соң, не болады?
Нөмірін тергеннен кейін қолданушының модемі провайдердің
модемімен байланысады. Осы кезден бастап, провайдер жағынан
қарай отырып, қалай болып жатқанын айтуға ыңғайлы.
Маршрутизаторға модемдік пул (бірнеше модем санының
жиынтығы), маршрутизатор оларды автожауапқа бағыттайды.
Қоңырау түскеннен кейін жəне екі модемнің де баптаулары сəтті
өткен соң, олар алмасудың жылдамдығы мен хаттамасы туралы
«келісілген» соң, екі модем олардың арасындағы сымдармен бірге
тек маршрутизатор – сіздің компьютеріңіз байланысы үшін
транспорт түріне айналады. Байланыс орнатылған соң, модемдер
туралы еске алмауға да болады.
175
Енді маршрутизатор қолданушының операциялық жүйесімен
келісімге келу керек. Себебі, ол сізде қандай ОЖ орнатылғанын жəне
сіздің қосылудың авторизациясын əлі білмейді. Бұл үшін бірнеше
арнайы хаттамалар бар. Windows CHAP хаттамасын қолданады.
Маршрутизатор бұны орындағаннан кейін, ол сіздің атыңыз
жазылған пакетті жəне парольды авторизациялайтын серверге
жібереді. Авторизациялау сəтті өткен соң, маршрутизатор сіздің
компьютеріңізбен хаттама туралы «келісімге келу» керек, оның
көмегімен болашақта сіздің жүйе Интернетпен қарым – қатынас
жасайды. Егер авторизация өтпесе, қосылу провайдер жағынан
жабылады. Нақты Windows ОЖ үшін бұл хаттама PPP (point-to-point
protocol) деп аталады жəне мұны баптауларда көруге болады.
Серверден оң жауап алынған соң, маршрутизатор сізге кезекті
қазіргі уақытта бос сандардан IP-адрес (сіздің провайдеріңіздің
диапазонына белгіленген, тағайындалған сандардан берілуі тиіс)
тағайындауы тиіс. Желі бұл компьютерге арналған ақпаратты қайда
жіберуді білуі үшін, əр компьютердің желіде өзінің адресі болуы
керек.
Мысалы, маршрутизаторға 16 телефондық байланыс сымдары
жалғанған. Маршрутизатордың ішінде адрестердің диапазондары
жазылады, олардың ішінен ол таңдап ала алады. Мысалы,
175.149.70.10 - ден 175.149.70.25 – ке дейін 16 адрес. Міне осы
рангта сізге адрес тағайындалатын болады.
Копротивті желілермен іс біршама оңай – олар тікелей немесе
концентратор арқылы маршрутизаторға қосылған жəне олардың
желілерінің адресі алдын ала жазылған.
Маршрутизатор тікелей маршрутизациямен айналысудан басқа,
жұмыстың едəуір көп бөлігін өзіне алады. Шын мəніне келгенде, бұл
- бөлек компьютер. Онда, тіпті, өзінің IP-адресі де бар. Оған сервер
сияқты кіруге де болады, тіпті, қажетіне қарай оны бағдарламалауға
да болады.
Провайдерде де қолданушылар қоры болатын поштаны, ftp, http-
ді жəне т.б. өңдеумен айналысатын сервер бар. Тек Интернетке
қосылу қызметін көрсетуге арналған провайдерге авторизациямен
айналысатын
бір
компьютер
ғана
жеткілікті.
Қалғанын
маршрутизатор орындайды.
Сонымен, байланыс орнатылды, браузер жүктеліп, желілік
адресті енгізуді күтеді.
Жоғарыда көрсетілгендей, браузер – WWW-дың клиент –
бағдарламасы, Web-беттерді қарап шығу бағдарламасы. Әдетте,
Netscape жəне Microsoft фирмаларының браузерлері қолданылады.
Мысалы, сіз браузерде URL жолында (мұнда http:// қоспай теруге
болады, ол өзі браузермен қосылады) www.zzz.ru тересіз.
(www.zzz.ru) əрі қарай жұмыс істеу үшін, браузерге қалыпты IP-
адресті қайтаруға тиісті толық аты DNS (Domain Name Service)
176
сұраныс пакетіне кетеді.
«DNS» жəне «IP-адрес» терминдері нені білдіреді? Интернетте
адрестерді (мысалы,
www.zzz.ru
) белгілейтін үйреншікті аттар, іс
жүзінде оларды есте сақтау ыңғайлы болу үшін, тек адамға ғана
арналған. Компьютер нүктелермен бөлінген сандардың төрт тобы
түріндегі сандық адрестермен жұмыс істейді. Мысалы, 175.149.70.17
- IP-адрестің бір көрсетілімі. Негізі браузер жолында ресурс атын
осылай да теруге болады, бірақ бұл ыңғайсыз. Ендеше, бізге
үйреншікті аттарды сандық көрсетіліммен салыстыратын жүйе болу
керек.
Міне осымен DNS (Domain Name Service) қызметі айналысады.
cooler.zzz.ru ^ 195.278.40.168 типті түрлендіру тура түрлендіру деп
аталады, ал 195.278.40.168 ^ cooler.zzz.ru кері түрлендіру деп
аталады, яғни, түрлендіру сервисінің екі типі бар.
Қолданушының сұраныстарын түрлендіретін əр провайдердің өз
DNS-і болуы керек. Алайда, Интернеттегі барлық аттарды, əрине, ол
біле алмайды.
Іс жүзінде, DNS – таратылған мəліметтер қоры. Қандай да бір
адресті білмеген жағдайда, DNS-провайдер оны басқа DNS-
серверлерден бөлшектеп сұрай бастайды. Басты DNS-серверден
(немесе түбірлік, root) дəлірек айтқанда, бірнеше басты DNS-
серверден бастайды, себебі, root-сервер жалғыз емес.
Адрестің өзі біз көріп үйренгендей емес. Мысалы, www.zzz.ru іс
жүзінде www.zzz.ru. ретінде –көрінеді, соңында нүктесі болады.
Нүкте «түбірді» көрсетеді, яғни, DNS басты доменнен «сұрайды»:
«Кім бізде ru аймағына жауапты?». Оған «мынадай жəне мынадай
DNS» деп жауап береді. Енді ол бұл DNS-тардан сұрайды: «Кім zzz
аймағына жауап береді?». Ол қажетті IP алғанша «Сондай» деп
жауап береді жəне т.с.с.
DNS қажетті IP – адресті тауып алғаннан кейін, браузер нағыз
(сандық) IP-адресі бар пакет алады. Енді ол нақты IP-арқылы
ресурсқа сұраныс жасайды жəне өзінің сұраныстарына 80 портын
қойып отырады. Неге порт қою керек жəне неліктен 80 портын? Бұл
ресурстардың типін ажырату үшін жасалынады. Себебі, FTP-сервер
сол WWW орналасқан сол IP- адресте орналасуы да мүмкін.
Стандарт бойынша http хаттамасына 80 порты сəйкес келеді жəне
үнсіз келісім бойынша браузер www – мен жұмыс істейді, яғни 80-ші
портпен. Өйткені, мысалы, www.microsoft.com енгізгенде, сіз FTP –
ға емес, WWW-ге түсесіз. Сонымен қатар, браузер портты URL –
дың
бірінші
сөзі
арқылы
анықтауға
тырысады.
Егер,
www.microsoft.com деп жазылылса, онда 80-ші портты қою керек, ал
егер, ftp.microsoft.com онда FTP жұмыс жасайтын 21-ші порт. Сіз
өзіңіз бұл портты жазбаңыз, ол да басқалар сияқты автоматты түрде
қойылады.
Сонымен, сіздің браузеріңіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |