Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет55/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116

161 
 
каталогтарды қорғауды басқару үшін арнайы оңтайландырылған.  
Сервер негізіндегі желілер өндірістік стандартқа айналды. 
Серверлер 
орындайтын 
міндеттердің 
аясы 
өте 
кең. 
Қолданушылардың  өскелең  қажеттіліктеріне  бейімделу  үшін,  үлкен 
желілерде  арнайы  серверлер  ұйымдастырылды.  Мысалы,  Windows  NT 
желілерінде серверлердің əр түрлі типі бар. 
Файл  –  серверлер  мен  принт  –  серверлер.  Олар  тиісінше  файлдар  
мен  принтерлерге  қолданушылардың  қолжетімділігін  басқарады. 
Мысалы,  мəтіндік  процессормен  жұмыс  істеу  үшін,  əуелі  оны  өз 
компьютеріңізде жүктеуге тиістісіз. Файл - серверде сақталған мəтіндік 
процессордың  құжаты  сіздің  компьютеріңіздің  жадысына  жүктеледі, 
осылайша,  сіз  бұл  құжатпен  өз  компьютеріңізде  жұмыс  істей  аласыз. 
Басқаша  айтқанда,  файл  –  сервер  файл  мен  берілгендерді  сақтауға 
арналған. 
Қосымшалар сервері. Қосымшалар серверлерінде клиент – серверлік 
қосымшалардың  қолданбалы  бөліктері  орындалады,  сонымен  қатар, 
клиентке  қолжетімді  берілгендер  орналасады.  Мысалы,  берілгендерді 
шығаруды жеңілдету үшінсерверлер құрылымдық түрде үлкен көлемді 
ақпарат сақтайды. Бұл серверлердің файл – жəне принт – серверлерден 
айырмашылығы  бар.  Соңғыларында  файлдар  немесе  берілгендер 
сұраныс  жасаған  компьютерге  толығымен  көшіріледі.  Ал  қосымшалар 
серверінде  сұраныс  жасаған  компьютерге  тек  қана  сұраныстың 
нəтижелері жіберіледі. 
Клиент  –  қосымшасы  алыстағы  компьютерде  қосымшаның 
серверінде  сақталған  берілгендерге  рұқсат  алады.  Алайда,  барлық 
мəліметтер қорының орнына сіздің компьютеріңізге  серверден тек қана 
сұраныстың  нəтижелері  жүктеледі.  Мысалы,  сіз  қараша  айында  туған 
қызметкерлердің тізімін алуыңыз мүмкін. 
Пошталық  серверлер.  Бұл  серверлер  желі  қолданушылары  
арасында электронды хабарламаларды жіберуді басқарады 
Факс  –  серверлер.  Факс  –  сервер  бір  немесе  бірнеше  факс  –  
модемдер 
арқылы 
кіретін 
жəне 
шығатын 
 
факсимильды 
хабарламалардың ағымын басқарады. 
Коммуникациялық  серверлер.  Мұндай  серверлер  осы  желінің 
арасында  жəне  басқа  желілер  арасындағы  берілгендердің  ағымын  жəне 
пошталық  хабарламаларды,  сонымен  қатар,  модем  немесе  телефон 
желісі арқылы мэйнфреймдерді немесе қашықтықтағы қолданушыларды 
басқарады. 
Бір  рангты  желілердің  жəне  сервер  негізіндегі  желілердің  ең  үздік 
жақтарын  жинақтаған  аралас  типті  желілер  де  болады.  Аралас  желілер 
желілердің ең көп тараған түрі, бірақ, оларды дұрыс жүзеге асыру үшін 
жəне  сенімді  қорғау  үшін  жоспарлаудың  белгілі  білімі  мен  дағдылары 
қажет. 


162 
 
9.1.3. 
Желілер топологиясы 
 
«Желілер  топологиясы»  термині  компьютерлердің,  кабельдердің 
жəне  желінің  басқа  да  компоненттерінің  физикалық  орналасуын 
сипаттайды.  «Топология»  -  бұл  желінің  негізгі    жабдықтарын  
сипаттауда кəсіби мамандар қолданатын стандартты термин. 
Желілер 
топлологиясы 
оның 
сипаттамаларына 
қатысты. 
Топологияның типін таңдау қажетті желілік құрылғылардың құрамына, 
желілік 
құрылғылардың 
сипаттамасына, 
желілерді 
кеңейту 
мүмкіндіктеріне, желілерді басқару тəсіліне əсер етеді. 
Базалық  топологиялар.  Барлық  желілер  үш  базалық  топологиялар 
негізінде құрылады: «шина» (bus), «жұлдыз» (star) жəне «сақина» (ring). 
Егер,  компьютерлер  бір  кабель  бойымен  қосылса,  онда топология 
«шина» деп аталады. Егер, компьютерлер бір нүктеден тарайтын 
(концентратордан) кабельдің сегменттеріне қосылса, онда ол  топология 
«жұлдыз» деп аталады. Егер, компьютерлер қосылған кабель сақина 
түрінде бітелген болса, онда топология «сақина» деп аталады. 
«Шина»  топологиясын  көбінесе  сызықтық  шина  деп  атайды  (linear 
bus).  Бұл  топология  неғұрлым  қарапайым  жəне  кең  таралған.  Онда 
магистраль немесе сегмент деп аталатын бір кабель қолданылады. Оның 
бойымен желі ішіндегі барлық компьютерлер  қосылған (9.1 -сурет). 
«Шина»  тəріздес  топология  желісінде,  компьютерлер  берілгендерді 
нақты  компьютерге  адрестейді.  Электр  сигналдары    түріндегі 
берілгендер желідегі барлық компьютерлерге беріледі, алайды, тек қана 
бұл  сигналдарда  қабылдаушының  адресі  шифрланған  адреске  сəйкес 
келетін  компьютер  ғана  ақпаратты  қабылдайды.  Уақыттың  əр  сəтінде  
тек бір компьютер ғана жіберуді жүргізе алады. 
Бұл  желі  топологиясының  өнімділігі  «шинаға»  қосылған 
компьютерлердің  санына  байланысты:  берілгендерді  жіберуді  күтетін 
компьютерлер неғұрлым көп болса, желі соғұрлым баяу жұмыс істейді. 
Электр  сигналдарының шағылысуын  болдырмау  үшін,  əр  кабельдің 
ұшында  бұл  сигналдарды  жұтып  қоятын  терминаторлар  (terminators) 
орнатылады. 
 
9.1. - сурет «Шина» топологиясы 
 
 


163 
 
 
 
9.2. – сурет. «Жұлдыз» топологиясы 
 
Желілік кабельдің үзілуі, оның физикалық үзілуінен немесе оның 
бір  ұшының  ажырап  қалуынан  болады.  Бірақ,  желідегі 
компьютерлердің  əрқайсысы  толық  жұмысқа  қабілетті  болады, 
алайда  сегмент  үзілген  уақытта  олар  бір  –  бірімен  əрекеттесе 
алмайды. 
«Жұлдыз»  топологиясында  барлық  компьютерлер  кабель 
сегментінің  көмегімен  концентратор  (hub)  деп  аталатын  орталық 
компонентке  қосылады.  Жіберетін  компьютерден  концентратор 
арқылы барлық басқа компьютерлерге сигналдар түседі (9.2 - сурет). 
«Жұлдыз» топологиясының желілерінде кабельді  қосу жəне желі 
конфигурацияларын 
басқару 
орталықтандырылған. 
Барлық 
компьютерлер 
орталық 
нүктеге 
қосылғандықтан, 
кабель  
шығынының  біршама  көбеюі  желінің  кемшілігі  болып  табылады. 
Егер,  орталық  компонент  қатардан  шықса,  онда  барлық  желінің 
жұмысы  бұзылады.  Ал  егер,  тек  бір  ғана  компьютер  немесе  оны 
концентратормен байланыстыратын кабель қатардан шықса, онда тек 
осы  компьютер  ғана  берілгендерді  желі  бойынша  жібере  алмайды 
немесе  қабылдай алмайды.  Бұл  желідегі  басқа  компьютерлерге  əсер 
етпейді. 
«Сақина» топологиясында компьютерлер сақина болып бітелген 
кабельге қосылады. Сондықтан, кабельде терминаторды қосатын бос 
ұшы бола алмайды (9.3 – сурет). 
Сигналдар  сақина  бойымен  бір  бағытта  беріледі  жəне  əрбір 
компьютер  арқылы  өтеді.  «Шина»  пассивті  топологиясынан 
айырмашылығы,  мұнда  əрбір  компьютер  сигналдарды    күшейте 
отыра жəне келесі компьютерге жібере отыра қайталаушы (репитер) 
рөлінде болады. Сондықтан, бір компьютер қатардан шықса, барлық 
желі өз қызметін тоқтатады. 
Сақиналық  желінің  берілгендерді  жіберу  принциптерінің  бірі  - 
маркерді жіберу деп аталады. Ол төмендегідей түсіндіріледі: маркер 
рет  -  ретімен  бір  компьютерден  келесіге  берілгендерді  жібергісі 
келетін компьютер алғанға дейін жіберіле береді. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау