Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет31/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116

89 
 
 
5.4.- сурет Бағдарламаларды орнату жəне өшіру 
 
Параметрдің 
мəнін   беруге    болады.    Сонымен   қатар,   бұл   терезеде 
мəтіндік курсордың жыпылықтау жиілігін де өзгертуге болады. 
Бағдарламаларды орнату және өшіру утилитасы. 
Басқару  панелінің  Бағдарламаларды  орнату  және  өшіру 
утилитасы(бастау/Басқару  панелі/Бағдарламаларды  орнату  және 
өшіру)  көмегімен  жаңа  бағдарлама  орнатуға  немесе  керек  емес 
бағдарламаны өшіруге болады (5.4 - сурет). 
 
 
5.5. Сур. Күн мен уақытты орнату 
 
 


90 
 
Күн мен уақытты орнату утилитасы
 
Басқару 
панелінің 
Күні/Уақыт 
белгісінде 
тышқанның 
батырмасын екі рет шертумен күн мен уақыт параметрлерін орнатуға 
арналған  терезе  ашылады  (5.5  -  сурет).  Мұны  тапсырмалар 
панеліндегі уақыт индикаторының белгісіне екі рет шерту арқылы да 
жүзеге  асыруға  болады.  Компьютердің  жүйелік  сағатында 
орнатылған күні мен уақыты құжатпен жұмыс аяқталғанда тіркеледі 
жəне  файлдың  соңғы  нұсқасын  табуға  көсектеседі.  Осы  терезеде 
Windows  –  тың  керекті  компоненттерін  орнатуға  болады,  мысалы6 
факс қызметтерін. 
 
5.4. 
Windows  операциялық  жүйесінде  терезелермен 
орындалатын операциялар 
Windows  –  тың  графикалық  интерфейсі  «терезе»  ұғымына 
негізіделеді, сондықтан, оны терезелік интерфейс деп атайды. 
Терезелерде  (жұмыс  үстелінің  рамкаларында)  файл  мен 
бағдарламалардың  ішкі  мазмұны  көрсетіледі.  Жұмыс  үстелінде  бір 
уақытта  бірнеше  ашық  терезелер  орналасуы  мүмкін.  Қолданушы 
жұмыс  істеп  отырған  ашық  терезе  белсенді  деп  аталады.  Белсенді 
терезе  басқа  ашық  терезелердің  үстінде  алдыңғы    орында 
орналасады. Кез келген команда белсенді терезеге қатысты. 
Қосымшалар  терезесі.  Орындау  үшін  ашылған  кез  келген 
бағдарлама  болса,  онда  ол  қосымша  терезе  деп  аталады. 
Қосымшаның терезесін жабу, бағдарламаны жабумен бірдей. 
5.6 - суретте  мəтіндік редактор терезесінің мысалы келтірілген. 
 
5.6. - сурет Мəтіндік редактордың терезесі 
 
 


91 
 
Қосымша терезесінің негізгі элементтері: 
• 
терезе  шекаралары  –  терезені  шектейтін  рамка  (терезе  өлшемдерін 
өзгертуге болады); 
• 
атауы  –  терезенің  атын  көрсететін,  терезенің  жоғарғы  жағындағы 
жол; 
• 
жүйелік  мәзір  белгісі  –  терезе  өлшемдерін  өзгерту  жəне  орнын 
ауыстыру мəзірін ашатын құжат атауының жолындағы (сол жағында) белгі; 
• 
терезені  басқару  батырмалары  – уақытша  жабу, ашу,  толық жабу 
(Свернуть,  Развернуть/Свернуть,  Закрыть)  құжат  атауы  жолының  оң 
жағындағы орналасқан. 
• 
мәзір жолы – терезе атауының астында орналасқан командалар  тізімі; 
мəзірдің əр пунктіне оған бағынышты пункттер тобы сəйкес келеді. 
• 
құралдар  панелі  –  жиі  қолданылатын  командаларды  қолдануға 
арналған батырмалар жиыны. 
• 
жұмыс аймағы – терезенің ішкі жағы; 
• 
айналдыру жолағы – терезе мазмұны бойынша ауысу үшін, жүгірткісі 
бар  жолақ, оның өлешемі терезе өлшемінен үлкен. 
• 
қалып  күй  қатары  –  терезенің  астыңғы  жағындағы,  терезенің  ішкі 
мазмұнының  жайы  туралы  жəне  кейбір  басқа  да,  мəліметтерді  көрсететін 
көлденең жолақ. 
Терезені  басқару  батырмалары.  Терезенің  жоғарғы  жағында  құжат 
атауының жолы орналасады. Оның сол жағында ашылған құжаттың немесе 
бағдарламаның аты көрсетіледі, ал оң жағында үш батырма орналасқан: 
—  Терезені  уақытша  жабу.  Егер  оған  курсорды  алып  келіп  жəне 
тышқанның сол жақ батырмасымен шертсе, онда терезе уақытша жабылады 
жəне жұмыс үстелінде оның атауы  ғана  қалады, яғни астына, тапсырмалар 
панеліне ауысады. 
 
—  Терезе  көлемін  үлкейту.  Бұл  жағдайда  бүкіл  экранда  осы     
 
бағдарламаның терезесі орналасады. 
 ––Терезені жабу – бұл батырмаға басқан кезде терезе жабылады. 
Терезелерді  тасымалдау  арқылы  орнын  ауыстырады.  Бұл  үшін  терезе 
атауына  тышқанмен  шертіп,  тышқанның  батырмасын  жібермей  көрсеткіні 
компьютер экранында жаңа орынға ауыстыру керек. 
Терезе өлшемдерін  өзгерту. Терезе өлшемін өзгерту үшін, оның шетін 
тышқанмен шертіп, шекарасын керек жаққа ауыстырыңыз. 
Терезе  енін  өзгерту  үшін  көрсеткіні  оның  оң  немесе  сол  жақ 
шекарасына  орнатыңыз.  Көрсеткі  көлденең  екі  жақты  бағдар  формасына 
өзгергенде, шекараны сол жаққа немесе оң жаққа жылжытыңыз. 
Терезе биіктігін  өзгерту үшін, көрсеткіні оның жоғарғы немесе төменгі 
шекарасына  орнатыңыз.  Көрсеткі  тік  екі  жақты  бағдар  формасына 
өзгергенде, шекараны жоғары немесе төмен сүйреңіз. 


92 
 
Бір  уақытта  терезенің  ені  мен  биіктігін  өзгерту  үшін    көрсеткіні 
терезенің  кез  келген  бұрышына  бағыттаңыз.  Көрсеткіні  диагональды  екі 
жақты  бағдар  формасына  өзгергенде,  шекараны  кез  келген  бағытқа 
тартыңыз. 
Ескерту:  ашылып  (толық  экран  режимінде)  тұрған  терезе  өлшемдерін 
өзгертуге болмайды. 
Терезе  арасында  алмасу.  Бірнеше  терезелермен  жұмыс  кезінде,  басқа 
терезеге  ауысудың  ең  оңай  түрі  –  терезенің  көрініп  тұрған  бөлігіне 
тышқанмен  шерту.  Егер,  терезе  толық  экранда  ашылса,  онда  ауысу  келесі 
тəсілдердің  бірімен  жүзеге  асырылады:  тапсырмалар  панеліндегі  терезе 
атына  тышқанның  батырмасымен  шерту  немесе  [Alt]  +  [Tab]  пернелер 
комбинациясын  басу  арқылы  (жүктелген  бағдарламаның  белгілері  бар 
терезе  экран  ортасында  ашылады;  [Alt]  пернесін  жібермей,  [Tab]  пернесін 
басыңыз). 
Windows –тық анықтама терезесін ашу үшін, Бастау батырмасын басып 
Анықтама және қолдау командасын таңдау қажет. 
Құжаттар  терезесі.  Құжаттар  терезесі  құжаттармен  жұмысқа  арналған 
жəне  қосымша  терезесінің  ішіне  орналасқан  (терезе  ішіндегі  терезе). 
Құжаттар  терезесінің  негізгі  элементтерінің  қосымша  терезесінің 
элементтерінен айырмашылығы жоқ. Құжаттар терезесінде  əрдайым  құжат 
атауы болады, жиі айналдыру жолағы мен сызғыш орналасады. 
Айналдыру  жолақтары.  Терезеде  айналдыру  жолақтары  болуы  
мүмкін. Егер, құжаттың көлемі бір терезеге сиятын көлемінен артық болса, 
айналдыру  жолағы 
қолданылады.  Айналдыру  жолақтары  терезе 
шекарасының  төменгі  жағында  (көлденең)  жəне  терезе  шекарасының  оң 
жағында  (тік)  орналасады.  Кейде  тек  бір  жолақ  болады:  тік  немесе 
көлденең.  Егер  файлдың  ішкі  мазмұны  терезеде  толық  көрсетілмесе, 
айналдыру  сызғышының  жүгіртпесін  сүйретіңіз  немесе  ақпаратты  
жоғарыға, төменге немесе  оң жəне сол жаққа жылжыту  үшін, терезенің оң 
жағының  төменгі  бөлігіндегі  айналдыру  жолақтарының  батырмаларын 
басыңыз. 
Сұхбат  терезе.  Сұхбаттық  терезе  немесе  сұхбат  терезесі  команда 
енгізгенде  экранда  пайда  болады,  оны  орындау  қосымша  мəліметтерді 
енгізуді талап етеді. 
Сұхбат  терезесінің  мысалы  ретінде  күн  мен  уақытты  өзгерту  терезесі 
бола алады (5.5 – суретті қараңыз). Сұхбат терезелерінің көбінде өзгертулер 
енгізуге болытын қосымша терезелері (беттер) бар. 
Сұхбаттық терезеде құжат аты көрсетілген жолы бар, кейде мəзір жолы, 
батырмалар,  айналдыру  жолақтары  жəне  кейбір  арнайы  элементтері 
болады.  Оларда  келесі  басқару  элементтері  қолданылады:  енгізу  өрістері, 
санауыш,  командалық  батырмалар,  тізімдер,  таңдау  батырмалары, 
айналдыру жолақтары,  қосқыштар. 
Сұхбат терезелерін экран бойынша сүйреп отыруға болады, бірақ оның 
өлшемін өзгертуге болмайды. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау