Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет108/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   116

320 
 

батырмасы кесіндінің шеттерінде бағдарларды таңдау үшін, панель 
ашады. Бағдарлар тек сызықтарға ғана қойылатынын ұмытпаңыз. 
  
–  батырмалары  суретте  қолданылатын,  түсті  жəне 
оюды   таңдауға   арналған.   Бұл   элементтердегі       батырма, түстер 
жиынтығы бар  көмекші панельді ашады. 
Обьектінің   ішкі   аумағының   бояуын   баптау  үшін,   
   басқару 
элементінің батырмасын   басыңыз. Қасында Word – та символдар мен 
бояуды  таңдауға  арналған,  сізге  таныс,  түстер  жиынтығымен  көмекші 
панель пайда болады. 
Егер,  сіз  палитрадан  түсті  қолданғыңыз  келмесе,  өзіңізге  қажетті 
реңкті  баптауын  орнатқыңыз  келсе,  онда  Басқа  түстер  батырмасын 
басып,  көп  реңктері  бар  басқа  палитра  ұсынылатын  түстерді  баптау 
терезесі  пайда  болады.  Толық  спектрден  кез  келген  түсті  таңдауға 
немесе түстер моделінің бірінен оның құрамдастарын беруге болады. 
Word  –  қа  енгізілген  графикалық  редакторы  бір  түспен  біртекті 
бояуды ғана емес, біршама күрделі бояуларды беруге мүмкіндік береді. 
Бояуды  баптау  үшін  көмекші  мəзірден  Бояу  тәсілдер  батырмасына 
шертіңіз,  бірнеше  жарлықтары  бар  Бояу  құю  терезесі  пайда  болады: 
Градиентті, Текстура, Ою, Сурет (13.9.-сурет). 
Градиент  деп  бір  түстен  басқасына  бірте  –  бірте  өтуін  айтады. 
Градиентті  бояу  өте  əдемі  көрінеді.  Түстер  қосқышында  градиенттегі 
түстер  саны  орнатылады.  Нұсқаны  таңдағаннан  кейін  тізімдер  пайда 
болады,  олардың  көмегімен  сіз  нақты  қолданылатын  түстерді  бересіз. 
Штрихтер  типі  қосқышында  бір  түстен  екіншісіне  өту  нұсқасы 
таңдалады.   Нұсқалар    тобында   ұсынылған    төрт   нұсқаның  біреуін 
 
13.9.-сурет. Бояуды баптау Градиентті (а) жəне Текстура (б
 
 


321 
 
 
 
таңдауға болады. Градиенттің шамамен қалай қойылатыны Үлгі өрісінде 
көрінеді. 
Текстураны  қолданғанда  да  фигура  əдемі  боялады.  Текстуралар  ағаш, 
металл, тас жəне тағы басқа көптеген материалдардың бетіне еліктейді. 
Ою  ішкі  қосымша  терезесінде  екі  түсті  ою  баптауы  орнатылады.  
Сұхбат  терезесінің  төменгі  бөлігіндегі  тізімдерде,  екі  түс  таңдалады,  ал 
сұхбат терезесінің ортасындағы үлкен өріс ою нұсқасын таңдауға арналған. 
Сурет  ішкі  терезесі,  кез  келген  графикалық  файлдан,  суретті  таңдап  алуға 
жəне оны бояу ретінде қолдануға мүмкіндік береді. 
Сызықтардың  түсін  таңдау  үшін  Сурет  салу  құралдар  панеліндегі 
     батырмасы  қолданылады.  Бояу  құюдан  жалғыз  айырмашылығы 
Градиенттік,  Текстура  немесе  Контурдағы  сурет  бояуларын  қолдану 
мүмкін  еместігінде.  Алайда,  тек  біртекті  түс  немесе  ою  таңдап  алуға  
болады. 
Мəтін  енгізілетін  фигуралармен  жұмыс  істегенде,  мəтін  түсі   
 
батырмасының  көмегімен  анықталады.  Бөлек  символдар  үшін,  əр  түрлі 
түстер орнатуға болады, бірақ, ол үшін түсті анықтаудың алдында, қажетті 
символдарды белгілеп алу керек. 
Кез келген графикалық обьектіге тышқанмен екі рет шерте отырып, сіз 
суреттің  форматын  баптау  терезесін  ашасыз.  Бұл  терезе    суретті  
форматтауға арналған. 
Графикалық обьектілердің үстінен жасалатын пайдалы операциялар 
Сурет Салу құралдар панелінен Сурет салу батырмасын басу арқылы 
шақырылатын көмекші мəзірдің командаларымен орындалады (алдыңғы 
нұсқаларда бұл батырма Іс – әрекеттер деп аталды). Бірнеше обьектілерді 
біріктіру   үшін,  бірнеше  обьектілерді    Обьектілерді  таңдау 
батырмасымен таңдап, Сурет салу/Топтау көмекші мəзірінің командасын 
қолдану керек. Белгіленген обьектілер топқа біріктіріледі де, олармен бір 
обьект ретінде жұмыс істеуге болады. Ажырату командасының көмегімен 
обьектілерді ажыратуға болады. Ажыратылғаннан кейін, бөлек обьектілерді 
өзгертуге болады. Обьектілерді белгілемей – ақ, Қайта топтау көмекші 
мəзірінің  командасын  таңдау    арқылы  обьектілерді  қайтадан  топқа 
біріктіруге болдаы. 
Обьектілерді  бір  сызықтың  бойымен  əдемі  орналастыру  үшін,  оларды 
белгілеп алу керек жəне Түзету/Бөлу мəзірінің командаларын таңдау керек. 
Обьектілердің  өзара  орналасу  баптауының  мəзірі  ашылады.  Бұл  мəзірдің 
командалары  обьектілерді  көлденең  жəне  тік  түзеуге,  оларды  біркелкі 
бөлуге  мүмкіндік  береді.  Графикалық  обьектілер  жоғары  немесе  төмен 
орналасса, бір – бірін жартылай жауап тұруы мүмкін. 
Сонымен  қатар,  обьектілер  құжаттың  негізгі  мəтінің  үстінде  немесе 
оның астында орналаса алады. 
Обьектілердің  орналасу  тəртібін  таңдау  үшін,  Реті  командасының 
көмегімен шақырылатын мəзірдің командаларын қолдану керек. 
Бұру/Көрсету  мəзірінің  командасы  əр  түрлі  бұрыштарға  бұру  жəне 


322 
 
белгіленген обьектілердің айнадан бейнелеу командаларымен көмекші 
мəзірін ашады. 
Word  енгізілген  графикалық  редакторы  басқа  да    бірқатар 
операцияларды орындауға мүмкіндік береді. 
 
13.3. 
Paint растрлық редакторы 
 
Ең  қарапайым  растрлық  графикалық  редакторлардың  бірі  -  Paint 
редакторы  болып  табылады.  Бұл  қарапайым  редактор  суреттерді  құруға 
жəне  редактрлеуге,  сонымен  қатар,  оларды  бірнеше  BMP,  JPEG,  GIF.  
сияқты танымал форматтарда сақтауға  мүмкіндік береді. 
Paint 
бағдарламасын 
  жүктеу 
Бастау/Барлық 
бағдарламалар/Стандартты/Paint 
командаларымен   
ашылады. 
Редактордың терезесі Windows-қосымшасы үшін, стандартты интерфейске 
ие болады (13.10-сурет) 
Paint графикалық редактордың мəзірінің пунктерін қарастырайық: 
• 
Файл  –  жаңа  графикалық  файл  құруға  немесе  бар  файлды  ашуға, 
дайын  графикалық  файлды  сақтауға,  басып  шығаруға  сурет  дайындауға 
жəне оны қағазға басып шығаруға, бағдарламадан шығуға мүмкіндік береді; 
• 
Түзету  –  файл  элементтерімен  жұмыс  барысында  белгілеу,  көшіру, 
кесіп алу, қою жəне табу сияқты стандартты операциялардан тұрады; 
• 
Көрініс – құралдар панелін, түстердің палитрасын жəне ақпарат беру 
жолын  жасыруға  немесе  көрсетуге,  суреттің  масштабын  өзгертуге  
мүмкіндік береді; 
• 
Сурет – суретпен жəне оның бөлігімен манипуляция жасайтын негізгі 
операциялардан тұрады (бұрулар, симметриялық көрініс, ұлғайту жəне т.б.); 
• 
Палитра – түстерді баптаудың стандартты кестесі бойынша 
түстердің палитрасын өзгертуге мүмкіндік береді; 
• 
Анықтама – Paint басғдарламасымен жұмыс бойынша анықтаманы 
шақырады. 
Құралдар панелі сурет салуға немесе бейнені түзетуге арналған. Егер ол 
экранда  болмаса,  оны  Көрініс/Құралдар  жиынтығы  командаларымен 
экранға шақырып алуға болады. 
Құралдар  панелі  сурет  салуға  (қарындаш,  қылқалам,  бүріккіш,  бояу 
құю), аймақтарды белгілеуге жəне өшіруге, мəтіндермен жұмысқа арналған 
(өшіргіш,  оның  өлшемін  өзгертуге  болады)  құралдардың  жиынтығынан 
тұрады, сонымен қатар, стандартты графикалық элементтер жиынтығы бар 
(сызық, тікбұрыш, эллипс). 
Төменде  орналасқан  түстер  палитрасы  түстің  фонын  (ұсынылған 
түстерден тышқанның оң жақ батырмасымен таңдалады) жəне суреттің түсі 
немесе бояу құюдың түсін (тышқанның сол жақ батырмасымен таңдалады) 
беруге  мүмкіндік  береді.  Егер,  түстер  палитрасы  экранда  болмаса,  оны 
Көрініс/Палитра командаларымен шақырып алуға болады. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау