Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 4,15 Mb.
Pdf просмотр
бет43/50
Дата15.11.2018
өлшемі4,15 Mb.
#20297
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50

142 
 
Сұрау  салуды  орындаған  кезде  ақпаратты  іріктеу  шартын  қоюға  жол 
беріледі.    Шарттарды  жасау  үшін  қатынас    операцияларының  шартты 
белгілері    пайдаланылады  <(кем),  >(артық),  <  =  (кем  немесе  тең),  >  = 
(артық немесе тең), <>(тең емес), = (тең). Байлам ретінде сұрау салуларда  
«,» 
(ЖӘНЕ 
байламы), 
«;» 
(НЕМЕСЕ 
байламы) 
символдары 
пайдаланылады. 
Мысалы: 
? Жеткізілді(Жеткізуші,Саны),Саны<100. 
Нəтижесінде бірінші  екі жеткізуші туралы ақпарат шығарылады.    
Мəндік сала туралы «білім» алу үшін тек фактілерді тіркеу жеткіліксіз 
болады, фактілерді ӛңдеу қағидаларын тіркеу талап етіледі.   
  ПРОЛОГ  тілінде  қағидалар  предикаттарды  «:-»  (ЕГЕР)  байламы 
арқылы біріктіру жолымен құрылады: 
Предикат1(<дәлелдер>):- Предикат2(<дәлелдер>). 
Қағида нүктемен аяқталады. Қисынды шығару процессоры   қағиданың 
оң  жағын    өңдуді  орындайды,  егер  өңдеу  «ШЫНДЫҚ»  нəтижесін  берсе, 
қағиданың ол жағын өңдеу орындалады. Сол жақ бөлігі басты, ал оң жағы 
– артқы деп аталады   
Мысалы,  бөлімдердің  түрлі  басшыларға  бағыныштылығы  туралы 
ақпарат бар   (3.2 кесте). 
  «Өткізу»  жəне  «Маркетинг»  бөлімдерін  бір  тұлға  басқарады.  Осы 
фактті тіркеу үшін предикаттар мен қағидаларды енгізу қажет:
 
Басқарады("Иванов И.С",  "қойма"). 
Басқарады ("Петров О.И", "өткізу"). 
Басқарады (Тұлға, "маркетинг"):- 
Басқарады (Тұлға, "Өткізу"). 
Сұрау салу орындалғаннан кейін: 
Басқарады (Тұлға,Бөлім) 
 
3.2 кесте 
Басшылар 
Басшы  
бөлім 
Иванов И. С. 
Қойма 
Петров О. И. 
Өткізу 
Петров О. И. 
Маркетинг 


143 
 
мынадай нəтижелер алынады: 
Тұлға = Иванов И. С. 
Бөлім  = қойма. 
Тұлға = Петров О. И. 
Бөлім  = өткізу. 
Тұлға = Петров О. И. 
Бөлім  = маркетинг
.
 
Қосымшаларда  VisualProlog5.x    ақпараттық  жүйелерді  құру  негіздері 
туралы мəліметтер келтіріледі.   
Объектілік бағдарланған ақпараттық жүйелер   
Сыныптарды 
жəне 
олар 
арасындағы 
байланыстарды 
белгілеу 
технологиясын пайдалана отырып, мəндік саланың ең толық сипаттамасын 
алуға  болады.  Объектілік  –бағдарланған  тəсілдеме  постреляциялық 
ақпараттық жүйе ұғымымен тығыз байланысты.   
Постреляциялық    ақпараттық  жүйелерде  негізгі  ерекшелігі  кестелер 
құрылымында атомарлық емес атрибуттарды пайдалану мүмкіндігі болып 
табылады.      Кестенің  алаңы        —  атрибут  құрамдас  типті  болуы  мүмкін.   
Бұл  деректер  типтер  С++,  Jаvа,  Objесt  Pаsсаl  сияқты  бағдарламалау 
тілдерінде  кең  таралған.    Құрамдас  типтің  деректері  белгілі  бір  типтің 
алаңдарынан  тұратын  құрылымдар  ретінде  түсіндіріледі.    Бағдарламалық 
қамсыздандыруды  əзірлеудің  объектілік  парадигмасына  бағдарланған 
тілдерде құрылым ұғымының ары қарай дамуы тип-сынып болып табылды   
Сыныпты  мəндік  саладан  бөліп  шығару  жəне  оны  құрудың  негізгі 
қағидаты    — инкапсуляция, ол атрибуттар мен операцияларды сыныпқа 
біріктіруді  көздейді.      Операциялар  атрибуттерге  қызмет  көрсетедіп,   
атрибут  мағынасын  түзету,  атрибут  мағынасын  шығару,  атрибутке 
жазылған  деректермен  белгілі  бір  əрекеттерді  жасау  сияқты  базалық 
операцияларды белгілейді.   
Сыныпты  пайдалану,  яғни  оның  атрибуттары  мен  операцияларына 
жүгіну дананы алуды талап етеді. 
Мысалы, «тұлға» сыныбы Jаvа тілінде құрылған: 
с1аss Person { 
ргivate String bdаy; //Туған күні  
рrivаtе String name; //Тегі аты әкесінің аты  
ргivate String аdress; //Тіркелген мекенжайы  
//Сынып атрибуттерін өзгерту  
public vоid setData. (String bd, String n, 
String аdr){ 
bdаy = bd;nаmе = n; adress = аdr; 

//Атрибуттердің 
мағыналарын 
қарап 
шығурub1iс 
vоid 
gеtDаtа(){ 
Systеm.оut.ргintIn 
("Person:\n"+bdаy+""+name+"
 
"+аdгеs);}} 


144 
 
Осы  сыныпта  адамның  туған  күні,  тегі,  аты,  əкесінің  аты    жəне 
тұрғылықты  мекенжайы  туралы  ақпаратты  сақтауға  арналған  үш  жабық 
атрибут  белгіленген.    Атрибуттерге  қызмет  көрсету  үшін  сыныптың  екі 
ашық  операциясы бар: 
1) 
setData
— «Тұлға» сыныбының данасына деректерді беру; 
2) 
getData
— «Тұлға» сыныбы  данасының деректерін шығару. 
Сыныптың данасын құру жəне деректерді енгізу үшін операторлардың 
реттілігін пайдалану қажет: 
Person р = new Person(); 
р.setData("12.01.08"," ИвановИ .П
 
"123890MocKBa Приoрoв көш.1-7-80") ; 
Тұлға туралы деректерді алу   əдісті шақыртуды талап етеді: 
р.getData(); 
постреляциялық  жүйелерде  құрылым  болып  табылатын  кестелердің 
атрибуттары да, сондай-ақ жекелеген объектілер де пайдаланылуы мүмкін  
соңғы  жағдайда  деректерді  өңдеудің  объектілік-  бағдарланғанжүйелер 
(ОБЖ) туралы айтуға болады.  
ОБЖ əзірлеу белгіленген стандарттар негізінде жүргізіледі. Осылайша,  
ODMG  (Оbject;  Dаtаbаsе  Mаnаgеmеnt  Group)  ұйымы—  стандарттарды 
əзірлеу үшін объектілік деректер қорларын өндірушілер консорциумыжəне 
OMG  (Oреn  Mаnаgеmеnt  Group)  ұйымы—  компонентаралық  өзара  іс-
қимыл стандарттарын əзірлеу үшін объектілік технологиялар саласындағы 
өнім  жеткізушілер  консорциумы  бұдан  əрі    аталған    технологиялық 
шешімдерді ұсынады. 
ODL(Оbject  Pefinition  Lаnguаgе)объектілерді  анықтау  тілі.  Осы 
тілқолданыстағы IDL (Interface Definition Lаnguаgе) тілі— интерфейстерді 
сипаттау  тілі негізінде əзірленген.  
ODLмынадай құралдарды қамтиды: 
 
 объектілердің жинақтамасын анықтау; 
 
Реляциялық 
модельден 
алынған 
объектілер 
арасындағы 
байланыстарды анықтау; 
 
Негізгі атрибуттарды анықтау. 
OQL(Оbject ManipulationLаnguаgе)сұрау салулар тілі. ОБЖ үшін сұрау 
салулар  тілі  негізіне  SQL—92  стандарты  салынған.    Бұл  тіл  деректер 
қорының реляциялық кестелерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.    
Сұрау  салу  тілдеріне  объектілік  парадигмаға  сай  келетін  жаңа 
ерекшеліктер енгізілген: 
 
сұрау  салуды  нақты  объектіге  немесе  объектілер  жинақтамасына 
адрестеу; 
 
сұрау салу көмегімен объектілердің əдістеріне жүгіну; 
 
сұрау  салу  нəтижесінде  кестелерден  жекелеген  жазбаларды  немесе 
объектілерді немесе олардың жинақтамаларын алу. 


жүктеу 4,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау