Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 4,15 Mb.
Pdf просмотр
бет15/50
Дата15.11.2018
өлшемі4,15 Mb.
#20297
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50

44 
 
• 
үдерісті дайындау; 
• 
проблемалар мен өзгерістерді талдау; 
• 
өзгерістерді енгізу; 
• 
сүйемелдеумен тексеру жəне қабылдау
• 
пайдаланудан шығару. 
Ақпараттық  жүйенің  өмір  циклінің  негізгі  үдерістерінен  басқа  
ISO12207 стандарты қосалқы үдерістер жинағын белгілейді: 
• 
құжаттау; 
• 
конфигурацияны басқару; 
• 
сапаны қамтамасыз ету; 
• 
тексеру; 
• 
аттестаттау; 
• 
бірлесіп талдау; 
• 
аудит; 
• 
проблемаларды шеші. 
Ары қарай кейбір үдерістердің сипаттамасы келтіріледі.   
Конфигурацияны    басқару  барысында:  үдерісті  дайындауды, 
конфигурацияны 
анықтауды, 
конфигурацияны 
бақылауды, 
конфигурацияның  жай-күйін  есепке  алуды,  конфигурацияны 
бағалауды, шығаруды басқаруды жəне жеткізуді жүзеге асырады. 
Тексеру    жүйенің  құрамындағы  бағдарламалық  өнімдер  алдынғы 
жұмыстарда  іске  асырылған  талаптарға  немесе  шарттарға  толық 
сəйкес  жұмыс  істейтінін  анықтайтын  үдеріс  болып  табылады.    Осы 
үдеріс  жүйені  талдауды,  тексеруді    жəне  сынауды  қамтуы  мүмкін, 
орындаушылардың  түрлі  дəрежедегі  тəуелсіздігімен  орындалады.  
Егер  орындаушы-ұйым  жеткізушіге,  əзірлеушіге,  операторға  немесе 
сүйемелдеу  персоналына  тəуелсіз  болса,  тексеру    тәуелсіз  деп 
аталады.   
Аттестаттау 
үдерісі 
құрамында 
мынадай 
элементтер 
белгіленеді:    аттестаттауға  жататын  объектілер;  аттестаттау  кезінде 
шешілетін  міндеттер;  аттестаттауды  өткізген  кездегі  ресурстар, 
міндеттер  жəне  график;  аттестаттау  туралы  есептерді  тапсырыс 
берушіге жəне басқа тараптарға беру рəсімдері. 
Бірлесіп  талдау  үдерісі  жоба  жөніндегі  жұмыстардың  жағдайын 
жəне,  мүмкіндігінше,  нəтижелерін  бағалау  үшін  пайдаланылады.  
Бірлесіп  талдаулар  жобаны  басқару  деңгейінде  ед,  жобаны 
техникалық  іске  асыру  деңгейінде  де  қолданылады  жəне  шарттың 
барлық өмір циклі  ішінде жүргізіледі.   
Аудит шартқа қатысатын кез келген екі тараппен орындалады, бұл 
ретте бір тарап – тексеруші  екінші – тексерілетін тарапты тексереді. 
Аудиторлық тексерістер: 
• 
əзірленген  жүйенің  бағдарламалық  қамсыздандырунда  жобалық 
құжаттаманы көрсету үшін; 


45 
 
• 
құжаттамада  белгіленген  қабылдауға  дайындау  жəне  тестілеуге 
қойылатын  талаптар  жүйенің  бағдарламалық  қамсыздандыруын 
қабылдауға жарамды болуы үшін; 
• 
тестілеу  деректері  белгіленген  техникалық  талаптарға  сəйкес 
болуы үшін; 
• 
бағдарламалық  қамсыздандыру  табысты  тестіленуі  жəне  оған 
қойылатын талаптарға сай болуы үшін; 
• 
сынақтар  туралы  есептер  дұрыс  болуы  жəне  нақты  жəне 
күтілетін нəтижелер арасындағы қайшылықтар жойылуы үшін; 
• 
пайдаланушының  құжаттамасы  белгіленген  стандарттарға 
сəйкес болуы үшін; 
• 
жұмыстар  бекітілген  талаптарға,  жоспарларға  жəне  шартқа 
сəйкес орындалуы үшін; 
• 
жұмыстарды жүргізу құны мен кестелері бекітілген жоспарларға 
сай болуы   үшін жүргізіледі. 
Проблемаларды шешу үдерісі  ақпараттық жүйені құру үдерісінде 
туындайтын қайшылықтарды жою үшін пайдаланылады.   
  Стандартта  осы үдерістің мынадай ерекшеліктері келтірілген: 
а)  үдеріс  циклді    тұйық,  шарттың  талаптарына  сəйкес  барлық 
анықталған  проблемаларды  уақтылы  құжаттауды  жəне  шешу 
үдерісіне  енгізуді;  олармен  жұмысты  ұйымдастыруды;    осы 
проблемалар 
туралы 
мүдделі 
тұлғаларды 
тиісті 
түрде 
хабарландыруды;  олардың туындау себептерін анықтауды, талдауды 
жəне ықтимал жоюды; осы проблемаларды шешуді іске асыруды жəне 
тиісті объектілерге енгізуді; проблемалардың жағдайын есепке алуды 
жəне 
оларды 
құжаттауды; 
проблемалар 
туралы 
есептерді 
сүйемелдеуді   қамтамасыз ететін болуы тиіс
б)  үдеріс  проблемаларды  сыныптау  жəне  басымдықтарын 
белгілеу схемасын қамтуы тиіс
в)  проблемалар  туралы  есептерде  олардың  туындау  себептерін 
талдау келтерілген болуы тиіс; 
г)  іске асырылған проблемалардың шешімдері жəне оларды тиісті 
объектілерге енгізу бағалануы тиіс. 
Өмір  циклінің  құрамындағы  келесі  топ    —  ұйымдастыру 
үдерістері.Оларға  басқару,  инфрақұрылымды  құру,  жетілдіру  жəне 
оқыту жатады.   
Басқару  үдерісі  тиісті  үдерісті  басқаратын  кез  келген  тараппен 
пайдаланыла  алатын  жалпы  жұмыстар  мен  міндеттерден  тұрады. 
Әкімші  тиісті  үдерістің  өнімін,  жобсын,  жұмыстары  мен  міндеттерін 
басқару  үшін  жауапты.  Бұл  ретте  жүйеге  тапсырыс  беру,  жеткізу, 
əзірлеу,  пайдалану,  сүйемелдеу  сияқты  үдерістер    есепке  алынады. 
Осы топқа қосалқы үдерістерді де енгізуге болады.   
Басқару  үдерісінде:  басқару  саласын  дайындау  жəне  белгілеу; 


46 
 
жопсарла, орындау жəне бақылау; тексеру жəне бағалау; жұмыстарды 
анықтау. 
Ифрақұрылымды  құру  үдерісі  басқа  үдерісті  іске  асыру  үшін 
қажетті  ортаны  қалыптастыру  үшін  пайдаланылады.  Бұл  ретте 
инфрақұрылым  деп  техникалық  жəне  бағдарламалық  құралдарды, 
аспаптық  құралдарды,  жəне  жүйені  əзірлеу,  пайдалану  немесе 
сүйемелдеу  əдістемелерді,  стандартарды    жəне  шарттарды  қамтитын 
объекті түсініледі.  
Инфрақұрылымды  құру  үдерісі  барысында  мынадай  жұмыстар 
орындалады:  үдерісті  дайындау,  инфрақұрылымды  құру  жəне 
сүйемелдеу. 
Жетілдіру  үдерісі      жүйенің  өмір  циклінің  кез  келген  үдерісін 
бағалауға,  бақылауға  жəне  жақсартуға  арналған.  Бұл  ретте  үдерісті 
құру, бағалау жəне жетілдіру үдерісін жүзеге асырады.    
Оқыту үдерісі  тапсырыс берушінің персоналын құрылған жүйені 
пайдалануға  жəне  оған  қызмет  көрсетуге  оқыту      үшін 
пайдаланылады.  Өз  кезегінде  əзірлеушінің  персоналы  жаңа  жүйені 
құруға  дайын  болуы  тиіс.  Бұл  ретте  жаңа  бағдарламалық  жəне 
аппараттық  құралдарды  пайдалану  технологиясын  зерделеу  қажет. 
Осы  үдерістің  құрамында  мынадай  жұмыстар  белгіленеді:    үдерісті 
дайындау, оқу материалдарын əзірлеу, оқу жоспарларын іске асыру. 
ISO  15504  стандарты.    Бұл  стандарт  бағдарамалық  құралдардың 
өмір циклінің үдерістерін аттестаттауды бағалау əдістемесін қамтиды 
жəне  ISO  12207  стандартында  белгіленген  жүйелердің  өмір  циклінің 
кезеңдері іске асыру үдерістерін регламенттейді.   
ISO  15504  стандартында  ұйымдық  үдерістер  құрамы  өзгертілген, 
ақпараттық 
жүйелер 
 
үшін 
құрылатын 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың  өмір  циклінің  стандартталған  үдерістеріндегі 
жұмыстарды талдап тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл стандартта 
«күрделі»  жəне  «үлкен»  ақпараттық  жүйелер  үшін  əзірленетін 
бағдарламалық  қамсыздандыру  сапасын  қамтамасыз  ету  əдістемесі 
ұсыныалды.  Осы  əдістеменің  шартты  белгісі  бар                    —  СММ 
(Cараbility Mаturitу Mоdеl) — қолданылатын технологиялық үдерістер 
кешенінің кемелділік бағалау жүйесі жəне моделі. 
СММ 
моделі 
ақпараттық 
жүйелер 
мен 
бағдарламалық 
құралдардың  өмір  циклін  қолдау  технологиялары  кемелділігінің  
жобалық  шешімдердің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  белгілейтін  бес 
деңгейін нысандандыруға жəне пайдалануға негізделген   (2.6-кесте). 


жүктеу 4,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау