Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 4,15 Mb.
Pdf просмотр
бет10/50
Дата15.11.2018
өлшемі4,15 Mb.
#20297
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50

28 
 
жəне  ешқандай  қосымша  бағдарламалық  қамсыздандыру  талап 
етілмейді.   
Дискілік  файлдарды  пайдаланатын  жүйелерде  деректерді 
сақтаудың  базалық  технологиясы  ретінде  деректерге  тікелей  қол 
жеткізу  технологиясын  таңдайды.  Бұл  ретте  файлдардағы  деректер 
оларды жазба ретінде қарастыруға болатын ұзындығы тиянақталған 
байттар блоктары болып табылады  (1.8 сур.). 
Құжаттық  ақпараттық  жүйелерді  құрған  кезде  ASCII  немесе  ANSI 
кодтарының реттілігі  болып есептелетін,  арнайы басқарушы  кодтар 
арқылы  жолдарға  ұйымдастырылған мəтіндік  файлдар  пайда болуы 
мүмкін. 
 
1.8.  сурет.  Екілік  файлдың 
құрылымы.  Деректер  блогына 
өту 
үшін 
сілтегіш 
пайдаланылады  
1.9.  сурет. Мəтіндік файлдың 
жалпы құрылымы: 
Х  —  символдардың  коды;  LF 
—  жолды  қалдырып  кетудің 
басқарушы  коды;  CR  — 
жолдың 
басына 
көшудің 
басқарушы  коды;  EOF  — 
файлдың  соңын  тіркеу  үшін 
басқарушы код   
 
Мəтіндік    файлдар,  сондай-ақ,    есептік  нысандарды  сақтау  
сақтау үшін де қолданылады (1.9 сур.). 
Ақпараттық  жүйенің  параметрлік  синтезі  жұмыс  үшін  маңызды 
көрсеткіштер  жиынтығын  таңдау  жолымен  жүргізіледі.    Синтездің 
міндеті  көбінесе  осы  көрсеткіштердің  мағыналарын  мынадай 
формула бойынша барынша азайтуда тұрады 
P{
 
 
     
 
       
 
 
}
 min, онда р
п
 — нақты көрсеткіш. 
Кейбір  жағдайларда  осындай  көрсеткіш  ретінде  максималды 
немесе  минималды  мағынасына  ие  болуы  тиіс  бір  көрсеткішті 
таңдайды.    Мысалы,  пайдаланушылар  тарапынан  деректерге  қол 
жеткізу уақытының  ең аз мөлшері.  
 
 
 


29 
 
Бақылау сұрақтары 
1. 
Жүйе дегені не? 
2. 
Басқару үдерісі тұрғысынан қандай жүйе типтері бар? 
3. 
Жүйенің құрылымы дегенін қалай түсінуге болады? 
4. 
Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезінің мəні неде? 
5. 
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе дегені не? 
6. 
Автоматтандырылған    басқару  жүйелерінің  қандай  типтері 
бар? 
7. 
ААЖ  мен  АБЖ  арасындағы  айырмашылық  неде?  ААЖ 
мысалдарын келтіріңіз. 
8. 
Жүйелерде  ақпаратты      сандық  бағалаудың  қандаы  əдістері 
бар? 
9. 
Фактографиялық  жəне  құжаттық  ақпараттық  жүйелер 
арасындағы айырмашылық  неде? 
10. 
Қандай    көрсеткіштер  құжаттық  ақпараттық  жүйелердің 
жұмысын бағалауға мүмкіндік береді? 
11. 
Ақпараттық  жүйелер  жұмысының  сапасын  сандық  бағалау 
үшін қандай əдістер қолданылады? 


30 
2 - т а р а у  
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН 
АҚПАРАТТЫҚ 
ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІ    
2.1. 
Ақпараттық  жүйенің  жалпылама  моделі  және  жобалау 
әдістері 
Ақпараттық  жүйенің  жалпылама  моделі  деректерді  өңдеу 
технологиясын  жəне  ақпараттық  үдеріс  ұғымын    ескере  отырып 
құрылуы мүмкін.   
Деректерді  ӛңдеу  технологиясы  тұрғысынан  ақпараттық  жүйенің 
жалпылама  схемасы  (2.1  сур.)  мынадай  құрастырушыларды  бөліп 
шығаруды көздейді: 

ақпарат көзі;

ақпаратты алушылар;
2.1. 
сурет. 
Ақпараттық 
жүйенің 
моделі 


31 

есептеуіш кешен (ЭЕМ);

деректер қоры;

деректерді берудің ақпараттық ортасы.
Ақпарат  көздері  жəне  ақпараттық  алушылар  өз  кезегінде
жергілікті  жəне  қашықтағыларға  бөлінеді.    Жергілікті  жəне 
қашықтағы  ақпарат  көздерінің  жəне  ақпаратты  алушылардың  болуы 
жаһандық  жəне  жергілікті  ЭЕМ  желісі  түрінде  іске  асырылатын 
деректерді  беруге  арналған  коммуникациялық  орта  жүйесінің 
қатысуын талап етеді.   
Деректерді  өңдеу  технологиясы  талап  етілетін  нəтижелерді  алу 
үшін  белгілі  бір  бағдарламалық  жəне  аппараттық  құралдарды 
пайдалануды талап етеді. 
Ақпараттық  үдеріс  деректерді  өзгерту  жөніндегі  операциялар 
тобы  болып  табылады.    Деректерді  жалпы  өзгерткен  кезде  мынадай 
үдерістердің болуы қажет: 

ақпаратты қалыптастыру жəне дайындау;

ақпаратты беру;

деректерді мағыналы өңдеу (жаңа деректерді белгілеу үшін);

ақпаратты сақтау.
Осы  үдерістерді  орындау  үшін  жүйенің  нысаналы  мақсаты  жəне
есептеуіш, энергетикалық жəне адами ресурстары болуы тиіс. 
Қазіргі  ақпараттық  жүйелерді  əзірлеу  мынадай  парадигмалар 
негізінде  жүргізіледі:  мəндік  саланы  объектілік-бағдарланған  талдау; 
бағдарламалық  қамсыздандыруды  əзірлеудің  объектілік-бағдарланған 
технологиясы;  бағдарламалық  өнімдерді  əзірлеудің  визуалды 
технологиясы. 
Объектілік технология мəндік салада абстрактылы құрылымдарды 
—  сыныптарды  белгілеуді  көздейді,  олардың  құрамында  əзірлеуші 
атрибуттер  мен  оларды  өңдеуге  арналған  операцияларды  біріктіреді.  
Осындай 
технология 
негізінде 
құрылатын 
бағдарламалық 
қамсыздандыру осы сыныптардан даналарды алу жолымен құрылады.  
Бір  сыныптан  алынған  даналар  динақтамаға  біріктірілуі  мүмкін. 
Дананы алу операцияны іске асыру болып табылатын атрибуттер мен 
əдістердің  нақты  мағыналар  жинағы  бар  мəндік  саладан  нақты 
объектіні  құруға  мүмкіндік  береді.    Объектілер  арасындағы  өзара  іс-
қимыл тиісті əдістерді шақырту арқылы іске асырылады. Нақты əдісті 
шақырту 
белгілі 
бір 
оқиғаның 
туындауына 
байластырған.  
Нəтижесінде  əзрілеуші  объектілер  арасындағы  нақты  байланыстар 
жəне олардың өзара іс-қимыл ерекшелігі көрсетілген мəндік саланың 
моделін алады.    


жүктеу 4,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау